Электр заряды. Зарядтың беттік және көлемдік тығыздығы. Зарядтың сақталу заңы. Кулон заңы. Физика, 10 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

САБАҚ:

Мектеп: НЗМ Семей

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 10

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Электр заряды. Зарядтың беттік және көлемдік тығыздығы. Зарядтың сақталу заңы. Кулон заңы.

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

10.4.1.1 – электр зарядының сақталу заңын және Кулон заңын есеп шығаруда қолдану;

Сабақтың мақсаттары

  • электр зарядын сипаттау;
  • электр зарядының сақталу заңын түсіндіру;
  • Кулон заңын есептер шығаруда қолдану

Бағалау критерийлері

Зарядтардың өзара әсерлесуін түсінеді, сипаттай алады. Электр зарядының сақталу заңын талдап, анықтама береді

Тілдік мақсаттар

Тілдік мақсаттарыңызды белгілеңіз, соның ішінде қолданылатын сөздер мен сөз тіркестерге мысалдар келтіру: Оқушылар орындай алады:

Бір аттас зарядтар мен әр аттас зарядтар үшін күш сызықтарын (тақтада) және және өз сызбасын басқа оқушылармен талқылау (айту және тыңдау дағдылары)

Электр заряды

Электрический заряд

Electrical charge

Элементар заряд

Элементарный заряд

Elementary charge

Электрлену

электризация

electrification

Оң және теріс заряд

Положительный заряд/отрицательный заряд

positive charge/negative charge

Зарядтардың сақталу заңы

Закон сохранения заряда

The law of conservation of charge

Кулон заңы

Закон Кулона

Coulomb’s law

Электр өрісі

Электрическое поле

electric field

Электр өрісінің кернеулігі

Напряженность электрического поля

Intensity of electric field

Кернеулік сызықтары (күш сызықтары)

Линии напряженности (силовые линии)

Line tension (power lines)

зарядталған

заряженный

Сharged

Нүктелік заряд

Точечный заряд

Point charge

Суперпозиция принципі

Принцип суперпозиции (наложения)

Superposition principle

бақылау

наблюдать

observe

Пән лексикасы және терминология:

Суперпозиция. Электр өрісі. Тең әрекет ететін өріс

векторы, магнит ағыны.

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер;

Өріс ... болғандақуаттыболады.

Өріс ... болғандаәлсізболады. Теңәрекетететінөрістер… есептеледі. Суперпозиция принципі…білдіреді. Электр өрісінің кернеулігі …білдіреді

Осыған дейін меңгерілген білім

Термодинамика

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер (төменде келтірілген жазбаларды жоспарланған әрекеттермен алмастырыңыз)

Дереккөздер

Сабақтың басы 15мин

Мұғалімге:

Электр зарядына байланысты, 8 сынып материалын еске түсіру ұсынылады:

Оқушылар зарядталған денелердің өзара әрекеттесуіне қарапайым тәжірибелер жасайды.

Оқушылар бақылауды алдын-ала дайындалған жұмыс парақтарына жазып отыру қажет.

Әрбір тәжірибенің нәтижесінде оқушылар «тебілу» және «тартылу» күштерін зарядтың екі түрімен түсіндіре алады. 

Заряд оң және теріс болатынын айтыңдар. Бір дене зарядтың екі түріне де ие болатынын айтыңдар.

Зарядтың сызықтық, беттік және көлемдік тығыздығын түсіндіру

Электр зарядының сақталу қаңына байланысты, 8 сынып материалын еске түсіру ұсынылады:

Дене бетінің зарядталғанын анықтау үшін жапырақты электроскопты қолданып, зарядтың бөлінуін демонстрациялау. Зарядталмаған пластмасс таяқша көмегімен бір электроскопты зарядтаймыз. Екінші зарядталмаған электроскоптың шарын бірінші электроскоптың шарымен металл таяқшамен диэлектрик ұстағыш көмегімен қосқанда, онда бірінші электроскоптың жапырақшалары төмен түседі, ал екінші электроскоп дәл сондай заряд алады. Содан кейін екінші электроскоптың шарын қолмен ұстап, разрядтау. Экспериментті бірнеше рет қайталанғаннан кейін оқушыларға зарядтың сақталу заңын және зарядтың ең кіші, ары қарай бөлінбейтін шамасы болатынын түсіндіру.

Оқушыларға минималды электр заряды болатын және заряд кулонмен өрнектелетін туралы еске түсіру.

Гелий атомы қарапайым болғандықтан, оны атомнын құрылысын сипаттау үшін пайдалануға болады. Электронның орналасуын және салыстырмалы еркіндік дәрежесін көрсету. Электрондарды қосып алу немесе жоғалту кезінде электростатикалық зарядтың пайда болатынын түсіндіру.

Оқушыларға дененің зарядталуын анықтауға арналған құралды (электроскоп) еске салу.

Заряд сақталу заңын қолданып зарядталған шарларды түйістірген кезде электрондардың ауысуына есептер шығарту.

Кулон заңына байланысты:

Кулон заңын түсіндіру.

Екі қозғалмайтын нүктелік зарядтың арасындағы бір-біріне әсер ету күші арақашықтыққа тәуелді екені түсіндіріледі.

Оқушыларға Кулон заңын қолдана отырып екі нүктелік зарядтардың өзара әсерлесу күшін анықтауға есептер шығарту.

Өріс түсінігі физикалық түсініктердің ішіндегі маңыздыларының бірі болып табылатыны жайлы айтылуы тиіс

http://bilimland.kz/kk/content/lesson/11030-ehlektr_zaryady_kulon_zangy

 Кулон заңы

 https://www.youtube.com/watch?v=d2OkSm212us

Кулон таразысы

 https://www.youtube.com/watch?v=62fBGijR09w

Қосымша

8 сыныпта бұл қызықты бейнероликті көрсетпеген болсаңыз, Баланың Ван дер Граафтың генераторымен зарядталған шашы қалай тік тұратынын көрсететін қысқаша бейнеролик. Шаштар күш сызықтары бойында жатыр:

http://www.youtube.com/watch?v=bO91e0AaGGg&feature=related

Жоғары кернеу көздерін қолдану кезіндегі қаіпсіздік ережелерін сақтау туралы кеңестер:

http://www.nuffieldfoundation.org/practical-physics/counting-matches-eht-supply

Сабақтың ортасы

25 мин

Оқушылардың қалай меңгергендерін тексеру.

Үйге тапсырма

Электр зарядының сақталу заңын және Кулон заңын қолданып есептер шығару

Деңгейлік тапсырмалар

А-деңгей

  • Екі қозғалмайтын нүктелік зарядтар ауада 8*10-4 Н күшпен өзара әсерлеседі. Егер екі зарядтың арасын диэлектрик өтімділігі 4 болатын диэлектрикпен толтырса, онда ол зарядтар қандай күшпен өзара әсерлесетін болады? Жауабы: 2*10-4 Н
  • Егер шамалары 4*10-4 Кл және 16*10-8 Кл екі заряд өандай қашықтықта тұрып, 9*10-5 Н күшпен өзара әсерлеседі?
  • 10-6 Кл заряд тудыратын нүктедегі электр өрісінің кернеулігі 103 В/м тең болатын болса, бұл нүкте зарядтан қандай қашықтықта тұрады?
  • Екі нүктелік зарядтар арасындағы қашықтықты 2 есе арттырып, ал бір зарядтың шамасын 4 есе азайтатын болса, олардың арасындағы өзара әрекеттесу күші қалай өзгереді? 16 есе азаяды

В-деңгей

  • Екі бірдей шарикті аттас зарядтармен зарядтады, сонда біреуінің заряды екіншсінен 3 есе көп болып шықты. Алдымен шариктерді бір – біріне тигізіп, сонан кейін бұрынғы орнына дейін қозғалтты. Шариктердің арасындағы өзара әсер күштері қанша есе өзгерді? Жауабы: 4/3 есе
  • Зарядтары -4q және +8q екі шарик бір-бірінен R қашықтықта тұр. Шариктерді бір – біріне тигізді. Сонан кейін олардың әсер күштері бұрынғыдай болып қалу үшін, оларды қандай қашықтыққа дейін жылжыту керек? жауабы: 0,35 R1
  • Әрқайсысының заряды 10-6 Кл аттас екі заряд вакуумда бір-бірінен 60 см қашықтықта тұр. Сол жақтағы зарядтан 20 см қашықтықта зарядтардың арасында тұрған нүктедегі кернеуліктің модулі неге тең болады? жауабы: 1.7*105 B/м

С – деңгей

  • 4*10-8 Кл және 9*10-8 Кл екі нүктелік заряд 50 см қашықтықта тұр. Электр өрісінің кернеулігі 0-ге тең болатын нүктенің қай жерде тұрғанын табыңдар жауабы:20 см
  • Жіпке массасы 0,3 г шарик ілінген, оған 4*10-9 Кл заряд берілді. Жіптің керілу күшін 4 есе азайту үшін, оған тең екінші бір зарядты қандай қашықтыққа дейін акелу керек? жауабы 8 мм
  • Радиусы 10 см өткізгіш шардағы заряд 10-8Кл. Шардың центрінен 5 см қашықтықтағы нүктедегі, шардың бетінде тұрған нүктедегі және шардың бетінен 20 см қашықтықтағы нүктедегі өріс кернеулігі қандай болады? 0, 9000, 1000 В/м

+Қосымша 2

Сабақтың соңы

3мин

Кері байланыс

Мен не білдім?

Мен үшін бұл жаңалық болды

Бұл менің білгендеріме қарама қарсы болды

Бұл туралы көбірек білгім келеді

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.

Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.

Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз

Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе?

Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме?

Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма?

Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар?

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу