Жылу қозғалтқыштары. Физика, 10 сынып, сабақ жоспары.
Сабақ тақырыбы: | Жылу қозғалтқыштары. | Мектеп: | НЗМ Петропавл қ. | |||||
Күні: | Мұғалімнің аты: | |||||||
Сынып: | Оқушылар саны | |||||||
Сабақтың оқу мақсаттары | - жылу қозғалтқышының жұмыс істеу принципі және қолдануы; | |||||||
Сабақ мақсаттары | Оқушылар: -жылу машинасының негізгі бөліктерін атайды; - жылу машинасының жұмыс істеу принципін кезеңмен сипаттайды; - ПӘК-і анықтау формуласын біледі; - ПӘК-і анықтау формуласын есептер шығаруда қолдана алады; | |||||||
Жетістік критерийлері | Оқушылар: -жылу машинасының негізгі бөліктерін атай алады ; - жылу машинасының жұмыс істеу принципін кезеңмен сипаттай алады ; - ПӘК-і анықтау формуласын біледі; - ПӘК-і анықтау формуласын есептер шығаруда қолдана алады; | |||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар өз ойларын дамыта отырып, туралы не білетінін ауызша және жазбаша талқылай алады. Арнайы пәндік лексика және терминология: Термодинамика, энергияның сақталу заңы, изопроцестер, ішкі энергия,ішкі энергияның өзгеруі Диалог үшін пайдалы баянды сөйлемдер: жылу машиналары деп ... Қозғалтқыштың ПӘК-ін есептеу үшін ЖҚ және экологиялық проблема туралы сөз қозғасақ ... | |||||||
Құндылықтарты дарыту (жачандық азаматтықтың маңызды белгілері) (АЖ) | Нәтижелі қарым-қатынас дағдысын дамыту ,сыныптастарының көзқарастық пікірлеріне сыйластықпен қарау АЖ білу және түсіну: қоршаған ортаға деген дұрыс көзқарас АЖ құндылығы: басқалардың пікіріне сыйластықпен қарау АЖ дағды: диалог құра білу, сындарлы құрылымдық шешімдер ұсыну Тақырыптың шешуші сәттерін жұптық және топтық талқылау кезіндегі құндылықтарды дарыту | |||||||
Пәнаралық байланыстар | Математика, экономика, химия | |||||||
АКТ қолдану дағдылары | презентация | |||||||
Бастапқы білім | Изопроцестер, ішкі энергия,ішкі энергияның өзгеруі | |||||||
ЖОСПАР | ||||||||
Уақытша жоспарлау | Жоспарланған іс-шаралар | Ресурстар | ||||||
Сабақ басы 6 мин | Мұғалім оқушылармен эстафета тәсілімен амандасады. Бір оқушыға жақсы тілек ұсынады, ол оқушы басқа оқушыға тілек білдіреді. Осылайша сыныпта бірлесе жұмыс атқаруға коллабаративты орта құралады. Мұғалім оқушыларға сөйлемді талдауға ұсынады Адамзат өзінің іс-тәжірибелік практикасында әртүрлі машиналарды қолданады. Оқушыларға 1-тапсырма бойынша көрсетіледі. Техникалық құрылымы мен мазмұнын құрастыру Оқушылар жұмыстарын алғашында жеке, сосын жұппен және сынып болып тексереді. Тексеріс кезінде оқушылардан сыныптық жұмыстың мазмұнын қалай құрғанын және суретін қалай сызғанын ұдайы нақтылап отыру керек. | 1слайд
| ||||||
Сабақтың ортасы 20 мин | Сабақтың тақырыбы: Жылу қозғалтқыштары. ЖҚ-ның пайдалы әсер коэффициенті Оқу мақсаттары: - жылу қозғалтқышының жұмыс істеу принципі; - жылу қозғалтқышының ПӘК-ін анықтау - термодинамиканың бірінші және екінші заңдарының мағынасын нақтылау 1 Жаңа тақырыпты түсіндіру Сөйлемдегі жетпеген сөздерді орынына қою Жылу машинасы –жылуды жұмысқа айналдыратын құрылғы, (жылу қозғалтқыш) және керісінше жұмысты жылуға айналдыратын құрылғы (суытқыш). Жылу машинасының негізінде жұмыс денесінің (газ, су буы т.б. ). термодинамикалық цикл болып табылады. Жылу машинасының жұмыс істеу принципін қарастырамыз: https://physics.ru/courses/op25part1/content/chapter3/section/paragraph11/theory.html Мұғалім презентация бойынша айнымалы процесс, термодинамикалық цикл, қыздырғыш, тоңазытқыш ұғымдарын түсіндіреді, ПӘК Жұмыс істеу принципі Шынайы қозғалтқыштардын ПӘК-тері төмен екенін айтады: мысалы карбюраторлы қозғалтқыштардыкі – 30%, дизель – 40%, максимал ПӘК идеал козғалтқышта, Карно циклмен жұмыс атқаратын, бірақ оларда 100% болмайды. Циклдарды анимацияда көру https://www.youtube.com/watch?v=Aa3qmwX2Z0g. Жеке тапсырма Мұғалім әртүрлі деңгейлі есептерді ұсынады (әрбір оқушылар А деңгейінен бір есеп, В деңгейлі есепті толық шешімімен шығарады) А- деңгейі 1. Жылу машинасы әр цикл сайын қыздырғыштан 100 Дж алып, суытқышқа 60 Дж берсе, оның ПӘК-і тең… 2. Жылу машинасының ПӘК-і 30%. Жұмыс денесі қыздырғыштан 5 кДж жылу алады. Жұмыс денесінің атқарған жұмысы неге тең? 3. Қыздырғышының температурасы 327 0С және суытқышының температурасы 127 0С жылу машинасының ПӘК-і қанша? В-деңгейі 4.Қыздырғышының температурасы 117 0С және суытқышының температурасы 27 0С.Жылу машинасының қыздырғыштан 1 с алатын жылу мөлшері 60 кДж болса, жылу машинасының 1 с суытқышқа берген жылу мөлшерін,жылу машинасының ПӘК-ін есепте және Сенки диаграммасын сызып құрастыр. | 2 слайд 3-5 слайд 6-7 слайд 8-10 слайд Формуласын дәптерге жазады 11-12 слайд | ||||||
Сабақтың соңы 5-минут | Мақсаттар бойынша сабақты қорытындылау Рефлексия. Мен білгенмін - 3 сөйлем Мен білдім - 3 сөйлем Үй жұмысы : Оқулық бойынша: § 8. 2 15-жаттығу № 11 | 13 слайд | ||||||
Бағалау |
Барлық оқушылар :
Оқушылардың көбі:
Кейбір оқушылар: Карно циклін түсіндіре алады | |||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| |||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?