Кристалл және кристалл емес заттар. Физика, 10 сынып, презентация.
Сұрақтар:
• Молекула-кинетикалық теория нені зерттейді?
• Молекула-кинетикалық теорияның негізгі қағидалары қандай?
• Молекула-кинетикалық теорияның негізгі ережелеріне дәлел ретінде мысалдар келтіріңіз
Суретте қатты дене, сұйық және газ молекулалары немесе атомдары көрсетілген. Заттың күйін анықтаңыз. Жауабыңызды түсіндіріңіз
1 2 3
Қатты дене
Сұйық
Газ
Кристалл және кристалл емес заттар
Қатты дене модельін МКТ негізінде сипаттау;
Сұйықтың модельін МКТ негізінде сипаттау;
Газдың модельін МКТ негізінде сипаттау;
Сабақтың мақсаты:
Бағалау критерийлері:
Білу
Қатты заттардың молекулалық құрылымының ерекшеліктері мен қасиеттерін біледі.
Сұйықтардың молекулалық құрылымының ерекшеліктері мен қасиеттерін біледі.
Газдардың молекулалық құрылымының ерекшеліктері мен қасиеттерін біледі.
Түсіну
Молекула-кинетикалық теорияның негізгі ережелеріне дәлел ретінде мысалдар келтіреді
Барлық денелер бөлшектерден тұрады
Тапсырма 1. Тексті оқып шығып, зат күйлерін анықтаңыз.
Неліктен қатты заттар сығылмайды?
Қатты заттың құрамындағы бөлшектер бір-біріне өте жақын орналасқан. Сондықтан олар сығылмайды. Қатты заттың бөлшектері бір-біріне өте жақын орналасқан, олардың нақты көлемі және пішіні болады. Қатты зат бөлшектерінің арасында тартылыс күштері жоғары болады. Бөлшектерінің энергиясы төмен болады, олар қозғалмайды, тек қана бір орында тербеліп тұрады. Қатты зат өте тығыз болып келеді.
Неліктен газ сығылады?
Газдың құрамындағы бөлшектер бір-бірінен өте алыс орналасқан, сондықтан оларды сығуға болады. Олардың нақты белгіленген көлемі болмайды. Олардың арасында өте әлсіз тартылыс күштері бар. Бөлшектерінің энергиясы өте жоғары, сондықтан олар әр бағытта өте жылдам қозғала алады. Жабық ыдыстың түгел кеңістігін алады (диффузия). Олар тығыз емес.
Неліктен сұйық ағады?
Сұйық заттың құрамындағы бөлшектер бір-біріне өте жақын орналасқан. Олардың нақты белгіленген көлемі болады, бірақ олар пішінін өзгерте алады. Сұйық заттың бөлшектері ретсіз, кездейсоқ орналасқан. Бөлшектердің энергиялары орташа, сондықтан олар қозғала алады. Сондықтан да сұйықтық ағады. Біз оны сұйықтықтықты ыдысқа құйғанда, ол ыдыс көлемін алғаннан көре аламыз. Олардың тығыздығы қатты затттардың тығыздығынан аз болады.
Сұрақтар:
• Неліктен қатты заттардың балқуы үшін энергия қажет?
• Неліктен сұйықтықтың қайнауы үшін энергия қажет?
• Неліктен сұйықтар қайнау нүктесінен төмен буланады?
• Неліктен қатты денелер мен сұйықтар көлемін сақтайды?
• Неліктен газ берілген контейнердің барлық көлемін алады?
Симулятор:
https://phet.colorado.edu/sims/html/states-of-matter-basics/latest/states-of-matter-basics_en.html
Тапсырма 3. Жеке жұмыс.
«Қатты денелер, сұйықтар және газдар»https://twig-bilim.kz/kz/film/solids-liquids-and-gases
Тест жауаптары:
The Matter Song (Solid or a Liquid or a Gas)
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?