Қатты денелердің құрылымы. Физика, 10 сынып, сабақ жоспары.
САБАҚ ЖОСПАРЫ
Сабақ тақырыбы: | Қатты денелердің құрылымы | Мектеп: НЗМ, Петропавл қ. | ||||
Күні: | Мұғалімнің аты: | |||||
Сынып: 10 | Оқушылар саны: | |||||
Сабақтың оқу мақсаттары | -металдарды және аморфты денелерді мысал ретінде қарастырып, қатты денелердің құрылымы кристалды және кристалды емес екенін айыру. | |||||
Осы сабақта жетілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына негізделген) | Оқушылар: - кристалды денелерге сипаттамалар беру; - аморфты денелердің сипаттамаларын айта алады; - полимерлердің сипаттамаларын айта алады; - осы денелердің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын айқындап бере алады. | |||||
Жетістік критерийлері | Оқушылар: - кристалды денелердің сипаттамаларын айта алады; - аморфты денелердің сипаттамаларын айта алады; - полимерлердің сипаттамаларын айта алады; | |||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар өз ойларын дамыта отырып, тақырып бойынша не білетінін ауызша және жазбаша талқылай алады. Арнайы пәндік лексика және терминология: Кристалл, кристалдық тор түйіндері, аморфты денелер, полимерлер, қатты денелер құрылымы Диалог үшін пайдалы баянды сөйлемдер: Менің ойымша кристалда, аморфты денелер де ...... Полиэтилен каучку, резеңке материалдары ... | |||||
Құндылықтарты дарыту (жачандық азаматтықтың маңызды белгілері) (АЖ) | Нәтижелі қарым-қатынас дағдысын дамыту ,сыныптастарының көзқарастық пікірлеріне сыйластықпен қарау Бірі- бірімен сөйлесу, бірін- бірі тыңдау кезінде бірін- бірі құрметтеу Білу және түсіну: қоршаған ортаға деген құрмет Бағалау: сыныптастарының ойын деген құрмет Дағдылар: диалог құра білу, конструктивті шешім қабылдау Құндылықтарды дарыту кезінде тақырыпты түсіндіретін негізгі ұғымдарды жұппен, топпен талқылау Тақырыптың шешуші сәттерін жұптық және топтық талқылау кезіндегі құндылықтарды дарыту | |||||
Өткен сабақ материалдары | Қатты, сұйық, газ тәріздес күйлердегі денелердің құрылымы | |||||
Пәнаралық байланыстар | Химия, географиямен | |||||
АКТ қолдану дағдылары | Интернеттен қосымша тапсырмалар: .http://www.bbc.co.uk/schools/gcsebitesize/design/electronics/materialsrev4.shtml v http://class-fizika.spb.ru/index.php/10-11cl/902-td8 | |||||
Бастапқы білім | Заттың агрегаттық күйлері | |||||
ЖОСПАР | ||||||
Уақытша жоспарлау | Жоспарланған іс-шаралар | Ресурстар | ||||
Сабақ басы 10 мин | І. МКТ - ның негізі қағидасын еске түсіре отырып әркім өз дәптеріне заттың үш күйінің бірін (қатты денелердің ,сұйық және газ тәріздес күйді) сурет арқылы сипаттайды. 1-2 оқушының жұмысын тақтада көрсету арқылы талдау жасау. ІІ. Топпен жұмыс. Суретте заттың қандай күйі көрсетілгенін анықтаңдар. Жауаптарың екі тұжырымнан тұрсын: заттың қандай қасиеті мен белгісіне қарай анықтадың. Сынып оқушыларымен талдау жасау(ыдыста бір мезгілде екі күй болатынына көңіл аударту). ІІІ. Мұғалім: Адамзат өмірлік іс-тәжірибесінде агрегаттық әртүрлі күйлерде болатын материалдарды қолданады. Қатты күйде болатын материалдарды біз қайда қолданамыз? Шыны , Металдар, Алмаз, Графит, Корунд …. Осы материалдардың қолданылу аймағы,олардың құрамы әртүрлі және физикалық қасиеттері де әртүрлі . Оқушыларға графит және алмаз слайды көрсетіледі Тапсырма. Жұппен екі заттың ортақ қасиеттері мен айырмашылықтары қандай екенін талқылайды.
Талқылаудан кейін сабақтың тақырыбы айтылады. Сабақтың тақырыбы: Қатты денелердің құрылымы . Сабақтың мақсаты: - кристалды денелерге сипаттама беру; - аморфты денелерге сипаттама беру; - полимерлерді денелерге сипаттама беру; - осы денелердің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын айқындау. | |||||
Сабақ ортасы 29 мин | Топ жұмысын құрастырылған қима суреттерді түсіндіру арқылы орындату. Тапсырма Әр топ заттардың қай күйде екендігін сипаттайды. Топқа тапсырма. 1 топ. Кристаллды күй. http://class-fizika.spb.ru/index.php/10-11cl/902-td8 http://fb.ru/article/132903/amorfnyie-veschestva-kristallicheskoe-i-amorfnoe-sostoyanie-veschestva-primenenie-amorfnyih-veschestv
2 топ. Заттың аморфті күйі. http://class-fizika.spb.ru/index.php/10-11cl/902-td8 1. Берілген затт құрылымының ерекшеліктерін нақтылаңдар. 2. Заттың физикалық қасиеттерін қарастырыңдар. 3. Аморфты заттардың электронды микроскоптың көмегімен алынған кескіндеріне қарап сипаттаңдар ( Интернет жүйесінің мүмкіндігін пайдаланыңдар). 4.Пайдалану салаларын анықтаңдар. 3 топ. Полимерлер заттар. http://www.bbc.co.uk/schools/gcsebitesize/design/electronics/materialsrev4.shtml 1.Берілген затт құрылымының ерекшеліктерін нақтылаңдар. 2.Заттың физикалық қасиеттерін қарастырыңдар. 3. Полимер күйдегі кескіндерін қарап сипаттаңдар ( Интернет жүйесінің мүмкіндігін пайдаланыңдар). 4. Пайдалану салаларын анықтаңдар. Оқушылар өздігімен 10 мин жұмыс істейді Қалған 6 минут бір-біріне түсіндіреді. Дәптерге әр күйдің қысқаша сипаттамаларын жазып алады. Егер оқушылар таба алмаса,онда олардың назарын сыртқа белгілеріне аударту:
Топпен жұмыс Әр топ бір материалдың үлгілерін алады: көмір кесегі, пластилин кесегі, резеңке кесегі. Тапсырма: Қолыңдағы үлгі қай топқа жататынын анықта (кристалл, аморфты немесе полимер) Олар сынықтар бойынша аморфты, әлде кристалды ме екенін анықтайды.Үлгілеріңді әртүрлі тәсілдермен тексерулеріне болады және қорытынды жасайды. | |||||
Сабақ соңы 6 -мин | Мақсаттар бойынша сабақты қорытындылау Рефлексия. Келешекте бұл тақырып мен үшін қажет болады .... кристалды , аморфты күйді , полимерлерді, анизотропияны , изотроптылықты сөздерін пайдаланыңдар | |||||
Бағалау Саралау | Барлық оқушылар : - кристалды денелердің сипаттамаларын айта алады; - аморфты денелердің сипаттамаларын айта алады; - полимерлердің сипаттамаларын айта алады; - осы денелердің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын айқындап бере алады. Оқушылардың көбі: - осы денелердің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын айқындап бере алады. Кейбір оқушылар: Түріне, түсіне, қатты, жұмсақтығына қарай ажырата алады. | |||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| |||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?