«Резеңкенің Юнг модулін анықтау» зертханалық жұмыс. Физика, 10 сынып, дидактикалық материал.
«Резеңкенің Юнг модулін анықтау» зертханалық жұмыс
Құрал жабдықтар: муфтасы мен қысқышы бар штатив, резеңке бау, дүктер жиыны, штангенциркуль.
Теориядан қысшаша мәлімет
Юнг модулі немесе серпімділік модулі - Материалдағы механикалық кернеудің зат тегіне және сыртқы шарттарға тәуелділігін сипаттайтын шама. Басқаша айтқанда заттың серпімді деформация кезіндегі созылу не сығылуға қарсылық білдіру қасиетін сипаттайтын шама. XIX ғасыр ағылшын физигі Томас Юнг құрметімен аталған. Механиканың динамикалық есептерінде Юнг модулі жалпы мағынасында пайдаланылады — орта мен процесс функционалы ретінде. Халықаралық бірліктер жүйесінде (СИ) ньютон метр квадратқа немесе паскальмен өлшенеді.
Юнг модулі келесідегідей есептеледі:
{\displaystyle E={\frac {F/S}{x/l}}={\frac {Fl}{Sx}},}
мұндағы:
- E — серпімділік модулі,
- F — күш,
- S — күш әсер ететін бет ауданы,
- l — деформацияланатын білік ұзындығы,
- x — серпімді деформация кезіндегі білік ұзындығы өзгерісі модулі (өлшем бірлігі ұзындық l сияқты).
Жұмыс барысы
Созылу болмай тұрғанда баудан А және В белгілерінің ара қашықтығын өлшеңдер.
Баудың төменгі ұшына жүктерді іліңіз. Алдын ала жүктердің салмағын анықтап алыңыздар. Созылған жағдайда баудағы белгілердің ара қашықтығын және оның диаметірін өлшеңдер.
Резеңкенің Юнг модулін анықтаңыздар
Жұмыс бойынша кесте құрастырып, өлшеуден алған шамаларды кестеге толтырыңыз.
Юнг модулін анықтаудағы эксперименттің құрылымның концепт картасын көрсетіңіз (тәуелді, тәуелсіз шамаларды ата, график салу арқылы Юнг модулін анықтау әдісінің алгаритмін көрсету, қандай шамалар қандай құралдар көмегімен өлшенеді, графигін қолдана отырып Е Юнг модулініңқорытып шығару)
Жұмыс бойынша қорытынды жасау
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?