Ауаның ылғалдылығы, шық нүктесі. Физика, 10 сынып, сабақ жоспары.
Сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 10.2 D Сұйық заттардың қасиеттері | Мектеп: ХББ НЗМ Павлодар қаласы | |||||||||||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Каримова Н.Б | |||||||||||||||||||||||||
Сынып: 10 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |||||||||||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Ауаның ылғалдылығы, шық нүктесі. | |||||||||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 10.2.4.1 - ауаның салыстырмалы ылғалдылығын анықтау; | |||||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары | - абсолют және салыстырмалы ылғалдылық туралы ұғым қалыптастыру, олардың арасындағы айырмашылығын түсіндіру; - ауаның салыстырмалы ылғалдылығын анықтау; | |||||||||||||||||||||||||
Жетістік критерийлері | - абсолют және салыстырмалы ылғалдылықтарды ажырата алады; - эксперимент жүзінде ауаның салыстырмалы ылғалдылығын анықтай алады. | |||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар
|
Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: Салыстырмалы ылғалдылық дегеніміз .......... Шық нүктесі дегеніміз ...... Ауаның салыстырмалы ылғалдылығын анықтау үшін ....... құрал қолданылады. | |||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту |
| |||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Химия | |||||||||||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | https://www.youtube.com/watch?v=cj7IrONkCgA https://bilimland.kz/kk#lesson=10850 https://bilimland.kz/kk#lesson=10846 сайттарынан теориялық матералдарды қолдану | |||||||||||||||||||||||||
Бастапқы білім | Физика 8-сынып: сұйықтардың молекулалық құрылысы және қасиеттері, ылғалдылық. | |||||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы (3 мин) | Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, психологиялық көңіл – күйін байқау. |
| ||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы (5 мин) (1 мин) (3 мин) (8 мин) (1 мин) (1 мин) Әр топқа (8 мин )
(10 мин)
(10 мин) (7 мин) (5 мин) (12 мин) (3 мин)
(12 мин) | Проблемалық сұрақ арқылы сабақ тақырыбына шығу: «Төмендегі суретте қандай табиғат құбылысы бейнеленген?». Кейін сабақ тақырыбын, мақсатын және жетістік критейрийлерін оқушылармен бірге айқындау. Оқушыларды түрлі түсті геометриялық фигуралар арқылы 4 топқа бөлу. Оқушылар топта келесі сұрақа жауабын бірге талқылайды: «Сұйықтың сізге 8-ші сыныптан белгілі қасиеттерін атап шығыңыз? МКТ негізінде бұл қасиеттерді қалай түсіндіруге болады?» Оқушылардан күтілетін жауап: «Сұйықтар молекулалардан тұрады, олардың арасындағы арақашықтың өз өлшемдерімен салыстырмалы. Сұйықтың молекулалары қатты денелердің молекулаларына қарағанда бір-бірінен алшақ орналасқан. Сондықтаң олардың арасындағы тартылыс күштері де, тебіліс күштері де қатты денелерге қарағанда кем болады. Сөйтіп, сұйық оңай ағады, оңай бөлінеді. Сұйықтың көлемін өзгерту өте қиын. Аққыштық, көлемін сақтау және пішінің оңай өзгерту – сұйықтыққа тән қасиет.» Мұғалім 8 сыныпта қарастырылған тақырыппен көпір орнату мақсатында келесі сұрақ қояды: «Буландың қандай түрлерін білеіздер?» Оқушылардан күтілетін жауап: «кебу және қайнау» Буланудың әр түріне жеке тоқталып, эксперимент арқылы физикалық мағынасын ажырату. Әр топқа жеке тапсырма беріледі, кейін гипотеза шығарып, ортақ қорытынды жазады. Әр топ спикерлері сыныптастарына өз орындаған эксперимент нәтижесін түсіндіреді, сұрақтар туындаса жауап береді. 1 топ орындайтын эксперимент: Сұйықтың тегіне тәуелді булану жылдамдығын анықтау. Орындау барысы:
2 топ орындайтын эксперимент: Буланатың сүйықтықтың көлеміне тәуелділігін зерттеу. Орындау барысы:
3 топ орындайтын эксперимент: Сұйықтың булану жылдамдығы температураға тәуелділілігін зерттеу. Орындау барысы:
4 топ орындайтын эксперимент: булану тездігі зерттеу. Орындау барысы:
«Карусель» әдісі бойынша әр топ спирекі қорғайды, топ бір-бірін бағалайды, эксперимент бойынша сұрақ қояды. Оқушылар «Қаныққан және қанықпаған бу» туралы теориялық ақпаратты негізге ала отырып, «Белгілеу әдісі» арқылы төмендегі сұрақтарға жауап береді.
Әр бір оқушы жеке-дара осы сұрақтарға жауап беріп, кейін топта бірге тақылайды, ортақ шешім шығарады. Мұғалім әр топтан бір оқушынының жауабың тыңдайды, қалған оқушылар өз-өзін бағалайды. Мұғалім презентация және бейне ролик бойынша абсолют және салыстырмалы ылғалдылық туралы ұғымды енгізеді, кейін оқушылар сынып бөлмедегі ауының салыстырмалы ылғалдылығын тәжірибелік жолмен анықтайды. Эксперименттік тапсырма. Оқушылар психрометрдің көмегімен ауаның салыстырмалы ылғалдылығын жүппен анықтайды. Жетістік критерийлері:
«Ыстық орындық» стратегиясы арқылы оқушылар табиғаттағы булану және конденсация құбылыстардың өмірдегі маңызын, жұппен талқылайды. «Ыстық орындық» стратегиясы Дағдылар:
Бұл стратегия ақпараттан негізгі түйінін ажырата біліп, оны есте сақтауға итермелейді. Сонымен қатар, бірін-бірін тыңдау, сыйлау дағдысын арттырады. Теориялық білімін бекіту мақсатында оқушылар қалыптастырушы бағалау жұмысын орындайды. Кейін алдын ала дайындаған мұғалімнің жауаптарымен салыстырып өзін-өзі бағалайды. | Слайд 1-3 Түрлі түсті геометриялық фигуралар Слайд 4 https://bilimland.kz/kk#lesson=10850 Слайд 5
Су, спирт, май, пипетка, майлық.
Спирт, 2 күнгірт шыны, пипетка. Су, 2 күнгірт шыны, пипетка, спиртовка, сіріңке. Спирт, пипетка, 2 майлық, желдеткіш Кеспе қағаз Слайд 6 Слайд 7-12
https://bilimland.kz/kk#lesson=10846 Психрометр немесе екі термометр (біреуіне суланған мақта оралған-ылғал және құрғақ), психрометрлік кесте.
слайд 13 Кеспе қағаз | ||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы (1 мин) | Оқушылар бір парақша қағазға бүгін сабақта
Пункттері бойынша өз ойларын жазады. Үй жұмысы: «Өміріміздегі ауа ылғалдылығының маңызы» атты шағын эссе жазып келу. | Стикер | ||||||||||||||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||||||||||||||||||
Барлық оқушылар білуі тиіс: абсолют және салыстырмалы ылғалдылықтарды ажырата алады. Оқушылардың көпшілігі орындай алады: эксперимент жүзінде ауаның салыстырмалы ылғалдылығын анықтай алады. Кейбір оқушылар орындай алады: булану және конденсация құбылыстардың өмірдегі маңызын түсіндіре алады. | (1) Сұраққа жауап; (2) Өз ойын қорғау; (3) Сабақтағы белсенділік; (4) Бірін бірі бағалау; (5) Өзін өзі бағалау; (6) Қалыптастырушы бағалау | Физика кабинеттерінде қауіпсіздік ережесі сақтау | ||||||||||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | Сабақ мақсаттары шынайы, қол жетімді, өлшеулі. Балық оқушылар сабақ мақсатына жетті. Сабақтағы дифференциация дұрыс ойластырылған, уақыт кезендері ұсталынды. Сабақ жоспарынын ауытқулар болған жоқ. Алайда кейбір оқушылар берілген ақпаратты жылдам менгереді және қолдана алады, ал кейбір оқушыларға уақыт қажет. | |||||||||||||||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: Оқушылардын көпшілігі сабақтың басында білімді айқындау сәтісінде орындаған топтық тапсырмаларды өздігінен, үлкен қызығушылықпен орындады. 2: Бекіту, барлық оқушылар эксперименттік тапсырмаларын орындап сабақ мақсатына жетті Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: «Ыстық орындық» стратегиясын қолдану аясында уақыт тапшылыннан тек кейбір оқушылар «ыстық орындықта» өз ойларын айта алды, сол себептен бұл стратегияны қолдану кезінде көбірек уақыт бөлу. 2: Кейбір оқушылар зертхаланылық жұмысты орындау барысында өздігінен орындамай мұғалімнің көмегіне жүгіңді. Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды