Электр өрісі. Біртекті және біртекті емес электр өрісі. Электр өрісінің кернеулігі. Физика, 10 сынып, сабақ жоспары.


 Сабақ жоспары

САБАҚ: 67

Мектеп: НЗМ Семей

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 10

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Электр өрісі. Біртекті және біртекті емес электр өрісі. Электр өрісінің кернеулігі.

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

Біртекті және біртекті емес электр өрісін сипаттау. Электр өрісінің күштік сипаттамасы кернеулік ұғымын түсіну.

Сабақтың мақсаттары

Оқушыларға нүктелік зарядтың айналасындағы электр өрісін көрсетуін және аттас зарядтар мен әр аттас екі зарядтар айналасындағы электр өрісін бейнелеуге тапсырма орындау, зарядтардың өзара әсерлесуін сипаттау.

Бағалау критерийлері

Зарядтардың өзара әсерлесуін түсінеді, сипаттай алады. Электр өрісінің күштік сипаттамасы ұғымын талдап, анықтама береді.

Тілдік мақсаттар

Тілдік мақсаттарыңызды белгілеңіз, соның ішінде қолданылатын сөздер мен сөз тіркестерге мысалдар келтіру: Оқушылар орындай алады:

Бір аттас зарядтар мен әр аттас зарядтар үшін күш сызықтарын (тақтада) және және өз сызбасын басқа оқушылармен талқылау (айту және тыңдау дағдылары)

Пән лексикасы және терминология: Электр өрісі. Теңәрекет ететін өріс

векторы.

Электрический заряд

Electrical charge

Элементарный заряд

Elementary charge

электризация

electrification

Положительный заряд/отрицательный заряд

positive charge/negative charge

Закон сохранения заряда

The law of conservation of charge

Закон Кулона

Coulomb’s law

Электрическое поле

electric field

Напряженность электрического поля

Intensity of electric field

Линии напряженности (силовые линии)

Line tension (power lines)

заряженный

Сharged

Точечный заряд

Point charge

Принцип суперпозиции (наложения)

Superposition principle

наблюдать

observe

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер;

Өріс ... болғанда қуатты болады. Өріс ... болғанда әлсіз болады. Тең әрекетететін өрістер… есептеледі. Электр өрісінің кернеулігі …білдіреді

Осыған дейін меңгерілген білім

Денелердің электрленуі. Зарядтың сақталу заңы. Кулон заңы. Суперпозиция принципіне әр қырлы есептер шығару.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

Жаңа сабақ

10 мин

5-ші слайдтағы тәжірибені эксперимен ретінде демонстрация жасау

Топпен жұмыс

10 мин

Оқушылардың материалды қалай меңгергендерін тексеру

8 мин

  • Ұйымдастыру, түгелдеу.
  • Сабақ мақсатын және оқыту мақсатын жариялау

Теориялық мәлімет.

Электр өрісіне енгізілген зарядталған денеге өріс тарапынан күш әрекет етеді. Осы күштің әрекетінен дене орын ауыстыра алады, яғни зарядтың орын ауыстыруы кезінде жұмыс атқарылады.

Қозғалмайтын электр зарядының электр өрісі электростатикалық өріс деп аталады.

Өрісті сиаттау үшін екі шама енгізілген: күштік сипаттама – кернеулік, энергетикалық сипаттама –потенциал.

Біз бүгін электр өрісінің күштік сипаттамасы кернеулік туралы мәліметтермен танысамыз. Сонымен қатар кернеуліктің потенциалдар айырмасымен (кернеумен) байланысына тоқталатын боламыз. Біртекті және біртекті емес электр өрісі жағдайындағы кернеулікті есептеуге есептер шығарамыз.

Денелердің өзара әрекеттесуін сипаттайтын тәжірибелер зарядталған дененің электр өрісі осы өрістегі басқа да зарядталған денелерге белгілі бір күшпен әрекет ететінін көрсетеді. Екі немесе одан да көп денелердің де бір-біріне өзара әрекеті болатыны аңғарылады. Бұдан зарядталған денелердің электрлік өзара әректтесуінің бар екені пайымдалады. Заряталған басқа денелерге (гильза, шар) электр өрісінің, мысалы, таяшалардың әрекет етуіне қарап, заряталған денеден әртүрлі қашықтықта оның электр өрісі бірдей болмайды деген қорытынды жасауға болады.

Зарядталған денелердің маңында электр өрісінің әрекеті күштірек, ал олардан алыстаған сайын әлсірейді. Зарядталған денеге әрекет ететін электр өрісінің шамасы туралы айту үшін өрістің сандық сипаттамасын енгізу қажет. Зарядталған денеге немес бөлшектерге өріс тарапынан әрекет ететін күштерді электрлік күш деп атаймыз.

Заряд бірлігіне әрекет ететін күшке тең F/Q қатынасы электр өрісінің күштік сипаттамасы болып табылады және осы нүктедегі электр өрісінің кернеулігі деп аталады.

Өріс кернеулігінің бағыты осы өрістегі оң зарядқа әрекет ететін күштің бағытымен бағыттас векторлық шама болып табылады. Кернеулік E арқылы белгіленеді:

E = F/Q

ХБЖ жүйесінде электр өрісі кернеулігінің бірлігіне 1Н/Кл алынған.

(D) Екі металл паластиналарды бір-біріне параллель орналастарайық. Осы пластиналарың біреуіне +q заряд, ал екіншісіне –q заряд берсек, онда пластиналардың арақашықтығы олардың сызықтық өлшемдерімен салыстырғанда аз болса, онда бұл өрістің кернеулік сызықтары параллель болып шығады. Пластиналар арасындағы өрістің күші және бағыты бойынша (біртекті) тұрақты болады және оның пластина шетінде бағытын өзгертіп әлсізденеді.

Әр нүктеде модулі мен бағыты бойынша кернеулігі тұрақты электр өрісін біртекті деп атайды. Біртекті электр өрісіндегі кернеулік сызықтары бір-біріне параллель. Электр өрісінің кернеулік сызықтары тұйықталған, үздіксіз және қиылыспайды. Пластиналар арасындағы кеңістіктің ортасындағы өрісті ғана біртекті деп атауға болады, себебі пластиналардың шетіне векторлары өрістің әртүрлі нүктелерінде бірдей болмайды. Өрістің әртүрлі нүктелеріндегі кернеулік сызықтарының тығыздығы әртүрлі болатын өрістерді біртекті емес өріс деп атайды. E = U/d

Формуладан көріп отырғанымыздай электр өрісі кернеулігінің мәні кернеуге тура пропорционал, ал арақашыққа кері пропорционал.

  • электр өрісінің кернеулігі-векторлық шама
  • Q заряд электр өрісін тудырады, ал ол осы өрістегі зарядқа күшпен әрекет етеді.
  • Күш сызықтары деген не?
  • Күш сызықтарының қасиеттері: Күш сызықтары үзіліссіз, олар ешқашан қиылыспайды.
  • Біртекті өріс деген не?

Оң және теріс заряд маңайындағы кернеулік сызықтарын салу

1). Өрісті графиктік түрде өрнектеңдер. Орындап болғаннан кейін дұрыс суретін слайд арқылы көрсету.

1-топ жауабы

2-топ жауабы

3-топ жауабы

 

1.Электр өрісі қалай пайда болады?

2. Электр өрісінің әсері бір денеден екінші денеге қалай беріледі?

3. Қандай электр өрісінің негізгі қасиеттерін білесіңдер?

4. Электр өрісінің кернеулігі деген не?

5. Нүктелік зарядтың өріс кернеулігінің формуласының физикалық мағынасы қандай?

6. Электр өрісінің берілген нүктедегі кернеулігінің бағыты туралы не айта аласыңдар? I. Оқушылардың өткен материалды қалай меңгергендерін тексеру

Сұрақтарға жауап беріңдер.

1) Электр өрісі

2) Электр өрісінің кернеулігі

3) Электр өрісі кернеулігінің формуласы, өлшем бірлігі

4) Кернеулік векторының бағыттары

ІІ. Сабақ мақсатын және оқыту мақсатын жариялау.

ІІІ. Қалыптастырушы бағалау

http://www.youtube.com/watch?v=bO91e0AaGGg&feature=related

дайындалған презентация слайдтары

http://www.youtube.com/watch?v=bO91e0AaGGg&feature=related

http://www.youtube.com/watch?v=A_NcMQA5RQc

http://www.youtube.com/watch?v=F1z5UaX96j8&feature=related

Өткен материалды қайталау 8 мин мин

Үйге тапсырма

1 мин

Электр өрісінің кернеулігінің бағытын анықтауға тапсырмалар беруге болады. Оқушы тапсырманы жеке

орындауы қажет

15-жаттығу № 2-7

Әдебиеттер:

Конграт Б.А., Кем В.И., Қойшыбаев Н. ФИЗИКА /Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытына арналған оқулық/ -Алматы:Мектеп, 2010

Сабақтың соңы

2 мин

 Кері байланыс

Мен не білдім?

Мен үшін бұл жаңалық болды

Бұл менің білгендеріме қарама қарсы болды

Бұл туралы көбірек білгім келеді

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.

Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.

Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз

Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе?

Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме?

Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма?

Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар?

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Сыныптағы оқушыларға топпен жұмыстың мақсаттары ұнады. Олар өте белсенді, қызыға жұмыс жасады. Бүгін оқушылар электр өрісінің кернеулігінің күш сызықтарын, оның бағыттарын меңгерді. Мен болашақ жоспарыма жекелей жұмысты ұйымдастыруды кіргізу қажет екенін түсіндім.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1: Оқушылар топпен жұмыста белсенділік танытты, ұйымдасып жұмыс жасады.

2: Кернеуліктің күш сызықтарына әртүрлі сызбалар қарастырылып, формуланың физикалық мағынасын аша білді.

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1: Жекелей жұмыс жасалса, оқушылардың сабақты меңгеруі артар еді

2: Сызбаларды сызуда оқушылар шапшаңырақ жұмыс істегендері тиімді болар еді

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым? Топпен жұмыс кезінде тақтамен де жұмыс жасалғаны дұрыс екендігіне көзім жетті.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу