Жылу қозғалтқыштары. Физика, 10 сынып, сабақ жоспары.


Бөлім: Термодинамика негiздерi

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 10

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Жылу қозғалтқыштары

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

10.2.3.2 – жылу қозғалтқышының жұмыс істеу принципі мен қолданылуын сипаттау

 Сабақ мақсаттары

  • жылу қозғалтқыштардың ПӘК-ін есептеу;
  • Санкей диаграммасын қолдану арқылы есептер шығару;
  • жылу қозғалтқыштарында жылуды жоғалуды түсіндіру

 Жетістік критерийлері

Оқушылар мақсатқа жетеді, егер:

  • жылу қозғалтқыштардың ПӘК-ін есептесе;
  • Санкей диаграммасын қолдану арқылы есептер шығарса;
  • жылу қозғалтқыштарында жылуды жоғалуды түсіндірсе

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

жылу қозғалтқышының жұмыс істеу принципін академиялық тілмен түсіндірсе

Пәнге тән лексика мен терминология:

Қатты дене, сұйық дене, газ, еру процесң, қату процесі, қайнау, булану, конденсация

бөлшек, атом, молекула, қысым, көлем, температура, изотерма, ішкі энергия, жылу, жұмыс, ПӘК

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Энергия... нәтижесінде ауыстырылады

Жылу қозғалтқышы тиімсіз, өтйкені …

 Құндылықтарды дарыту

Топтық жұмыс арқылы коллаборативті мәдениетті дамыту

 Пәнаралық байланыс

Математика, ағылшын

 АКТ қолдану дағдылары

Интерактивті тақтаны қолдана алу, ноутбуктармен жұмыс істеу

Бастапқы білім

Оқушылар жылу энергиясы және температураның айырашылығын білу қажет;

Қатты денелер, сұйықтықтар мен газдар құрылымы, броундық қозғалыс, жылу энергиясын беру, ыстықтан суыққа берілетін жылу, жылулық тепе-теңдік;

Сонымен қатар конвекция, жылу өткізгіштік, сәулелену, балқу, конденсация, булану терминдерімен таныс болу керек;

Термометрлердің түрлері Цельсий және Кельвин шкалалары;

Меншікті жылу сыйымдылығы және дененің жылу өткізгіштігі;

Термодинамиканың бірінші бастамасы

Сабақ барысы

Жоспарланған сабақ кезеңі

Сабақтағы жоспарланған іс-шаралар

Ресурстар

Сабақтың басы

Сабаққа оқушыларды психологиялық дайындау;

Сабақтың тақырыбы оқу мақсаттарын анықтау және дәптерге жазу. Термодинамиканың заңдарын қайталау.

Мұғалім жылу қозғалтқышының анықтамасын және қолдану аясын түсіндіреді (видео). Мұғалім Жылу қозғалтқышы презентациясын көрсетіп басты мәліметтерді түсіндіреді.

Таратылатын материалдар

Сабақтың ортасы

Сабақты электр дрелін (немесе басқа құрал) жұмыс істеу принципін көрсету арқылы энергияның түрленуін түсіндіруден бастаңыз. Оқушыларға энергияны түрлендірушілердің тізімін, соның ішінде жылу қозғалтқыштарының, іштен жану қозғалтқыштарының, жылу электр станцияларының және электр генераторлары, трансформатор және т.т. қатар бу қозғалтқыштарының тізімін беріңіз. Олардан осы түрлендіргіштердің практикалық тиімділіктерін зерттеуді сұраңыз және энергияны «жоғалту» себептерін ұсыныңыз.

Жылудан пайдалы қуатты алу үшін қондырғы ретінде жылу қозғалтқышы түсінігін енгізіңіз және ПӘК-ті шектеу тәрізді термодинамиканың 2-ші заңын енгізіңіз. Мысалы, мынадай түрде:

«Жылу энергиясынан пайдалы жұмысты алуға болатын ПӘК-і 100% немесе 100% -дан үлкен жылу қозғалтқышын жасау мүмкін емес».

Бұл процесті Санкей диаграммасы арқылы сипаттауды ұсыныңыз.

Жылу қозғалтқыштардың негізінде жатқан физикалық заңдарды анықтау

Жылу қоғалтқыштардың ПӘК-ін анықтауға арналған есептер шығару.

Оқушылар есептерін шығарады

Марк-схема арқылы өз жұмыстарын тексереді.

Қажет болған жағдайда есептің дұрыс шығару жолын көрсетініз.

Мұғалім материалын таратады және қандай есептер шығарылуы керек екенін көрсетеді. Оқушылар берілген сұрақтарға жауап береді. Үлгерімі жоғары оқушылар қосымша есептер шығарады.

Қажет боллған жағдайда мұғалім қателерді дұрыстап, шығару жолын көрсетеді.

Үлгерімі төмен оқушылар есептерді тақтада шығарып? Шығарылу жолын түсіндіреді.

Қосымша тапсырмалар

Таратылатын материалдар

Сабақтың соңы

Мұғалім сабақ масаттарын оқушылармен бірге қайталайды

Саралау оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу