Жылу қозғалтқыштары. Физика, 10 сынып, презентация.
А. Жану аяқталған кезде құрылғы жану өнімдер ағынның бағытына қарама-қарсы бағытта қозғалады.
В. Қазандықта су жылытылады, буланады. Сығылған бу поршеньді басады және оны қозғалысқа келтіреді. Поршеннің қозғалысы маховикке беріледі.
С. Цилиндрде бензин буы және ауадан тұратын жанғыш қоспа периодты жанады. Газдардың кеңеюіне байланысты поршень мен иінді білік қозғалады
D. Жылытылған бу немесе газ, поршень мен бұлғақсыз, білікке орнатылатын құрылғыны айналдырады.
Жылу қозғалтқыштары
Оқу мақсаттары
10.2.3.2 жылу қозғалтқышының жұмыс істеу принципі және қолдануы;
Жетістік критерийлері
жылу машинасының негізгі бөліктерін атайды;
- жылу машинасының жұмыс істеу принципін кезеңмен сипаттайды;
- ПӘК-і анықтау формуласын біледі;
- ПӘК-і анықтау формуласын есептер шығаруда қолдана алады;
Жылу машинасы –жылуды жұмысқа айналдыратын құрылғы, _____________ және керісінше жұмысты жылуға айналдыратын құрылғы ________________ .
Жылу машинасының негізінде жұмыс денесінің _____________ термодинамикалық цикл болып табылады.
Жылу машинасы –жылуды жұмысқа айналдыратын құрылғы, (жылу қозғалтқыш) және керісінше жұмысты жылуға айналдыратын құрылғы (суытқыш). Жылу машинасының негізінде жұмыс денесінің (газ, су буы т.б. ). термодинамикалық цикл болып табылады.
Термодинамикалық цикл – жүйе периодты бастапқы күйіне оралатын цикл. А- жұмыс оң, егер цикл сағат тілімен жүрсе және теріс егер цикл сағат тіліне қарсы бағыт болса.
.
Циклдік процестерді өткізу үшін кемінде екі жылу резервуары қажет. Жоғары температурадағы резервуарды қыздырғыш, ал төмен температурадағы - салқындатқыш деп атайды.
Жылу машиналардың ПӘКі
Жұмыс денесінің толық циклда алған жылу мөлшері
Q = Q1 + Q2 = Q1 – |Q2|.
Бір циклда жұмыс денесі бастапқы күйіне қайтып оралады, сондықтан ішкі энергияның өзгерісі нольге тең (ΔU = 0). Термодинамиканың бірінші заңы бойынша,
ΔU = Q – A = 0.
сондықтан:
A = Q = Q1 – |Q2|.
A жұмысының жұмыс денесінің қыздырғыштан алған жылу мөлшеріне Q1 қатынасы, қозғалтқыштың пайдалы әрекет коэффициенті η деп аталады:
Цикл Карно
В 1824 году француз инженері С. Карно екі изотермадан және екі адиабатадан тұратын циклдік процесс ұсынды. Оны Карно циклы деп аталды.
https://www.youtube.com/watch?v=Aa3qmwX2Z0g
Карноциклы бойынша ітейтін жылу қозғалтқышының ПӘКі :
ηКарно = ηmax.
Есептерді шығарыңдар және Сенки диаграммасын құрастыр:
1. Жылу машинасы әр цикл сайын қыздырғыштан 100 Дж алып, суытқышқа 60 Дж берсе, оның ПӘК-і тең…
2. Жылу машинасының ПӘК-і 30%. Жұмыс денесі қыздырғыштан 5 кДж жылу алады. Жұмыс денесінің атқарған жұмывсы неге тең?
3. Қыздырғышының температурасы 327 0С және суытқышының температурасы 127 0С жылу машинасының ПӘК-і қанша?
Есеп шығару:
4. Қыздырғышының температурасы 117 0С және суытқышының температурасы 27 0С.Жылу машинасының қыздырғыштан 1 с алатын жылу мөлшері 60 кДж болса, жылу машинасының 1 с суытқышқа берген жылу мөлшерін,жылу машинасының ПӘК-ін есепте және Сенки диаграммасын сызып құрастыр.
Жетістік критерийі
Оқушылар:
жылу машинасының негізгі бөліктерін атай алады ;
- жылу машинасының жұмыс істеу принципін кезеңмен сипаттай алады ;
- ПӘК-і анықтау формуласын біледі;
- ПӘК-і анықтау формуласын есептер шығаруда қолдана алады;
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?