Идеал газ күйінің теңдеуі. Изопроцестер. Физика, 10 сынып, сабақ жоспары.
САБАҚ: № 15-16 10.1BЖылу физикасы - молекулалық физика | Мектеп: | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сынып: 10 | Қатысқандар саны: | қатыспағандар: | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы: Идеал газ күйінің теңдеуі. Изопроцестер. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары | 10.2.2.1 – идеал газ күйінің негізгі теңдеуін қолдану және изопроцестер графиктерін ажырату | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаты | Барлық оқушылар: идеал газдың күй теңдеуін, газ заңдарының тұжырымдамасын білу; Изопроцесстердің графиктерін айыра білу; Изотермиялық, изохоралық және изобаралық процестерді бір-бірінен айыра алу; Басым бөлігі: тұрақты температурада газ көлемі мен қысымның өзгеріс процесін, тұрақты қысымда температура мен газ көлемнің өзгеріс процесін, тұрақты көлемде температура мен газ қысымының өзгеріс процестерін айыра білу; Изопроцестердің графиктерін PT, VT, PV координата осінде салу; рV, pT, VT– диаграммаларында берілген графиктердің әрбір бөлігіне сәйкес келетін процестерді білу; Кейбір оқушылар: газ заңдарын изопроцестерге байланысты есептер шығаруда қолдану, Изопроцестердің өзгеру процестері графиктерін PT, VT, PV координата осінде түрлендіріп сала алу; | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері |
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Пәндік лексика мен терминология:
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: Егер температура тұрақты болса, қысым ...., көлем ... Егер көлем тұрақты болса, қысым ...., температура... Егер қысым тұрақты болса, көлем...., температура... | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Жалпыға бірдей еңбек қоғамы.оқушылардың өз бетімен жұмыс жасау, іздену қабілеттерін арттыру | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Математика, химия | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | оқушылар әртүрлі ақпарат көздерінен алынған мәліметтердің өздеріне қажеттісін саралай алады, қолдана алады. Сілтеме виртуалды зертхана http://www.virtulab.net/index.php?option=com_content&view=category&layout=blog&id=39&Itemid=99 | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Алдыңғы білім | 8 -сынып: қатты денелер, сұйықтықтар мен газдар құрылымы; броундық қозғалыс ; газқысымы; p= F/A; жылу энергиясын беру; ыстықтан суыққа берілетін жылу ағыны; жылулық тепе-теңдік; қарапайым молекулалы-кинетикалық модель. 9 -сынып: Ньютон механикасының заңдары және қозғалыс заңын сақтау. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жоспар | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ қезеңдері | Сабақта орындалуы тиіс іс – әрекеттер | Оқыту ресурстары | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
5 минут |
Топқа бөлу: : «Қағаз қиындылары» арқылы 3 топқа бөлу. І топ «Қысым» ІІ топ «Көлем» ІІІ топ «Температура» 1.Өткен тақырыптар бойынша оқушылардың білімін пысықтау. (W) «Миға шабуыл» әдісі Мақсаты: Оқушыларға түрткі сұрақтар қою арқылы алдыңғы алған білімдерімен байланыстыра отырып жаңа тақырыпта туындайтын мәселерге жағдай жасау. Қойылатын сұрақтар:
ҚБ: «Бағдаршам» әдісі
| презентация қосымша 1 | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
20 минут 10минут | ІІ. Жаңа сабақты меңгерту 1). «Ой қозғау» Егер термодинамикалық параметрлердің біреуі тұрақты болып қалса, қалған параметрлер қалай өзгерер еді? (W) Мұғалім әрекеті: Ортаға сұрақ тастайды. Оқушылардың ойларын сұрайды Оқушы әрекеті: әр оқушы өз ойын қосады Мұғалім әрекеті: Сабақтың тақырыбы мен оқыту мақсаттарын таныстырады ( G)«Тұжырымдамалық карта» әдісі(постер) Мұғалім әрекеті: Бүгінгі өтіліп жатқан тақырып бойынша тұжырымдамалық карта жасау (постер) тапсырады. Карта тақырыпты ашатындай болуы керек. Картаға сурет, кесте, ойдың түйінді идеясы, график т.б. салуға не дайын материалды жапсыруға болады. Оқушыға оның қалай бағаланатыны жайлы критерийлер береді не айтады. Соңында әр топтың жұмысы сол критерий бойынша бағаланады. Мұғалім оқушыларға қосымша ақпарат беріп, толықтырып отырады. Оқушы әрекеті: Оқушылар оқулықпен жұмыс жасайды. Менделеев- Клапейрон теңдеуін қорытып шығарады. Әр топтан бір оқушы қорытып шыққан теңдеулерін қорғайды. Содан соң бөліп берілген изироцестер бойыннша жұмыстанады. Картаға сурет, кесте, ойдың түйінді идеясы, график т.б. салады не дайын материалды жапсырады. 1 топ: Изотермалық процесс (T=const) 2 топ: Изобаралық процесс (P=const) 3 топ: Изохоралық процесс (V=const) Дескриптор: - Изобаралық процеске анықтама береді, Гей-Люссак заңын қорытып шығарады; - Изотермалық процеске анықтама береді, Бойль-Мариотт заңын қорытып шығарады; - Изохорлық процеске анықтама береді, Шарль заңын қорытып шығарады - берілген сұрақ, тақырып толық ашылады; - графиктерін әр жағдайда салып көрсетеді; - безендірілуі. ҚБ: «Пайыздар сөйлейді» Белсенділік көрсетті, тапсырмаларды тиянақты орындады, мәселелерді шешу жолдарын айтты. Өз ойларын жеткізді, дәлелдейтін мысалдар келтірді. Тұжырымдамалық карта салған, дәлелдейтін мысалдар келтіре алмады.
Мұғалім әрекеті: Тапсырманы үйлестіреді, жұмыстың орындалуын қадағалайды. Есептің дұрыстығын тексереді. Дескрипторды ұсынады. Оқушы әрекеті: Оқушы жұмысты жеке орындайды және жұмысты тез орындауға тырысады.
ҚБ: «Өзара бағалау»
Мұғалім әрекеті: Әр топқа тапсырманы презентация арқылы береді. Оқушы әрекеті: Минипостерге изопроцесстің графиктерін салады 1топ
2 топ
3 топ i. Изохоралық процестің pV координата осінде; ii.Изохоралық процестің pТ координата осінде; iii.Изохоралық процестің VТ координата осінде; Дескриптор:
ҚБ. «Смайлик»
| http://bilimland.kz/index.php/kz/
http://www.youtube.com/watch?v=dQeCEqkE9eE https://www.youtube.com/watch?v=4KEp5RxwYf0 Идеалды газдың кері изотермиялық сығылу анимациясы: Қосымша 2 Қосымша 3 Қосымша 4 | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
5 минут | Рефлексия Сабақтың басында анықталған жетістік өлшемдеріне қол жеткіздік пе? - Бүгінгі сабақ кезіндегі іс-әрекетіңізге көңіліңіз толды ма? Неге?
Үйге тапсырма. Идеал газ күйінің теңдеуі. Изопроцестер 10 жаттығу | Қосымша 5 | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Қосымша ақпарат | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Дифференциалды оқыту – Көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз? | Бағалау – Оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз? | Пәнаралық байланыс Денсаулық және қауіпсіздік ережелері АКТ Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент) | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
«Тұжырымдамалық карта» әдісі арқылы қабілетті оқушылар көмекті қажет ететін оқушыларға жәрдемдеседі, ал «Белгісізді тап» әдісі арқылы есептің барлығын шығарады. | «Миға шабуыл» әдісі ҚБ: «Бағдаршам» әдісі «Тұжырымдамалық карта» әдісі ҚБ «Пайыздар сөйлейді» «Белгісізді тап» әдісі ҚБ: «Өзара бағалау» «Минипостермен жұмыс» ҚБ: «Смайлик» | Физика кабинетінде қауіпсіздік техникасын сақтау ережесін білу. Психологиялық ахуал. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Рефлексия Сабақ мақсаттары /оқыту мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге асты ма? Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? |
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жалпы бағалау Ең жақсы өткен екі тапсырманы атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты) 1: 2: Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқытуға және үйренуге қатысты)? 1: 2: Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпаратты білдім? |
Қосымша 1
«Миға шабуыл» сұрақтары
- Макроскоптық денелер деп нені түсінесіңдер?
- Қандай параметрлер макроскоптық деп аталады?
- Температураның физикалық мағынасы қандай?
- Қандай температуралық шкалаларды білесіңдер?
- Молекулалы-кинетикалық теорияның негізгі теңдеуі қандай?
- Больцман тұрақтысының физикалық мағынасы қандай?
- Молекулалардың хаосты қозғалысының орташа кинетикалық энергиясы жүйенің температурасымен қалай байланысқан?
Қосымша 2
Қосымша деректер
1. Изотермиялық процесс:
Тұрақты температурада өтетін процесс изотермиялық процесс деп аталады.
.
Изотермиялық процесті сипаттайтын заңды ағылшын ғалымы Бойль мен француз ғалымы Мариот бір-бірінен тәуелсіз, тәжірибе жүзінде алды. Сондықтан бұл заң Бойль-Мариот заңы деп аталады.
Берілген газдың массасы үшін тұрақты температурада газ қысымының көлемге көбейтіндісі тұрақты болады.
немесе
Изотермиялық процесті сипаттайтын графикті изотерма деп атайды. Графикте Т1<Т2.
2. Изобаралық процесс:
Тұрақты қысымда өтетін процесс изобаралық процесс деп аталады.
.
Изобаралық процесті сипаттайтын заңды француз ғалымы Гей-Люссак тәжірибе жүзінде алды. Сондықтан бұл заң Гей-Люссак заңы деп аталады.
Берілген газдың массасы үшін тұрақты қысымда газ көлемінің температураға қатынасы тұрақты болады.
немесе .
Гей-Люссак заңын Цельсий шкаласындағы температураны пайдаланып келесі түрде жазылады:
мұндағы: - температурадағы газ көлемі, - температурадағы газ көлемі, - газ көлемінің ұлғаюының температуралық коэффициенті.
Изобаралық процесті сипаттайтын графикті изобара деп атайды. Графикте р1<р2.
3. Изохоралық процесс:
Тұрақты көлемде өтетін процес изохоралық процесс деп аталады.
.
Изохоралық процесті сипаттайтын заңды француз ғалымы Шарль тәжірибе жүзінде алды. Сондықтан бұл заң Шарль заңы деп аталады.
Берілген газдың массасы үшін тұрақты көлемде газ қысымының температураға қатынасы тұрақты болады.
немесе .
Шарль заңын Цельсий шкаласындағы температураны пайдаланып келесі түрде жазылады:
,
мұндағы: - температурадағы газ қысымы, - температурадағы газ қысымы, - газ қысымының температуралық коэффициенті.
Изохоралық процесті сипаттайтын графикті изохора деп атайды. Графикте V1<V2.
Қосымша 3
- Көлемі 33л ыдыстағы температурасы 310К газдың қысымы 160кПа. Газдың зат мөлшері қаншаға тең?
- Газ изотермалық түде 8л көлемнен 6л көлемге дейін сығылған. ға артқан. Бастапқы қысымды анықтаңдар.
- Егер ыдыстың қабырғасы 20 температурада 1568Н/см2 қысымға шыдайтын болса, массасы 6,4кг оттегі бар баллонның ең кіші көлемі қандай болу керек?
- Массасы20г гелий көлемі 32л, қысымы4,Па болатын бірінші күйден өте баяу түрде көлемі 9л,қысымы 15,5 105Па болатын күйге өтеді. Осы процесс кезінде газ қандай ең үлкен температураға дейін қызады.
Қосымша 4
Минипостермен жұмыс. Изопроцестер. График салу.
1топ
- Изотермиялық процестің pV координата осінде;
- Изотермиялық процестің pТ координата осінде;
- Изотермиялық процестің VТ координата осінде;
2 топ
- Изобаралық процестің pV координата осінде;
- Изобаралық процестің pТ координата осінде;
- Изобаралық процестің VТ координата осінде;
3 топ
i. Изохоралық процестің pV координата осінде;
ii.Изохоралық процестің pТ координата осінде;
iii.Изохоралық процестің VТ координата осінде;
Қосымша 5
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?