Термодинамика заңдарын қолдану. Физика, 10 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Термодинамика негіздері | Мектеп: Павлодар қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебі | |||||||||||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Карибжанова Ә.К. | |||||||||||||||||||||||||
Сынып: 10 ҚГБ | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |||||||||||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Термодинамика заңдарын қолдану | |||||||||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 10.2.3.1 – термодинамиканың бірінші және екінші заңының мағынасын түсіндіру | |||||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары | Термодинамиканың бірінші және екінші заңдарының мағынасын түсіну, олардың қолданылуына назар аудару. | |||||||||||||||||||||||||
Жетістік критерийлері | Оқушылардың барлығы: - ішкі энергия, жылу мөлшері және жұмысқа сипаттама бере алады; - шамалардың арасындағы тәуелділікті біледі; - шамалар арасындағы тәуелділікті түсінеді; - шамалар арасындағы тәуелділікті орната алады. Бағалау түрі: Өткен білімді еске түсіруде және ой қозғау кезеңінде: Сұрақ-жауап, яғни нақтылау сұрақтары арқылы оқушылардың жауаптарын бағалауға болады; Мағынаны тану кезеңінде: топтар бір-бірін бағалайды, ол үшін жетістік критерийін оқушылар бірнеше критерий ішінен таңдап алады. Мағынаны ашу: постерді қорғауда, оқушылар бір-бірін бағаласа, ал бекіту тапсырмасында оқушылар өз-өздерін бағалай алады. | |||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Пәндік лексика және терминология:
Диалогқа қажетті сөз тіркесі: Энергия ... нәтижесінде ауыстырылады. Жылулық құбылыстар .... Термодинамика дегеніміз ... Термодинамикалық жүй дегеніміз... Жүйенің ішкі энергиясының өзгерісі... | |||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Құндылықтарды дарыту пәнге деген қызығушылықтарын арттыра отырып, мұғалім жағымды ынтымақтастық ортаны құру; оқушылармен бірге оқу мақсаттарына сәйкес жетістік критерийлерін бірге таңдайды; сабақ барысында ақпаратты іздеуде, тапсырмаларды жеке орындауда академиялық адалдыққа бағыттау; ақпарат барлық оқушыларға бір қалыпты бәріне бірдей беріледі және оқушы өз пікірін және ойын ашық білдіре алады; сабақ барысында ұқыптылыққа және өзіне және өзгелерге құрметпен қарауға бағыттау. | |||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Математика пәнімен және Дүниежүзі тарихы пәнімен байланыстыруға болады | |||||||||||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Интерактивті презентацияны қолдану. | |||||||||||||||||||||||||
Бастапқы білім | Газ заңдары. | |||||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 2 мин | Сабақ басында: Ұйымдастыру: Сәлемдесу. Сабақ барысымен таныстыру. | |||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 5 мин 4 мин 15 мин 10 мин 15 мин 15 мин 10 мин | Өткен білімді еске түсіру: Оқушыларға темір білеуше таратып береміз. 1. Алдарыңызда жатқан темір білеушені қолдарыңызға алыңыздар. Не сездіңіздер? Алақандарыныңздың ішкі энергиясы туралы не айтуға болады? (алақанымыз салқындады, ішкі энергияның өзгерісі т.с.с.). 2. Алақандарыңызды бір-біріне үйкелеңіздер. Не сезуге болады? (оқушылар алақан қызғандығын, ішкі энергияның өзгеруі туралы пікірлер айтады). Осы тәжірибе арқылы өткен білімді еске түсіреміз. Ішкі энергия дегеніміз не? Ішкі энергияны қалай өзгертуге болады? Жұмыс атқару? Жылу қалай беріледі? Ой қозғау: Сабақ тақырыбы мен мақсатын айқындау үшін: сыныпта тәжірибе жасау. Көрсетілім: Түтікшеге су құйып, оны спирт шамымыен қыздырсақ, түтікшенің тығыз жабылған тығыны атып шығады. Неліктен? Оқушылар не байқағанын алдымен жұппен соңан соң сыныпта талдайды. Сабақ тақырыбын айту, оқу мақсатын жариялау. Жетістік критерийлерін оқушылармен бірге айқындап алу. Мағынаны тану: Ақпаратпен танысу. Оқушыларды түстер бойынша үш топқа бөлеміз. Әр топқа ақпарат ұсынылады. Оқушылар ақпаратпен танысады. Ақпаратты өздігінен талдай отырып негізгілерін бөліп алады. Топта ақпаратты талдайды және әр қайсысының тапсырмасына орай постер дайындайды. 1 топ: 1. Берілген заңдылықтар қандай шамалар арасындағы байланысты өрнектейді? 2. Заңдылық қалай тұжырымдалады және оның математикалық жазылуы қандай? 3. Термодинамиканың бірінші заңын изотермалық процессте қолдану. 2 топ: 1. Бұл заңды алғаш рет кім және қашан тұжырымдады? 2. Заңдылықтың ақиқаттығын дәлелдейтін тәжірибелер? 3. Термодинамиканың бірінші заңын изохоралық процессте қолдану. 3 топ: 1. Заңдылықтың практикадағы қолданылуы. 2. Заңдылықтардың қолданылу шегі. 3. Термодинамиканың бірінші заңын изобаралық процессте қолдану. Топтық жұмыстың критерийлері: Оқушылар барлығын өз рөлдерін дұрыс бөліп алуы тиіс. Барлық оқушылар өз міндетін дұрыс атқарады. Топтың барлық мүшесі жұмыс жасайды. Постердің нақты тапсырмаға сәйкес болуы; Постердің негізгі стилінің сақталуы. Оқушылармен талдай отырып топтық жұмыс критерін қосуға немесе кейбіреуін өзгертуге болады. Мағынаны ашу: Бекіту: Постерді қорғау. Оқушылар қорғауға әр топтан бір ғана спикер шығып дайындаған постерді қорғайды. Постерді қорғау критерйі: Постердің толық аяқталуы; Қорғаушының өз пікірін айқын және анық жеткізе алуы; Әр қорғаушыға берілген уақыттан асып кетпей, тапсырма мазмұнын нақты дәлелдер арқылы түсіндіре алуы. Тапсырмалар орындау: Оқушыларға сандық және сапалық есептер ұсынылады. Оқушылар өз таңдаған деңгейі бойынша тапсырмаларды орындайды. Жалпылау: Жалпы сабақ бойынша бүгінгі алған білімдерін жинақтау үшін, оқушыларға презентация арқылы жалпылау сұрақтарын қоя отырып, тақырыпты жалпылау. | Презентация. Әр оқушыға темір білеушелер. ішінде су тамшысы бар шыны түтік, Спирт шамы. Ақпарат немесе ғаламтор желісіне қосылған нотбуктар А3 форматты парақтар мен маркерлер Таймер. Тапсырмалар1 | ||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 4 мин | Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді: Жеке рефлексия. Сабақ бойынша қорытынды жасау. Оқушылар өз ойларын берілген стикелерге жазып, оны тақтаға іліп қояды. Үй тапсырмасы. Термодинамиканың бірінші заңының шығу тарихы бойынша бір қызықты деректі жазып келу. | |||||||||||||||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||||||||||||||||||
Топқа бөлінуде оқушылар өз қабілетіне сай топтағы рөлдерді таңдап алады. Деңгейлік тапсырмалар ұсыну | Топтық және постерді қорғау жұмыстарының жетістік критерийлеріне орай оқушылар топтық бағалау жүргізеді және оқушылар бір-біріне баға бере алады. Деңгейлік тапсырмаларды орындау барысында әр оқушы өз жауабын дұрыс жауаппен салыстыра отырып, өз-өзін бағалай алады | Көзге арналған гимнастика ұйымдастыруға болады. Кабинеттегі жалпы қауіпсіздік ережесінің сақталуы | ||||||||||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| |||||||||||||||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?