Жылу қозғалтқыштары. Физика, 10 сынып, сабақ жоспары.
Сабақ жоспары 10сынып.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 10.2.С Термодинамика негіздері | Мектеп: Қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы жалпы білім беретін мектеп | |||||
Күні:
| Мұғалімнің аты-жөні: | |||||
Сынып: 10
| Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |||||
Сабақ тақырыбы | Жылу қозғалтқыштары.
| |||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | Жылу қозғалтқыштың жұмыс істеу принципі мен қолданылуын сипаттау; | |||||
Сабақ мақсаттары | Оқушылар орындай алады: Термодинамиканың негізгі заңдарын білу; Жылу қозғалтқышының жұмыс жасау принципін және қолданылуын түсіндіру; Жылу қозғалтқышының пәк формуласын қолдану. | |||||
Бағалау критерийлері | Білу Жылу двигателінің жұмыс істеу принципін біледі Түсіну Жылу двигателінің барлық түрлерін біледі. Қолдану ПӘК формуласын есептер шығаруда қолданады.
| |||||
Тілдік мақсаттар
| Пәндік сөздік қор/Пәндік лексика мен терминология: Ішкі энергия, жылу, жұмыс Термодинамиканың бірінші заңы Термодинамиканың екінші заңы. Диалогқа/жазуға қажетті сөз тіркестері : Энергия ... нәтижесінде жоғалады. Жүйеге берілген жылу.......жұмсалады. Мәнгі қозғалтқышты жасау мүмкін емес. | |||||
Құндылықтарды дарыту
| Физиканың тарихын, әртүрлі физикалық теориялардың дамуын бағалау.
| |||||
Пәнаралық байланыстар | Математика | |||||
АКТ қолдану дағдылары | Ноутбуктер, веб-сайттар, электронды калькуляторлар қолдану. | |||||
Бастапқы білім | 8сынып: жылу мөлшері, меншікті жылусыйымдылық, газ жұмысы, пайдалы әсер коэффициенті. 10-сынып: температуралық шкалалар, газ заңдары, молекула-кинетикалық теория.
| |||||
Сабақ барысы | ||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||
Сабақтың басы
| Сабақ басында мұғалім: Сабақтың мақсаты және міндетімен таныстырады. 1.Қызығушылығын ояту. (D) Оқушаларға бу қозғалтқышын демонстрациялайтын видео көрсетіңіз және оның жұмысы кезінде туындайтын энергияның түрленуін талқылатыңыз.
| Бу қозғалтқышы: | ||||
Сабақтың ортасы
| 2. Мағынаны тану G) Оқушыларға жылу қозғалтқыштардың мысалдарын: іштен жану қозғалтқышы, жылу электростанциясы және бу машинасын т.с.с ұсыныңыз. Оларға бұл машиналардағы энергия «жоғалу» себептерін талдауды тапсырыңыз.
(T) Оқушылардан осындай нақты және идеалды қозғалтқыштардың ПӘК() үшін теңдеу жазуды сұраңыз: және берілген формулаларды қолдануға деңгейлік есептер ұсыныңыз. (І/f) Жылу қозғалтқыштарының ПӘК-ін есептеуге байланысты әртүрлі сұрақтарды қойыңыз. Бекіту сұрақтары: 1.Жылу қозғалтқышы деген не?Жылу қозғалтқыштардың түрлерін ата. 2.Жылу қозғалтқыштардағы энергияның түленуіне сипаттама бер. 3.Іштен жану қозғалтқыштың негізгі бөліктерін ата. 4.Қай процесті циклдік деп атаймыз? 5.Қай цикл тура, ал қай цикл кері деп аталады? 6.Жылу қозғалтқыштың жұмыс істеу принциптері қандай? 7.Карноның идеал машинасы деген не? Ол қалай жұмыс жасайды? 8.Карно циклі деген не? Есептер шығару: 1. Карно циклі бойынша жұмыс істеп жатқан қозғалтқыш бір циклде 735 кДж жұмыс атқарды. Қыздырғыштың температурасы 100 0С, ал салқындатқыштың температурасы 0 0С. Бір циклде қыздырғыштан алған жылу мөлшері қандай? 2. Қыздырғыштың температурасы 390 К, ал салқындатқыштың температурасы 300 К. Жұмыс денесі 1 с ішінде қыздырғыштан 6∙104 Дж жылу мөлшерін алса, онда жылу қозғалтқыштың ПӘКі мен қуаты қандай болғаны? 3. Жылу қозғалтқыштың жұмыс денесі қыздырғыштан алған әр килоджоуль энергиядан 300 Дж жұмыс жасайды. Салқындатқыштың температурасы 290 К. Қыздырғыштың температурасын және қозғалтқыштың ПӘКіп табыңдар. 4. Қыздырғыштың температурасы 800 К, ал салқындатқыштың температурасы 300 К. Қозғалтқыштың ПӘКін тап. 5. Қыздырғыштың температурасы 520 0С, ал салқындатқыштың температурасы 20 0С. Қыздырғыштан 107 Дж жылу мөлшерін алған қозғалтқыштың жұмысын тап. 6. 58 км/сағ жылдамдықпен келе жатқан мотороллердің қуаты 3,31 кВт және ПӘКі 20%. Мотороллер багінде бензин боса, ол сол жылдамдықпен қозғала отырып қандай жол жүре алады? (q б = 46∙106 Дж/кг; ρ б = 710 кг/м3 | Жылу қозғалтқышының жұмыс істеу принципі: https://www.youtube.com/watch?v=NDt2g7vsNY0 Бу қозғалтқышы: | ||||
Сабақтың соңы | Үйге тапсырма: §5.10,5.11. Жылулық қозғалтқыштар. Жылулық қозғалтқыштардың ПӘК. Есептер шығару 12-жаттығу. №8-15 , Оқулық «Физика-10»
Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді: - нені білдім, нені үйрендім - нені толық түсінбедім - немен жұмысты жалғастыру қажет | Оқулық «Физика-10», Есептер жинағы-10класс.
| ||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||
Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін. Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады | Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз | Денсаулық сақтау технологиялары. Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері. Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары | ||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| |||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?