Сұйықтың беттік қабатының қасиеттерi. Жұғу, қылтүтіктік құбылыстар. Физика, 10 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Сұйық және қатты денелер

Мектеп:

Павлодар қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Карибжанова Ә.К.

Сынып: 10 ЖМБ

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Сұйықтың беттік қабатының қасиеттерi. Жұғу, қылтүтіктік құбылыстар

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

10.3.4.2 - сұйықтың беттiк керiлу коэффициентiн әр түрлі тәсілдермен анықтау;

Сабақ мақсаттары

Оқушыларда сұйықтардың жұғу және жұқпау туралы түсінік қалыптастыру; салыстыру әдістері арқылы құбылыстың айырмашылығын анықтай отырып, формуланы қорытып шығаруға үйрету; техника пен табиғаттағы құбылыстың көрінісін бақылу; беттік қабаттағы молекулалардың өзара әсерлесуі негізінде беттік керілу ұғымын түсіну; еңбекке және ұқыптылыққа баулу.

Жетістік критерийлері

Оқушылардың барлығы:

- сұйықтардың жұғу және жұқпауды ажырата алады;

- формуланы қорытып шығара алады;

- техникада және табиғаттағы қылтүтік құбылысын түсіндіре алады;

- шамалар арасындағы тәуелділікті орната алады.

- ұғымдарды анықтау, жалпылау және салыстыра алады, оларды жіктейді,

Оқушылардың кейбірі:

- деңгейлік тапсырманы толығымен орындайды.

Бағалау түрі:

Өткен білімді еске түсіруде және ой қозғау кезеңінде: ауызша сұрақ –жауап арқылы оқушылар бір-бірін және мұғалім оқушыны бағалайды

Ой қозғау кезеңінде: оқушыларды мұғалім сұрақ-жауап арқылы бағалай алады.

Мағынаны ашу: зерттеу жұмысы барысында мұғалім әр оқушының жұмысына баға бере алады және оқушылар бір-бірін бағалайды, ал бекіту тапсырмасында оқушылар өз-өздерін бағалай алады.

Тілдік мақсаттар

Пәндік лексика және терминология:

Қазақша

Орысша

Ағылшынша

Жұғу

Смачивания

Wetting

Қылтүтік құбылыстары

Капиллярные явление

Capillary phenomenon

Беттік керілу

Поверхностное натяжение

Surface tension

Диалогқа қажетті сөз тіркесі:

Жұғу және жұқпау ....

Қылтүтік құбылыстарының табиғаттағы көріністері....

Менің ойымша ....

Қорытынды шығаратын болсақ ...

Беттік керілу ..... тәуелді

Құндылықтарды дарыту

Құндылықтарды дарыту пәнге деген қызығушылықтарын арттыра отырып, мұғалім жағымды ынтымақтастық ортаны құру; оқушылармен бірге оқу мақсаттарына сәйкес жетістік критерийлерін бірге таңдайды; сабақ барысында ақпаратты іздеуде, тапсырмаларды жеке орындауда академиялық адалдыққа бағыттау; ақпарат барлық оқушыларға бір қалыпты бәріне бірдей беріледі және оқушы өз пікірін және ойын ашық білдіре алады; сабақ барысында ұқыптылыққа және өзіне және өзгелерге құрметпен қарауға бағыттау, тұлғара аралық қарым-қатынасты зерттеу жұмыстарын жүргізу арқылы нығайту, оқу мақсатына сәйкес жұмыс мақсатын айқындай отырып көшбасшылыққа ұмтылдыру, жасаған жұмыстарын бағалай алу.

Пәнаралық байланыстар

Математика пәнімен және биологимен байланыстыруға болады

АКТ қолдану дағдылары

Интерактивті презентацияны қолдану.

Бастапқы білім

Қаныққан және қанықпаған бу. Ауаның ылғалдылығы.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

2 мин

Сабақ басында:

Ұйымдастыру:

Сәлемдесу. Сабақ барысымен таныстыру. Оқушылардың сабаққа дайындықтарын тексеру.

Сабақтың ортасы

7 мин

7 мин

7 мин

25 мин

10 мин

15 мин

4 мин

Өткен білімді еске түсіру:

Презентацияда суреттер мен сұрақтар арқылы өткен білімді еске түсіру. Ол үшін төмендегі сұрақтар қойылады:

1. Заттың газ күйінен сұйыққа айлналу процессін қалай атаймыз?

2. Оған кері процесс қалай аталады?

3. Сұйықтықтың кебу жылдамдығы қандай факторларға тәуелді?

4. Қаныққан бу дегеніміз не?

5. Қаныққан бу қысымы неліктен көлемге тәуелді болмайды?

6. Қанықпаған бу дегеніміз не?

Ой қозғау:

Оқушыларға жеке-жеке карточкалар мен құралдар таратылады.

№1 карточкадағы тапсырманы орындау ұсынылады.

№1 карточка.

  • қолыңызға бір беті парафинмен жабылған және таза шыны пластинкаларды алыңыздар;
  • тамызғыш көмегімен екі бетке де бір тамшы су тамызып көріңіздер;
  • бақылаңыздар;
  • олардың айырмашылығы бар ма?
  • Суретін дәптерге салып көріңіздер.

Қандай құбылыстар қарастырып жатырмыз. Оларды табиғатта тағы қандай жағдайда бақылауға болады?

Енді №2 карточкамен жұмыс жасап көріңіздер.

№2 карточка.

  • қолыңызға жіңішке шыны түтікшені алып, суы бар ыдысқа батырыңыздар.
  • бақылаған құбылысты сипаттаңыз.
  • суретін дәптерге салыңыздар.

Қанадай құбылыс қарастырдық? Табиғатта және өмірде қандай жағдайда бақылауға болады?

Сыныппен талдай отырып, сабақ тақырыбы мен оқу мақсатын айқындаймыз.

Жетістік критерийлерін оқушылармен бірге айқындап алу.

Мағынаны тану:

Тақырыптың мағынасын әрі қарай ашу үшін, оқушыларға №3 карточка ұсынылады.

№3 Карточка.

  • қолдарыңызға газет парақтарының бір тілімі мен қағаз тәріздес матаның бір тілімшесін алыңыздар. Оларды штативке бекітіңіздер. Оларды боялған сұйықтыққа (суға) бірдей деңгейге дейін белгілеп алып батырыңыздар. Олардың мата не парақ бойымен көтерілу деңгейіне назар аударыңыз. Судан алып шығып көтерілу деңгейін (биіктігін һ) өлшеңіздер.
  • қандай күштер әсер етеді?

Енді сыныппен толық талдай отырып (осы кезде сыныпта 2-3 кеңесші таңдап алуға болады). Ньютонның үшінші заңы бойынша қандай күштер өзара қарама-қарсы болады, оларды қалай теңестіруге болатындығын анықтаймыз.

Презентация арқылы негізгі түсініктерді енгіземіз.

Мағынаны ашу:

Сыныпты екі қатар бойынша топқа бөлеміз.

Бірінші қатардағы әр жұптар 1-ші тапсырманы орындайды.

1-ші қатар тапсырмасы:

1. «Беттік керілу» бойынша берілген ақпаратпен танысу.

2. Берілген сұрақтарға жауап беру:

- беттік керілу дегеніміз не?

- беттік керілуді қалай бақылауға болады?

- беттік керілу қандай шамалармен сипатталады?

3. Зерттеу жұмысы:

Беттік керілуді тамшының үзілу әдісі арқылы анықтау.

2-ші қатар тапсырмасы:

1. «Қылтүтіктік құбылыстар» бойынша берілген ақпаратпен танысу.

2. Берілген сұрақтарға жауап беру:

- қылтүтіктік құбылыстар дегеніміз?

- қылтүтіктік құбылысты қалай бақылауға болады?

- қылтүтіктік құбылыстар қандай шамалармен сипатталады?

3. Зерттеу жұмысы:

Қылтүтік (капиляр) бойымен сұйықтың көтерілу әдісі.

Сыныптағы әр жұпты 1 және 2 деп екіге бөлеміз де әр жұптар бір-бірімен ауысады. (бір партада 1-ші тапсырманы және 2-ші тапсырманы орындаған оқушы болатындай отырғызу). Оқушылар әрқайсысы өз жұптарына жасаған жұмыстары бойынша қысқаша түсіндіреді. Нәтижелерін салыстырады.

Бекіту тапсырмалары: оқушыларға деңгейлік тапсырмалар ұсынылады. Оқушылар деңгей бойынша тапсырмалар орындайды. Өз жауаптарын берілген жауаптармен салыстырады. Өз-өздерін бағалайды.

Жалпылау:

Жалпы сабақ бойынша бүгінгі алған білімдерін жинақтау үшін, оқушыларға презентация арқылы жалпылау сұрақтарын қоя отырып, тақырыпты жалпылау.

Презентация

Қосымша1 (Карточкалар)

Қосымша2 (зертхана жұмысы)

Қосымша3 (деңгейлік тапсырмалар)

Сабақтың соңы

3 мин

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

Жеке рефлексия.

Сабақ бойынша қорытынды жасау. Оқушылар өз ойларын берілген стикелерге жазып, оны тақтаға іліп қояды.

Үй тапсырмасы.

Зерттеу жұмысы. Су мен май тамшысын шыны, мыс және парафин пластинаның бетіне тамызып көріңіздер. Тамшы формасын суретін салыңыздар. Тамшыны бақылай отырып, қатты дене мен сұйықтардағы молекулалардың арасындағы байланыс туралы қорытынды жасаңыз.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Деңгейлік тапсырмалар ұсыну. Зерттеу жұмыстары және оны түсіндіре алу

Деңгейлік тапсырмаларды орындау барысында әр оқушы өз жауабын дұрыс жауаппен салыстыра отырып, өз-өзін бағалай алады

Көзге арналған гимнастика ұйымдастыруға болады. Кабинеттегі жалпы қауіпсіздік ережесінің сақталуы

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу