Термодинамика заңдарын қолдану. Физика, 10 сынып, дидактикалық материал.


Деңгейлік тапсырмалар

1 деңгей. (Әр дұрыс жауап 1 ұпай)

1. Сыртқы күштер газға қатысты 300 Дж жұмыс атқарды. Ал оның ішкі энергиясы 100 Дж артты. Осы процесс барысында газ

А) 200 Дж дылу мөлшерін алды

В) 100 Дж жылу мөлшерін берді

С) 200 Дж жылу мөлшерін берді

D) 400 Дж дылу мөлшерін алды.

2. Берілген Тp диаграммасында тұрақты массады бір атомды идеал газ күйінің өзгеру процессі көрсетілген. Газға берілген жылу мөлшері 100 кДж. Газ атқарған жұмыс қаншаға тең?

А) 0

В) 100 кДж

С) 50 кДж

D) 25 кДж

3. Тp диаграммасында бір атомды идеал газ күйінің өзгерісі көрсетілген. Газ 3 кДж жұмыс атқарды. Газға берілген жылу мөлшері қанша?

А) 0

В) 1 кДж

С) 3 кДж

D) 4 кДж.

4. Қозғалтқыштың цилиндрінде тұрған газ қыздырғыштан 10 кДж жылу мөлшерін алды.одан кейін ол 15 кДж жұмыс атқара отырып, ұлғайды. Осы процесстердің нәтижесінде газдың ішкі энергиясы қаншаға кеміді?

А) 15 кДж

В) 25 кДж

С) 5 кДж

D) 10 кДж.

5. Берілген Тp диаграммасында тұрақты массады бір атомды идеал газ күйінің өзгеру процессі көрсетілген. Газ 5 кДж жұмыс ақарды. Газ алған жылу мөлшері қанша?

А) 0

В) 3 кДж

С) 3,5 кДж

D) 5 кДж.

6. Қай процессте газға берілген жылу мөлшері газ атқарған жұмысқа тең болады?

А) Изохоралық

В) Изобаралық

С) Адиабаталық

D) Изотермалық

7. Идеал газға сыртқы күштер 300 Дж жұмыс жасады және газдың ішкі энергиясы 500 Дж артты. Осы процессте газ ...

А) 100 Дж жылу мөлшерін берді

В) 400 Дж жылу мөлшерін алды

С) 200 Дж жылу мөлшерін алды

D) 400 Дж жылу мөлшерін берді

Жауаптары:

1

2

3

4

5

6

7

С

В

С

С

D

D

C

2 деңгей. (Әр дұрыс жауап 2 ұпай)

1. Графикте бір атомды идеал газдың қысымының көлемге тәуелділігі көрсетілген. Газ 3 кДж жұмыс атқарады. Газ 1-ші күйден 2-ші күйге өткенде алатын жылу мөлшері қандай?

Жауабы: 3 кДж.

2. Суретте pV диаграммасы берілген. Диаграммасында тұрақты массады бір атомды идеал газ күйінің өзгеру процессі көрсетілген. Газдың ішкі энергиясы 20 кДж артты. Газ алған жылу мөлшері қанша?

Жауабы: 20 кДж.

3. 100 кПа қысымдағы 12 л көлемді алған газды изобаралы 300 К температурадан 400 К температураға қыздырды. Газ ұлғаюының жұмысын анықтаңдар

Жауабы: 400 Дж.

3 деңгей. (Әр дұрыс жауап 3 ұпай)

1. Берілген суретте идеал бір атомды газ 1-2-3 процестеріне қатысады. 1 күйде газдың қысымы 0,2*106 Па, көлемі 0,02 м3, температурасы 300 К. 1-2 процессте берілген газ үшін ішкі энергияның өзгерісін және 1-2-3 процесстерінде жүйеге берілген жылу мөлшерін анықтаңыз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу