Электр өрістерінің суперпозиция принципі. Физика, 10 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

САБАҚ: 68

Мектеп: НЗМ Семей

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 10

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Электр өрістерінің суперпозиция принципі.

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

10.4.1.2 –суперпозиция принципін электр өрісінің кернеулігін анықтауға қолдану

Сабақтың мақсаттары

Оқушыларға нүктелік зарядтың айналасындағы электр өрісін көрсетуін және аттас зарядтар мен әр аттас екі зарядтар айналасындағы электр өрісін бейнелеуге тапсырма орындау. Суперпозиция принципін электр өрісінің кернеулігін анықтауға қолдану

Бағалау критерийлері

Зарядтардың өзара әсерлесуін түсінеді, сипаттай алады. Электр өрісінің күштік сипаттамасы ұғымын талдап, анықтама береді. Суперпозиция принципін электр өрісінің кернеулігін әртүрлі жағдайда қолдана алады

Тілдік мақсаттар

Электрический заряд

Electrical charge

Элементарный заряд

Elementary charge

электризация

electrification

Положительный заряд/отрицательный заряд

positive charge/negative charge

Закон сохранения заряда

The law of conservation of charge

Закон Кулона

Coulomb’s law

Электрическое поле

electric field

Напряженность электрического поля

Intensity of electric field

Линии напряженности (силовые линии)

Line tension (power lines)

 заряженный

Сharged

 Точечный заряд

Point charge

 наблюдать

observe

Тілдік мақсаттарыңызды белгілеңіз, соның ішінде қолданылатын сөздер мен сөз тіркестерге мысалдар келтіру: Оқушылар орындай алады:

Бір аттас зарядтар мен әр аттас зарядтар үшін күш сызықтарын (тақтада) және және

өз сызбасын басқа оқушылармен талқылау (айту және тыңдау дағдылары)

Пән лексикасы және терминология: Суперпозиция. Электр өрісі. Теңәрекет ететін өріс векторы

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер; Өріс ... болғанда қуатты болады. Өріс ... болғанда әлсіз болады. Теңәрекет ететін өрістер… есептеледі. Суперпозиция принципі…білдіреді. Электр өрісінің кернеулігі …білдіреді

Осыған дейін меңгерілген білім

8 сынып. Денелердің электрленуі. Зарядтың сақталу заңы. Кулон заңы. Суперпозиция принципі

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер (төменде келтірілген жазбаларды жоспарланған әрекеттермен алмастырыңыз)

Дереккөздер

Сабақтың басы.

Жаңа тақырыпты меңгертуге дайындық

3-мин

12 мин

15 мин

10 мин

Ұйымдастыру, түгелдеу.

I. Оқушылардың өткен материалды қалай меңгергендерін тексеру

Сұрақтарға жауап беріңдер.

1) Электр өрісі

2) Электр өрісінің кернеулігі

3) Электр өрісі кернеулігінің формуласы, өлшем бірлігі

4) Кернеулік векторының бағыттары

ІІ. Сабақ мақсатын және оқыту мақсатын жариялау.

Электр өрісі кернеулігінің суперпозциясына презентация көрсете отырып, ондағы жаттығуларды орындату

Топтарға тапсырма. Кернеуліктің суперпозиция принципін ашу үшін әртүрлі тапсырмалар беру. Тапсырмалардың сызбаларын төмендегідей салып, қорытқы кернеуліктің есептеу формуласын шығарады

Мысалы, 4 топ өз жұмыстарын басқаларға көрсетіп, түсіндіреді

ЕСЕПТЕР ШЫҒАРУ

№1. Біртекті электр өрісіндегі кернеулігі 1,3 • 105 Н/Кл массасы 2 • 10- тамшысының зарядын анықтаңдар.

№2. Кернеулігі Е0=3 кН/Кл біртекті электр өрісінде q = 4•10-10 Кл заряд орналасқан. Нүктелік зарядтан қашықтықта орналасқан А нүктесіндегі электр өрісінің кернеулігін анықтаңдар. Зарядты және А нүктесін қосатын кесінді біртекті электр өрісінің күш сызықтарына перпендикуляр болып келеді.

ІІІ. Қалыптастырушы бағалау

http://www.youtube.com/watch?v=bO91e0AaGGg&feature=related

http://www.youtube.com/watch?v=A_NcMQA5RQc

http://www.youtube.com/watch?v=F1z5UaX96j8&feature=related

Конграт Б.А., Кем В.И., Қойшыбаев Н. «Физика 10»

Үйге тапсырма

3 мин

«С» деңгейі» 15-жаттығу №16

3.68, 3.79, 3.80

Конграт Б.А., Кем В.И., Қойшыбаев Н. «Физика 10»

Сабақтың соңы

2 мин

 Кері байланыс

Мен не білдім?

Мен үшін бұл жаңалық болды

Бұл менің білгендеріме қарама қарсы болды

Бұл туралы көбірек білгім келеді

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.

Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.

Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз

Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе?

Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме?

Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма?

Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар?

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Сыныптағы оқушыларға топпен жұмыстың мақсаттары ұнады. Олар өте белсенді, қызыға жұмыс жасады. Бүгін оқушылар электр өрісінің кернеулігінің суперпозиция принципін дифференциалды түрде меңгерді. Мен жоспарыма жұппен жұмысты ұйымдастыру үшін өзгерістер енгіздім.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1: Оқушылар топпен жұмыста белсенділік танытты

2: Суперпозиция принципіне әртүрлі сызбалар қарастырылып, формулалары қорытып шығарылды.

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1: Жекелей жұмыс жасалса, оқушылардың сабақты меңгеруі артар еді

2: Сызбаларды сызуда оқушылар шапшаңырақ жұмыс істегендері тиімді болар еді

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым? Топпен жұмыста осы тақырыпты өткізуде, параллель бірнеше істі жүзеге асыруға болатынын байқадым.

Оқушының аты-жөні

Сынып:

Тақырыбы

Электр өрісінің кернеулігі. Суперпозиция принципі.

ОБ сілтеме:

0.2A -Электр өрісі

Оқу мақсаты: Электр өрісі ұғымының физикалық мәнін түсіну және электр өрісінің күшін анықтау (кернеулік). Суперпозиция принципін білу және қолдану;

Дағдылар :

Жетістік критерийлері

Егер төмендегі критерийлерді орындаса, оқушы оқу мақсатына жетеді

Білу

Суперпозиция принципін біледі

Түсіну

Үшбұрыштың екі төбесінде аттас оң зарядтар орналасқан, үшінші төбесіндегі электр өрісінің кернеулігінің бағытын анықтауға тапсырманы орындай алады

Қолдану

Суперпозиция принципін нақты жағдайларда қолдана алады.

  • q1 = 10 нКл және q2 = 20 нКл зарядтар А және В нүктелерінде орналасқан. Егер АС =10 см, СВ = ВД = болса, С және Д нүктелеріндегі өрістің кернеулігін табу керек
  • Әрқайсысы 0,1 мкКл болатын біраттас зарядтар бір бірінен қашықтыққа орналасқан. Әрбір зарядтан қашықтықта орналасқан нүктедегі өрістің кернеулігін табу керек.
  • q1 = 8 нКл және q2 = −6 нКл екі нүктелік зарядтарының тең ортасында орналасқан нүктедегі электр өрісінің кернеулігін табыңыз. Зарядтрдың арақашықтығы r = ; ε = 1.

  • Электр өрісінде Q1= 30 нКл және Q2= 10 нКл екі нүктелік заряд орналасқан. Зарядтар арасындағы d арақашықтық тең. Бірінші зарядтан r1=15 см арақашықтыққа, екінші зарядтан r2=10 см арақашықтыққа орналасқан нүктедегі электр өрісінің кернеулігін есептеңіз

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу