Жылу қозғалтқыштары. Физика, 10 сынып, презентация.


Өткен білімді еске түсіру

Сұрақ –жауап арқылы өткен білімді еске түсіру.

Термодинамиканың бірінші заңы қалай тұжырымдалады?

Газ қоршаған ортамен жылу алмаспай салқындай ала ма

немесе газды қалай жылытуға болады (сыртық ортадан жылу алмайтын болсақ)?

Термодинамиканың бірінші заңын төмндегі жағдайлар үшін жазыңыздар:

а) калориметрдегі денелердің жылу алмасуы барысында;

б) спиртшамы арқылы суды қыздырғанда;

в) дененің соғылуы арқылы қыздырылғанда

Суретте белгілі тұрақты бір массада идеал газдың жасаған цикілі көрсетілген.

Осы циклді р(Т) және Т(р) графиктеріне салып көрсетіңіз. Циклдің қандай бөліктерінде газ жылу шығарады және жұтады?

Ой қозғау

Көрсетілім:

Түтікшеге су құйып, оны спирт шамымыен қыздырсақ, түтікшенің тығыз жабылған тығыны атып шығады. Неліктен?

Жылу қозғалтқыштары

Оқу мақсаты

10.2.3.2 – жылу қозғалтқышының жұмыс істеу принципі мен қолданылуын сипаттау;

Жылулық қозғалтқыш - отынның ішкі энергиясын механикалық энергияға айналдыратын құрылғы

Жылулық қозғалтқыштарда отынды жаққан кездегі газдың ішкі энергиясының артуы қолданылады

Кез келген жылу қозғалтқышының құрылысы

Жұмыс істеу принципі

1-қақпақша арқылы цилиндрге жанғыш қоспа сорылып кіреді,

2-қақпақша арқылы пайдаланылған газ сыртқа шығады,

3-цилиндр

4-бұлғақ пен қосиін

5-иінді білік

6-тегершік

7-тұтандырғыш шам

Оларды автокөліктерде, тракторларда, тепловоздарда, әуе, су көліктерінде қолданады.

Қозғалтқыштағы бір жұмыс циклі – поршеньнің төрт жүрісінің немесе төрт тактінің ішінде жүзеге асырылады

Сондықтан мұндай қозғалтқыштарды төрт тактілі қозғалтқыштар деп атайды.

Бірінші такт

Ауаның жене бензин буының енгізілуі

Екінші такт. Сығу.

Үшінші такт. Жұмыстық жүріс.

Бұл газдар поршеньге үлкен қысым (1-10 МПа) түсіріп, оны қозғалысқа келтіреді.

Жанғыш қоспа жанған кезде температуралары, шамамен алғанда, 1600-18000С дейін көтеріледі.

Төртінші такт. Сыртқа шығару.

Поршень жоғары жылжиды және қақпақша арқылы жану өнімі жұмыс істеп болған цилиндрден атмосфераға шығарылады.

Сонымен қозғалтқыштың бір толық циклі мынадай төрт процестен (тактілерден) тұрады:

Ауа мен бензин буының келіп кіруі, оны сығу, жұмыстық жүріс, сыртқа шығару.

Жылу қозғалтқышының ПӘК-і

η -Жылу қозғалтқышының пайдалы әсер коэффициенті

A - Жылу қозғалтқышының атқырған пайдалы жұмысы

Q -Жылу қозғалтқышына берілген жалпы жылу мөлшері

Карно циклі

1-2 изотерма

2-3 адиабата

3-4 изотерма

4-1 адиабата

Кесте толтыру

Жалпылау

1. Жылу қозғалтқыштарды деп қандай құрылғыларды айтамыз?

2. Барлық жылу қозғалтқыштарының құрлысындағы негізгі бөліктері қандай?

3. Жылу қозғалтқыштардың қандай түрлері бар?

4. ІЖҚ деп қандай қозғалтқышты айтамыз?

5. Автокөліктерде көбіне қандай ІЖҚ пайдаланылады?

Кері байланыс



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу