Қаныққан және қанықпаған булар. Салыстырмалы ылғалдылық. Фазалық диаграмма, үштік нүкте, заттық критикалық жағдайлары. Физика, 10 сынып, сабақ жоспары.
Сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Термодинамика | Мектеп: Павлодар ХББ НЗМ | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімніңаты-жөні: Каратаева Н.К. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сынып: 10 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Қаныққан және қанықпаған булар. Салыстырмалы ылғалдылық. Фазалық диаграмма, үштік нүкте, заттық критикалық жағдайлары. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары | 10.3.4.1 - гигрометрдің және психрометрдің көмегімен ауаның салыстырмалы ылғалдылығын анықтау; | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары | Қаныққан және қанықпаған булар, ауа ылғалдылығы, шық нүктесі түсініктерін енгізу; Ылғалдылықты психрометр көмегімен қалай анықтау керектігін үйрену; Қаныққан және қанықпаған булар. Ауа ылғалдылығының формуласын қолдана отырып есептер шығара білуге үйрету; Қаныққан будың қысымының температураға тәуелділігін зерттеу; Ылғалдылықты қалай есептелетінін білу; Ауа ылғалдылығын өлшейтін құралдардың жұмыс істеу принциптерімен танысу. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жетістік критерийлері | Түсіну - қаныққан және қанықпаған булар, ауа ылғалдылығы, шық нүктесі ұғымдарын біледі. Сыни ойлау - ылғалдылықты психрометр көмегімен қалай анықтау керектігін үйрену. Қаныққан және қанықпаған булар. Ауа ылғалдылығының формуласын қолдана отырып есептер шығара білуге үйренеді | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Тілдік мақсаттарды, лексика мен тіркес мысалдарын қоса анықтаңыз Қаныққан және қанықпаған булардың болу жағдайларын оқушылармен талқылайды (сөйлеу және тыңдау дағдылары) Пәнге тән лексика мен терминология: қаныққан бу, қанықпаған бу, булану, конденсация, үштік нүкте, заттың үш күйі Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: Булану процессі деп …. Айтады Конденсация деп …. Салыстырмалы ылғалдылық деп ….. …….……. физикалық шаманы айтады | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Жұппен, топпен жұмыс жасауда бірін-бірі сыйлау, кұрметтеу. Жауап беруде бірін-бірі тындау; ынтымақтастық; ашықтық; еңбек және шығармашылық. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Өлшем бірліктер мен жұмысжасауда, есептеуде математикалық амалдар қолданылады. Математика пәнімен байланыс. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Видео, презентация және анимацияны қолдану. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бастапқы білім | Булану, қайнау тақырыптары 8 сынып курсынан | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақбарысы | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 5 мин | Оқушылармен сәлемдесу Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру Ой қозғау
-Дұрыс, ал енді физикалық тұрғысынан осы құбылыстарды дұрыс сипаттай алу үшін бүгінгі сабағымызда «Қаныққан және қанықпаған бу, ылғалдылық, фазалық диаграмма, үштік нүкте, заттық критикалық күйлері» тақырыбын қарастыруды ұсынамын. Сабақтың тақырыбын дәптерлеріңізге жазып алыңыздар.
Қаныққан және қанықпаған булар, ауа ылғалдылығы, шық нүктесі түсініктерін енгізу; Ылғалдылықты психрометр көмегімен қалай анықтау керектігін үйрену; Қаныққан және қанықпаған булар. Ауа ылғалдылығының формуласын қолдана отырып есептер шығара білуге үйрету; Қаныққан будың қысымының температураға тәуелділігін зерттеу; Ылғалдылықты қалай есептелетінін білу; Ауа ылғалдылығын өлшейтін құралдардың жұмыс істеу принциптерімен танысу. | Тақта, презентация – слайд 1,2 | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 7 мин 25 мин 15 мин 10 мин 15 мин | Проблемалық жағдай туғызу: Тақырыпты зерттеуге кіріспес бұрын, тақырыпты жақсырақ түсінуге көмектесетін түсініктерді қайталап алайық, ол үшін келесі сұрақтарға жауап берейік: • Булану - сұйық күйді газ тәріздес күйге көшіру. • Конденсация - заттың газ тәріздес күйден сұйық күйге көшуі. • Булану сұйықтықтың еркін бетінде өтетін, газ тәрізді ортаға жақынжерде пайда болатын процесс. • Булану жылдамдығын қандай факторларға тәуелді? (Сұйық температурасынан, бетінің ауданынан) • Неге ыстық су тезірек буланады? (сұйықтықтың температурасы неғұрлым жоғары болса, молекулалардың орташа кинетикалық энергиясы соғұрлым көп болады, демек, олардың саны сұйықтықты бір уақытта тастайды). • Буланған кезде сұйық тамшының температурасы азая ма? (Ия) • Булану жылдамдығы ол буланған беттің аймағына байланысты. (Беті неғұрлым кең болса, булау процесі тезірек орын алады) Ауаның ылғалдылығы Проблемалық сұрақтар: 1. Жер бетінің қанша бөлігін су алып жатыр? 2. Ауадағы су буы қаныққан ба, әлде қанықпаған ба? 3. Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы дегеніміз не? 4. Ауа ылғалдылығын өлшейтін құралды білесің бе? Ата. 5. Олардың ішінен психрометрдің жұмыс істеу принципін түсіндір. 6. Ауадағы су буының маңызы қандай? 7. Ауа ылғалдылығының маңызы туралы не білеміз? Жауаптары:
Топтық жұмыс «Джигсо» Осы сұрақтарға жауап беру үшін үшін оқушыларды екі топқа бөліп әр топ жоғарыдағы берілген сұрақтарға жауап береді, сәйкес топта постер дайындайды. 1 топ: 1,2,6,7 сұрақтар 2 топ: 3,4,5 сұрақтар Сіздің тобыңызда 5 рөлді: лидер, баяндамашы, хатшы, уақыт сақшысы және бақылаушыларды анықтаңыз. Жұмыс төмендегідей жоспармен жүреді: Берілген мәтінді оқып, интернет желісінен ақпарат іздей отырып, топпен бірлесе отырып, талқылайды және әр топтың бақылаушысы жасаған жұмыстарға сәйкес бақылау парағын жүргізеді. Бақылаушының бағалау парағы
Әр оқушы өзіне жүктелген рөлдің міндеттерін атқарады. Топ пікірлерін тыңдау. Бұл жерде топтың өзін-өзі бағалауы және бірін-бірі бағалау жүзеге асады. Лабораториялық жұмыс: Оқушылар жұппен «Ауаның ылғалдылығын өлшеу» лабораториялық жұмыс өткізеді -Не байқалады? -Неліктен? -Қандай қорытынды жасауға болады? Сұрақтарына жауап бере отырып жалпы талдау. Төмендегі кестеніңс көмегімен өзін өзі бағалау Өзін-өзі бағалау парағы
Судың фазалық диаграммасын талдау, үштік нүкте ұғымын енгзі мақсатында Видео көрсету. Соңынан жалпылама талдау, негізгі ұғымдар мен диаграмманы дәптерге жазып алу https://www.youtube.com/watch?time_continue=297&v=Idzyq4K4jNk Жеке жұмыс (есеп шығару)
Дайын жауап бойынша өзін-өзі тексеру, 4 тапсырма бойынша әр табиғат құбылыстарының сипаттамаларын оқу | Тақта, презентация – слайд 3,4
Тақта, презентация – слайд 5 Тақта, презентация – слайд 6-9 Қосымша 1 Тақта, презентация – слайд 6-9 Қосымша 2 | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 3 мин | Рефлексия Жасаған жұмыстарын 2 жұлдыз, 1 тілек бағалау. ҮІ. Кері байланыс (не үйрендім, не қиын болды, сұрақ.) (3 минут) Үй тапсырмасы: §16,17 Қаныққан және қанықпаған булар. Ауа ылғалдылығы | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Барлық оқушылар қаныққан және қанықпаған буларды, ауның салыстырмалы ылғалдылығын біледі; Оқушылардың көпшілігі қаныққан және қанықпаған буларға мысалдар келтіріп сипаттай алады, салыстырмалы ылғалдылық формуласын қолданып есептер шығара алады; Кейбір оқушылар зерттеуде белсенділік танытады, есептерді өздігімен шығара алады |
| Физика кабинетіндегі қауіпсіздік техникасы | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақбойыншарефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтыңуақыттықкезеңдерісақталдыма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1:Барлық оқушылар есеп шығарды; 2:Сұрақтарды көбі дұрыс жауап берд; Сабақты жақсартуға не ықпалетеалады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: Интернеттен бейнематериалдарды қосу ; 2: Сабақты ойын түрінде өткізу; Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? Оқушылардың көбі есептерді шығара алды. Кейбір оқушылар есептеу амалдарында қателісті. Оқушылардың арасында бәсеке барын байқады. Есептерді кейбір оқушылар жарысып шығарды. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?