Жылу қозғалтқыштары. Физика, 10 сынып, қосымша материал.


Тақырыбы: Жылу қозғалтқыштары

 Жылулық қозғалтқыш – жылу энергиясын механикалық жұмысқа түрлендіретін қозғалтқыш. Жылулық қозғалтқыш табиғи энергет. қорларды хим. немесе ядр. отын түрінде пайдаланады. Жылулық қозғалтқыш піспекті (поршеньді) қозғалтқыштар (іштен жану қозғалтқыштарының көпшілігі, бу машиналары), піспекті сығымдауыштар (компрессорлар мен сорғылар), роторлы қозғалтқыштар (мыс., Ванкель қозғалтқышы) және реактивті қозғалтқыштар болып бөлінеді. Осы түрлердің құрамасы түріндегі қозғалтқыштар да болуы мүмкін (мыс., турбореактивті қозғалтқыштар). Жұмыстық денені қыздыру үшін жылу беру тәсілі бойынша Жылулық қозғалтқыш іштен жану қозғалтқыштары және сырттан жану қозғалтқыштары (мыс., Стерлинг қозғалтқышы) болып ажыратылады.

Ұсынылатын активити.

 Сабақты термодинамиканың заңдарын қайталаудан бастаңыз. Электр дрелін (немесе басқа құрал) жұмыс істеу принципін көрсету арқылы энергияның түрленуін түсіндіріңіз. Оқушыларға энергияны түрлендірушілердің тізімін, соның ішінде жылу қозғалтқыштарының, іштен жану қозғалтқыштарының, жылу электр станцияларының және электр генераторлары, трансформатор және т.т. қатар бу қозғалтқыштарының тізімін беріңіз. Олардан осы түрлендіргіштердің практикалық тиімділіктерін зерттеуді сұраңыз және энергияны «жоғалту» себептерін ұсыныңыз.

  Жылудан пайдалы қуатты алу үшін қондырғы ретінде жылу қозғалтқышы түсінігін енгізіңіз және ПӘК-ті шектеу тәрізді термодинамиканың 2-ші заңын енгізіңіз. Мысалы, мынадай түрде:

 «Жылу энергиясынан пайдалы жұмысты алуға болатын ПӘК-і 100% немесе 100% -дан үлкен жылу қозғалтқышын жасау мүмкін емес».

 Жалпы ұсыныстар

 Оқушылар бұл тарауда нақты массасы бар идеал газ қарастырылатынын түсінуі қажет.

 Оқушыларды қолдау

 Оқушыларға жылу қозғалтқышында қысым мен көлемнің өзгеруін зерттеу үшін уақыт керек болуы мүмкін. Реальды қозғалтқыштар жылу жұмысқа қысым, көлем, температура және жұмыс денесінің фазасын басқару арқылы айналдырады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу