file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Жылу қозғалтқыштары. Физика, 10 сынып, дидактикалық материал.


Деңгейлік тапсырмалар.

1-деңгей:

1. Жылу машинасы бір циклде қыздырғыштан 100 Дж жылу мөлшерін алып, суытқышқа 75 Дж жылу мөлшерін береді. Машинаның ПӘК-і неге тең?

А) 75%.

B) 33%.

C) 25%.

D) 15 %.

2. Жылу машинасының қыздырғышының температурасы 727 0С, суытқыштікі – 270 С. Жылу машинасының ең үлкен ПӘК-ін анықтаңдар.

А)100%.

B) 70%.

C) 30%.

D) 10 %.

3. Егер идеал жылу машинасына берілген аса қызған будың температурасы 6000 0С, ал машинадан шығарылғанда 1000 0С болса, машинаның ПӘК-і

A) 80%

B) 83%

C) 17%

D) 64%

4. П.Ә.К.-і 40% идеал жылу машинасында газ қыздырғыштан 10кДж жылу алды. Салқындатқышқа машина қанша жылу берді?

A) 4 кДж

B) 5 кДж

C) 6 кДж

D) 9 кДж

5. Жылу қозғалтқыштары деп –

A) Жүйенің ішкі энергиясының бір бөлігін механикалық энергияға айналдырмайтын және соның есебінен жұмыс істейтін құрылғыларды айтады.

B) Жүйенің ішкі энергиясының бір бөлігін механикалық энергияға айналдыратын және соның есебінен жұмыс істейтін құрылғыларды айтады.

C) Жүйенің ішкі энергиясының барлығын механикалық энергияға айналдыратын және соның есебінен жұмыс істемейтін құрылғыларды айтады.

D) Жүйенің ішкі энергиясының екінші бір бөлігін механикалық энергияға айналдыратын және соның есебінен жұмыс істемейтін құрылғыларды айтады.

6. Төрт тактілі қозғалтқыштар жұмысы –

A) Сору, сығу, жұмыстық жүріс, кіргізу

B) Сору, сығу, жұмыстық жүріс, шығару

C) Сору, шығару, жұмыстық жүріс, кіргізу

D) Сору, сығу, жұмыстық жүріс, поршень жүрісі

Жауабы:

1

2

3

4

5

6

C

B

A

C

B

B

2 -деңгей.

1. Көлік 300 км жолды 20 м/с жылдамдықпен жүріп, осы жолына 70 л бензинді жұмсайды. Егер көлік қозғалтқышының ПӘК 25% болса, онда көлік қозғалтқышының қуаты қандай?

Жауабы: ≈ 2000 Вт.

2. Қуаты 8 кВт көлік қозғатлтықышы бір сағатта қанша бензин жұмсайды, егер оның АӘК 11% болса.

Жауабы: 8 л.

3. Идеал жылу қозғалтқышының ПӘК-і 40%. Газ қыздырғыштан 5 кДж жылу алды. Тоңазытқышқа қандай жылу мөлшері берілген?

Жауабы: 3 кДж.

4. Идеал газ турбинасының ПӘК-і 60%, қыздырғыштың температурасы 480 0С. Тоңазытқыштың температурасы неге тең?

Жауабы: 28 0С.

3- деңгей.

1. Идеал жылу машинасы бір цикл ішінде 1 кДж жылу алып, 400 Дж жұмыс атқарды. Егер қыздырғыштың температурасы 500 К болса, онда жылу машинасының суытқышының температурасы қандай?

Жауабы: 300 К.

2. а) Жұмыс денесі 1 моль идеал газ болатын жылу машинасы берілген. Машина 4-суретте көрсетілген циклмен жұмыс істейді.

(i) Менделеев–Клапейрон теңдеуін қолданып, 1 күйдегі газ температурасын анықтаңыз.

(ii) 2 күйдегі газ температурасын анықтаңыз.

(iii) 3 күйдегі газ температурасын анықтаңыз.

b) (i) Цикл барысында газдың атқарған жұмысы неге тең?

(ii) Термодинамиканың бірінші заңын пайдаланып, (1-2) бөлігіндегі жылу мөлшерін анықтаңыз:

(iii) (2-3) бөлігіндегі ішкі энергия өзгерісін анықтаңыз:

(iv) (2-3) бөлігіндегі атқарылған жұмысты табыңыз

(v) Термодинамиканың бірінші заңын пайдаланып, (2-3) бөлігіндегі жылу мөлшерін анықтаңыз

(vi) po=const болғанда, (3-1) бөлігіндегі ішкі энергия өзгерісін анықтаңыз.

(vii) (3-1) аралығындағы атқарылған жұмысты табыңыз

(viii) Термодинамиканың бірінші заңын пайдаланып, (3-1) бөлігіндегі жылу мөлшерін анықтаңыз

(ix) Циклдегі газдың жылу алатын бөліктерін көрсетіңіз.

(x) Газдың жылу беретін бөліктерін көрсетіңіз.

(xi) Қыздырғыштан алынған жылу мөлшерін табыңыз:

(xii) Осы цикл бойынша жұмыс істейтін машинаның ПӘК-ін анықта

Жауабы: .



Толық нұсқасын 27 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу
Пікірлер 2
  1. RobertLek
    RobertLek 10.09.2024 01:24
    0 + 0 -
    Лучшая ежедневная лента событий даст возможность вам всегда быть информированными на тему интересных новостей.
    https://rftimes.ru/news/2024-09-05-sem-aktualnyh-lukov-2024-ot-brunello-cucinelli
  2. JamesPar
    JamesPar 08.09.2024 03:40
    0 + 0 -
    Лучшая ежесуточная подборка событий позволит вам всегда быть в тренде последних новостей.
    https://pitersk.ru/articles/2024-08-20-7-ocharovatelnyh-lukov-s-tsvetochnymi-platyami-zimmermann/