Термодинамика заңдарын қолдану. Физика, 10 сынып, сабақ жоспары.


Физика пәні бойынша ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ САБАҚ ЖОСПАРЫ

Мектеп:

Мұғалім:

Күні:

Сынып: 10

Бөлім 10.1 С Жылу физикасы – молекулалық физика

Сабақтың тақырыбы

Термодинамика заңдарын қолдану

Оқу мақсаттары

10.2.3.1 – термодинамиканың бірінші және екінші заңының мағынасын түсіндіру, сипаттау;

Сабақтың мақсаты

  • термодинамиканың бірінші және екінші заңдарының тұжырымдамасын білу;
  • термодинамиканың бірінші және екінші заңдарының физикалық мағынасын түсіну;
  • термодинамиканың бірінші заңының математикалық өрнегін білу және оны изопроцестерге қолдану;
  • изотермалық және адиабаталық процестердің графиктеріндегі айырмашылықты түсіну

Бағалау критерийлері

Оқушы:

  • термодинамиканың бірінші және екінші заңдарын тұжырымдай алады;
  • дененің ішкі энергиясын өзгертудің 2 тәсілін атайды;
  • газдың жұмысы мен сыртқы күштің жұмысын ажырата алады;
  • термодинамиканың бірінші заңын изопроцестерді түсіндіру үшін қолдана алады;
  • изотермалық және адиабаталық процестердің графиктерін салады;
  • алынған нәтижелерді талдап, бағалай алады.

 Тілдік мақсаттар

Пәндік лексика және терминология:

ішкі энергия, жылу, жұмыс, изобара, изохора, изотерма, адиабата,

термодинамиканың бірінші заңы, термодинамиканың екінші заңы

Диалогқа/жазуға қажетті сөз тіркестері:

Энергия ... нәтижесінде ауыстырылады.

Жылулық құбылыстар ....

Термодинамика дегеніміз ...

Термодинамикалық жүй дегеніміз...

Жүйенің ішкі энергиясының өзгерісі...

 Алдыңғы білім

Физика, 10 сынып: Бөлім 10.1 В. МКТ

Физика, 8 сынып: газ қысымы, температура, жылу мөлшері, ішкі энергия.

 Пәнаралық байланыс

Химия: мольдік масса, универсал газ тұрақтысы.

 АКТ-ны

 қолдану дағдылары

Интернет-ресурспен жұмыс жасағанда (edmodo.com) жүзеге асады.

Сабақ барысы

Жоспарлан-ған сабақ кезеңі

Сабақтағы жоспарланған іс-шаралар

Ресурстар

Білімнің өзектілігі

Мақсат қою

0-15 мин

(W) Сабақтың басталуы:

а) оқушыларды сабаққа психологиялық дайындау;

  • Анықтамалар

Тақтада

Жаңа материалды меңгеру

10-15 мин

15-25 мин

25-40 мин

40-45 мин

(D, W)

б) сабақтың мақсатын анықтау;

в) сабақтың тақырыбын хабарлау;

г) оқушыларға бағалау критерийлерімен танысуды ұсыну.

«Термодинамика заңдары» фильмі.

Фильмдегі ақпаратты талқылау:

  • Фильмнен не туралы білдіңдер?
  • Бұл фильм екі негізгі заңдардың энергияны барша Әлем бойынша қолдануға болатынын немесе болмайтынын түсіндіреді)
  • Қандай маңызды деректер алдыңдар?
  • Термодинамиканың 1 заңы энергия не пайда болмайтынын, не жоғалмайтынын тұжырымдайды.
  • Термодинамиканың 2 заңы энергияны бір түрден екінші түрге 100% тиімділікпен тасымалдау мүмкінсіздігін көрсетеді.
  • Әлем – шектелген жүйе, сондықтан оның энергия мөлшері шектеулі.
  • Жермен 65 миллион жыл бұрын соқтығысқан астероид жаңа энергия түзудің орнына энергияны тасымалдайды
  • Термодинамиканың 1-заңының мағынасы неде?
  • Энергияның қандай түрлерін білесіңдер?
  • Энергияның бір түрден екінші түрге айналуына қандай мысалдар келтіре аласыңдар?
  • Термодинамиканың 1-заңын энергияның сақталу заңы ретінде қарастыруға бола ма?

(G) Оқулықпен жұмыс:

Оқушылар топтарға бірігіп, термодинамиканың бірінші заңының қолданылуымен танысады ( қосымша- 2 материалды қолдануға болады)

1-топ: Изобаралық процесс

2-топ: Изохоралық процесс

3-топ: Изотермиялық процесс

4-топ: Адиабаталық процесс

Топтар таныстырылым жасайды.

Таныстырылым кезінде басқа оқушылар кестені толтырады.

Процесс атауы

Термодинамиканың I заңының жазылуы

  • Топ

Изотермиялық сығылу

Сыртқы күштер жұмыс жасағанда, газ сығылады,

.

Изотермиялық процесc үшін T- const, T=0, бұдан

U= 3/2 v RT=0 (ішкі энергия өзгермейді). Q = -A < 0

Q<0 (жылу қоршаған ортаға бөлінеді), -A= A/.

-Q = -A = A/ (сыртқы күштер жұмыс жасағанда жылу қоршаған ортаға бөлінеді).

Изотермиялық сығылу процесі үшін термодинамиканың бірінші заңы: Q = A.

Изотермиялық ұлғаю.

Газ жұмыс жасағанда, газ көлемі ұлғаяды,

.

Изотермиялық процесc үшін T- const, T=0, бұдан

U= 3/2 v RT=0 (ішкі энергия өзгермейді). Q = A 0

Q0 (жылу жұтылады). Газ қоршаған ортадан жылу жұту арқылы жұмыс жасайды.

Изотермиялық ұлғаю процесі үшін термодинамиканың бірінші заңы: Q = А.

  • Топ

Изобаралық қыздыру.

Изобаралық қыздыруда температура артады T>0 ,ішкі энергия да артады U>0), газ жұмыс жасайды, газ қоршаған ортадан жылу жұтады.

Изобаралық қыздыру процесі үшін термодинамиканың бірінші заңы: Q = U + A

Изобаралық салқындау

Изобаралық салқындауда температура кемиді T<0 , ішкі энергия да кемиді U<0 ), сыртқы күш жұмыс жасайды, газ қоршаған ортаға жылу бөледі: -Q = -  U – A.

Изобаралық салқындау процесі үшін термодинамиканың бірінші заңы: Q = U + A

  • Топ

Изохоралық қыздыру

Изохоралық қыздыруда  T>0, ішкі энергия артады U>0),

V=0 болғандықтан, жұмыс A=pV=0,

жылу жұтылатындықтан, Q>0.

Газдың ішкі энергиясы қоршаған ортадан жұтылған энергия есебінен артады.

Изохоралық қыздыру процесі үшін термодинамиканың бірінші заңы: U=Q.

Изохоралық салқындау.

Изохоралық салқындауда  T<0 ), ішкі энергия кемиді U<0 , болғандықтан, жұмыс A=pV=0, жылу бөлінеді Q<0.

U=-Q. Газ қоршаған ортаға жылу бөлетіндіктен, оның ішкі энергиясы кемиді.

Изохоралық қыздыру процесі үшін термодинамиканың бірінші заңы: U=Q.

  • Топ

Адиабаталық сығылу.

Адиабаталық процесс деп газдың көлемі мен қысымының өзгеруі қоршаған ортамен жылу алмасусыз өтетін процесті айтады (мысалы, дизельдік қозғалтқышта газдың сығылуы)

Адиабаталық сығылуда температура артады  T>0 , ішкі энергия артады U>0), сыртқы күштер жұмыс жасайды 0, Q=0.

Tермодинамиканың бірінші заңы: U=A

Адиабаталық ұлғаю.

Адиабаталық ұлғаюда температура төмендейді  T<0 , ішкі энергия кемиді U<0), газ жұмыс жасайды 0, Q=0.

Газ ішкі энергияның кемуі есебінен жұмыс жасайды.

Термодинамиканың бірінші заңы: U=A.

Термодинамиканың екінші заңы

табиғаттағы барлық процестер қайтымсыз.

Тұйық жүйеде жылу салқынырақ денеден қызған денеге берілетін процесс мүмкін емес.

Бағалау критерийлері:

  • термодинамиканың бірінші заңын изопроцестерді түсіндіру үшін қолдана алады;
  • изотермалық және адиабаталық процестердің графиктерін салады;
  • алынған нәтижелерді талдап, бағалай алады.

РРt (слайдтар)

Термодинамика заңдары (2 мин)

https://twig-bilim.kz/kz/film/laws-of-thermodynamics

 

 

Оқулық:

Физика,10-сынып, Б.Кронграт, В.Кем, Н.Қойшыбаев. Алматы, «Мектеп», 2010.

Қосымша- 1

 

С.Н. Шахмаев, Физика 10, 68-69 беттер

 

 

 

 

 

 Қосымша -2

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

https://interneturok.ru/embed/Yr44LY4Xh3

2.09-3.06;

5.22-5.40

Жаңа материалды бекіту

45-75 мин

(W) Есеп шығару

2.265-2.271

Оқушылар есептерді тақтада шығарады.

Өзара тексеру жүргізіледі.

Бағалау критерийлері:

  • Термодинамиканың бірінші заңын изопроцестерді түсіндіру үшін қолдана алады;

Тұяқбаев С., Тынтаева Ш., Бақынов Ж.. Физика, Есептер жинағы, «Мектеп», 2010 (§ 2.9.)

Рефлексия

Үй тапсырмасы

75-80 мин

(І) Кері байланыс жасау.

Сабақ барысында қандай қиындықтар туындады?

Не жеңіл болды?

(Т) Үй жұмысын түсіндіру.

Оқулықтан оқуға: § 5.7; 5.8; 5.12

Физика,10-сынып, Б.Кронграт, В.Кем, Н.Қойшыбаев. Алматы, «Мектеп»,2010.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабаққа рефлексия жасау кезінде берілген сұрақтарға жауап беруге тырысыңыз. Сұрақтың құрылымын жабасаңыз болады.

  • Оқушылардың барлығы оқу мақсатына жетті ме? Жетпесе, неліктен?
  • Қолданылған дифференциация сабақтың мақсатына жетуге қалай ықпал етті?
  • Сабақ кезеңдері уақытқа сай жүзеге асты ма?
  • Сабақ жоспарында қандай ауытқулар болды? Неліктен?
  • Сабақты жақсартуда не ықпал етер еді (оқыту мен оқу туралы ойланыңыз)?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу