Жылу қозғалтқыштары. Физика, 10 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Термодинамика негіздері

Мектеп:

Павлодар қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Карибжанова Ә.К.

Сынып: 10 ҚГБ

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Жылу қозғалтқыштары

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

10.2.3.2 – жылу қозғалтқышының жұмыс істеу принципі мен қолданылуын сипаттау;

Сабақ мақсаттары

Жылу қозғалтқыштарымен таныстыру, жылу қозғалтқыштың жұмыс істеу принципін түсіндіру; жылу қозғалтқыштардың ашылу тарихына шолу жасау; жылу қозғалтқыштарының ПӘК-і

Жетістік критерийлері

Оқушылардың барлығы:

- Жылу қозғалтқыштарының түрлерін, жұмыс істеу принципін біледі;

- Жаратылыстану ғылымдарының табиғатпен және экологиямен байлынысын түсінеді;

- Жылу қозғалтқыштарының құрылысын сипаттай алады;

- ПӘК анықтамасын бере алады және формуласын қолдана алады;

- Жылу қозғалтқыштарының «оң» және «теріс» әсерін талдай алады;

- Проблеманы айқындайды және жалпы шешім бере алады.

Кейбір оқушылар:

- Туындаған пробламаны бағамдайды оның тиміді шешімдерін бірнеше нұсқада келтіре алады.

Бағалау түрі:

Өткен білімді еске түсіруде: нақты жауаптары бар тапсырмалар болғандықтан оқушылар параққа орындайды, және жұптар бір-бірін дұрыс жауаппен тексеріп бағалайды (өзара бағалау);

Ой қозғау кезеңінде: оқушыларды мұғалім сұрақ-жауап арқылы бағалай алады.

Мағынаны тану кезеңінде: арнайы бағалау парағы негізінде оқушылар бір-бірін бағалайды.

Мағынаны ашу: кестемен жұмыс барысында оқушылар бір-бірін бағаласа, ал бекіту тапсырмасында оқушылар өз-өздерін бағалай алады.

Тілдік мақсаттар

Пәндік лексика және терминология:

Қазақша

Орысша

Ағылшынша

Жылу қозғалтқышы

Тепловой двигатель

Heat engine

Жұмыс денесі

Рабочее тело

Working body

Қыздырғыш

Нагреватель

Heater

Салқындатқыш

Холодильник

Fridge

Диалогқа қажетті сөз тіркесі:

Жылу қозғалтқыштарының жұмыс приципі негізделеді .....

Энергия жоғалмайды және жоқтан пайда болмайды....

Туындаған проблемалар .....

Туындаған мәселелердің шешімдері ....

Менің ойымша ...

Құндылықтарды дарыту

Құндылықтарды дарыту пәнге деген қызығушылықтарын арттыра отырып, мұғалім жағымды ынтымақтастық ортаны құру; оқушылармен бірге оқу мақсаттарына сәйкес жетістік критерийлерін бірге таңдайды; сабақ барысында ақпаратты іздеуде, тапсырмаларды жеке орындауда академиялық адалдыққа бағыттау; ақпарат барлық оқушыларға бір қалыпты бәріне бірдей беріледі және оқушы өз пікірін және ойын ашық білдіре алады; сабақ барысында ұқыптылыққа және өзіне және өзгелерге құрметпен қарауға бағыттау.

Пәнаралық байланыстар

Математика, Дүниежүзі тарихы пәндерімен және Экологиямен байланыстыруға болады

АКТ қолдану дағдылары

Интерактивті презентацияны қолдану.

Бастапқы білім

Термодинамиканың бірінші және екінші заңы

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

2 мин

Сабақ басында:

Ұйымдастыру:

Сәлемдесу. Сабақ барысымен таныстыру.

Сабақтың ортасы

8 мин

4 мин

8 мин

15 мин

5 мин

7 мин

7 мин

17 мин

5 мин

Өткен білімді еске түсіру:

Сұрақ –жауап арқылы өткен білімді еске түсіру.

- Термодинамиканың бірінші заңы қалай тұжырымдалады?

- Газ қоршаған ортамен жылу алмаспай салқындай ала ма немесе газды қалай жылытуға болады (сыртық ортадан жылу алмайтын болсақ)?

- Термодинамиканың бірінші заңын төмндегі жағдайлар үшін жазыңыздар:

а) калориметрдегі денелердің жылу алмасуы барысында;

б) спиртшамы арқылы суды қыздырғанда;

в) дененің соғылуы арқылы қыздырылғанда

- Суретте белгілі тұрақты бір массада идеал газдың жасаған цикілі көрсетілген. Осы циклді р(Т) және Т(р) графиктеріне салып көрсетіңіз. Циклдің қандай бөліктерінде газ жылу шығарады және жұтады?

Ой қозғау:

Көрсетілім: Түтікшеге су құйып, оны спирт шамымыен қыздырсақ, түтікшенің тығыз жабылған тығыны атып шығады.

Алғашқы рет адамдар осындай қарапайым бақылаулар арқылы механикалық жұмыстарды атқару үшін газ (будың) энергиясын қолдануды жүзеге асыра бастады.

Қалай ойлайсыздар бұны қалай жүзеге асыруға болады? Қандай механизмдерді жасап шығарды?

Оқушылардың жауаптырын сыныпта талдай отырып, сабақтың тақырыбы мен оқу мақсатын айту.

Оқушыларды бүгінгі сабақ барысымен және жетістік критерийімен таныстыру.

Мағынаны тану:

Оқушыларға презентация ұсыну арқылы жаңа тақырып мазмұының ұсыну.

Оқушылар қажетті мәліметті дәптерлеріне түсіріп жазып алады.

Проблемалық жағдай туғызу. Кім тақтада жылу қозалтқышының схемасын салып, оның жұмыс істеу приципін түсіндіріп береді?

Оқушыларға бейнематериал көрсетіледі. Бейне материал бойынша оқушылар төменде көрсетілген сұрақтарға жауап беруі тиіс.

1. Жылу машинасының схемасы

2. Төрт тактілі карбюраторлы қозғалтқыштың жұмыс істеу принципі.

3. Жұмыс цикілі

4. Қозғалтқыштардың түрлері және айырмашылығы.

Бұл сұрақтарды сыныпта талдап болған соң, оқушыларға тағы сұрақтар қою.

Қай тактіде отынның ішкі энергиясы механикалық энергияға ауысады?

Топтық жұмыс. Оқушыларды түстер бойынша топқа бөлу. Әр топта кеңесшіні тағайындау.

Мұғалім әр кеңесшігі сұрақтар жазылған жұмыс парақтарын береді. Топ мүшелерінің міндеті Жылу қозғалтқышының құрылысын салып көрсету және кеңесші қойған сұрақтарға жауап бере алу. Кеңесшінің міндеті берілген жұмыс парақтарын толтыру, Жылу қозғалтқышының (ЖҚ) схемалық суретін бағалау, жұмыс парақтарындағы сұрақтарды топ мүшелеріне жеке-жеке қою және оның жауабын әділ бағалай алу.

Мағынаны ашу:

Сыныпқа проблемалық сұрақтар қою.

Біз ЖҚ жақсы таныстық, оның жұмыс істеу приципін түсіндік. Енді осы ЖҚ қандай отынды пайдаланады? Қоршаған ортаға қандай залал келтіруі мүмкін?

Сыныпта талдау.

Жер шарының тұрғындары жылдан –жылға артып келеді. 200 мың жыл бұрын – 1 млн адамға артып отырса, қазыргі таңда жыл сайын 6 млрд адамға артуда. Осының салдарынан отын мен энергияны тұтыну да жылдан-жылға артып келеді (соңғы жылдарда бір адамға шаққанда 20 есе артық энергия өндіру қажет).

Осы энергыны тұтынудың салдары қанлай болуы мүмік.

Оқушылармен экологиялық мәселені де талдап кетуге болады.

  • Жер атмосферасы температурасының артуы
  • Озон қабаттарының ластануы;
  • Атмосфераның ластануы;
  • Мұнайдың мұхиттарға төгілуі, т.с.с.

Сонда осы ЖҚ қоршаған ортаға тигізер залалы қандай?

Топтық жұмыс: Ол үшін сыныпты енді цифрлар бойынша жаңа топ жинақтау (карточканы алдың-ала дайындап алыңыз карточнаның бір жағы түс бір жағы цифрар болсың, немесе түстер және фигуралар, бір сабақта топ тез жинақтауға өте тиімді әдіс).

Алғашқы екі топ ұсынылған кестенің бірінші бағанды толықтырады, келесі топтар екінші бағанды толықтырады.

Жауаптарды талдай отыра ең ұтымды жауаптарды (1-2 жауап) тақтада ілінген осы кестеге стикермен жазып жапсырып қоямыз.

Жеке жұмыс: әр оқушы сыныппен таңдап алған бірінші және екінші бағандағы деректерге сәйкес өз ойын дәптерге үшінші бағанға жазуы тиіс.

Қоршаған ортаға әсері

Оң әсері

Мәселені шешу жолдары

Теріс әсері

Іштен жану қозғалтқыштары ЖҚ

Көліктер

Электростанциялар

Бекіту:

Оқушылар өз таңдаған деңгейі бойынша тапсырмаларды орындайды.

Тапсырмаларды жауаптарымен салыстыра отырып, өз-өздерін тексеріп, бағалайды.

Жалпылау:

Жалпы сабақ бойынша бүгінгі алған білімдерін жинақтау үшін, оқушыларға презентация арқылы жалпылау сұрақтарын қоя отырып, тақырыпты жалпылау.

Презентация.

ішінде су тамшысы бар шыны түтік, Спирт шамы.

Презентация

А3 форматты парақтар мен маркерлер

Жұмыс парағы (қосымша1)

Оқулық және қосымша ақапартты пайдалануға болады

Кесте, стикерлер

Кесте(қосымша2)

Деңгейлік тапсырма(қосымша3)

Сабақтың соңы

2 мин

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

Жеке рефлексия

Кесте толтыру

Сабақ барысында мен

белсенділігім жоғары / белсенділігім төмен

Сабақ барысындағы жұмысыма

көңілім толады / көңілім толмайды

Сабақ маған

қысқа / ұзақ

Тақырып

түсінікті / түсініксізпайдалы / пайдасызқызықты / жалықтырды

Үй тапсырмасы

жеңіл / қиынқызықты / қызықсыз

Сабақтағы Оқу мақсатына

Жеттім/талпынамын

 

Жауаптарыңыздың астын сызып қойыңыздар

Үй тапсырмасы. «Болашақтың жылу қозғалтқыштары» тақырыбына шығарма жазу.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау деңгейлік тапсырмаларды орындау арқылы жжүргізіледі және қабілеті жоғары оқушыларды топтық жұмыста кеңесші ретінде тағайындауға болады. Кеңесшінің топ мүшелері өздері ұсынуы мүмкін немесе сіз тағайындауыңызға болады.

Деңгейлік тапсырмаларды орындау барысында әр оқушы өз жауабын дұрыс жауаппен салыстыра отырып, өз-өзін бағалай алады. Топтық жұмысты кеңесші бағалайды және балалар өз-өздерін бағалай алады.

Көзге арналған гимнастика ұйымдастыруға болады. Кабинеттегі жалпы қауіпсіздік ережесінің сақталуы

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу