Электр заряды. Зарядтың беттік және көлемдік тығыздығы. Зарядтың сақталу заңы. Кулон заңы. Физика, 10 сынып, дидактикалық материал.


«Электр заряды. Зарядтың беттік және көлемдік тығыздығы. Зарядтың сақталу заңы. Кулон заңы» тақырыбы бойынша қалыптастырушы бағалау

Оқу мақсаттары

10.4.1.1 – электр зарядының сақталу заңы мен Кулон заңын есептер шығаруда қолдану

Ойлау дағдыларының

деңгейлері

Білу және түсіну

Қолдану

Бағалау критерийі

Оқушы

  • Тұрмыста және өндірісте денелердің электрленуіне мысалдар келтіреді;
  • Электр зарядының сақталу заңы және Кулон заңының сипаттайды;
  • Электр зарядының сақталу заңы және Кулон заңы сандық, сапалық есептер шығаруда қолданады..

Тапсырма

  • Шардағы оң зарядтың мөлшерін өзгертпей, басқа екі жақсы өткізгіш шарларды біреуін теріс, екіншісін оң зарядтауға болады?
  • Суретте электрленудің қай түрі бейнеленген? Түсіндір.
  • Зарядтары 3 нКл және 6 нКл бірдей екі металл шарлар бір-бірінен 8 см қашықтықта орналасқан.

(а) Олардың арасындағы өзара әрекеттесу күшін анықтаңыз

(b) Осы шарларды бір-біріне түйістіріп, қайта ажыратқанда олардың арақашықтығы 12 см болды.

(i) Ажыратқаннан кейінгі әр шардың зарядын анықтаңыз

(іі) Егер осы зарядтары анықталған шарлардың арақашықтығын өзгертпей майға апарып орналастырса, онда олардың арасындағы өзара әрекеттесу күші қандай болады ? ɛмай = 2,5

Дескриптор

Оқушы

  • Шарларды зарядтаудың тәсілдерін қолданады
  • Электрлену түрлерін анықтайды.
  • Электрлену түрлерін сипаттайды
  • Қулон заңын қолданады
  • Электр зарядының сақталу заңын қолданады
  • Орта үшін Кулон заңын қолданады


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу