Термодинамика заңдарын қолдану. Физика, 10 сынып, дидактикалық материал.
- Қосымша
Кестені толтырыңдар
Процесс атауы | Термодинамиканың I заңының жазылуы |
2-қосымша
Изотермиялық сығылу.
Сыртқы күштер жұмыс жасағанда, газ сығылады,
.
Изотермиялық процесc үшін T- const, T=0, бұдан
U= 3/2 v RT=0 (ішкі энергия өзгермейді). Q = -A < 0
Q<0 (жылу қоршаған ортаға бөлінеді), -A= A/.
-Q = -A = A/ (сыртқы күштер жұмыс жасағанда жылу қоршаған ортаға бөлінеді).
Изотермиялық сығылу процесі үшін термодинамиканың бірінші заңы: Q = A.
Изотермиялық ұлғаю.
Газ жұмыс жасағанда, газ көлемі ұлғаяды,
.
Изотермиялық процесc үшін T- const, T=0, бұдан
U= 3/2 v RT=0 (ішкі энергия өзгермейді). Q = A 0
Q0 (жылу жұтылады). Газ қоршаған ортадан жылу жұту арқылы жұмыс жасайды.
Изотермиялық ұлғаю процесі үшін термодинамиканың бірінші заңы: Q = А.
Изобаралық қыздыру.
Изобаралық қыздыруда температура артады T>0 ,ішкі энергия да артады U>0), газ жұмыс жасайды, газ қоршаған ортадан жылу жұтады.
Изобаралық қыздыру процесі үшін термодинамиканың бірінші заңы: Q = U + A
Изобаралық салқындау
Изобаралық салқындауда температура кемиді T<0 , ішкі энергия да кемиді U<0 ), сыртқы күш жұмыс жасайды, газ қоршаған ортаға жылу бөледі: -Q = - U – A.
Изобаралық салқындау процесі үшін термодинамиканың бірінші заңы: Q = U + A
Изохоралық қыздыру
Изохоралық қыздыруда T>0, ішкі энергия артады U>0),
V=0 болғандықтан, жұмыс A=pV=0,
жылу жұтылатындықтан, Q>0.
Газдың ішкі энергиясы қоршаған ортадан жұтылған энергия есебінен артады.
Изохоралық қыздыру процесі үшін термодинамиканың бірінші заңы: U=Q.
Изохоралық салқындау.
Изохоралық салқындауда T<0 ), ішкі энергия кемиді U<0 , болғандықтан, жұмыс A=pV=0, жылу бөлінеді Q<0.
- U=-Q. Газ қоршаған ортаға жылу бөлетіндіктен, оның ішкі энергиясы кемиді.
Изохоралық қыздыру процесі үшін термодинамиканың бірінші заңы: U=Q.
Адиабаталық сығылу.
Адиабаталық процесс деп газдың көлемі мен қысымының өзгеруі қоршаған ортамен жылу алмасусыз өтетін процесті айтады (мысалы, дизельдік қозғалтқышта газдың сығылуы)
Адиабаталық сығылуда температура артады T>0 , ішкі энергия артады U>0), сыртқы күштер жұмыс жасайды 0, Q=0.
Tермодинамиканың бірінші заңы: U=A
Адиабаталық ұлғаю.
Адиабаталық ұлғаюда температура төмендейді T<0 , ішкі энергия кемиді U<0), газ жұмыс жасайды 0, Q=0.
Газ ішкі энергияның кемуі есебінен жұмыс жасайды.
Термодинамиканың бірінші заңы: U=A.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?