Қайтымсыз және қайтымды процесстер. Энтропия. Термодинамиканың екінші заңы. Физика, 10 сынып, дидактикалық материал.
Бағыттауш карта «Қайтымсыз және қайтымды процесстер. Энтропия.
Термодинамиканың екінші заңы».
Сабақ мақсаттары:
- Термодинамиканың екінші заңының тұжырымдамасын білу;
- Термодинамиканың екінші заңының мағынасын түсіндіру;
- Термодинамиканың екінші заңының термодинамикалық процесстерді талдауда қолдану.
(W) тапсырма 1.
Өзіңді тексер!
Есепті талдау.
Графикте тұрақты масса идеал газбен 1-2-3-1 күйлерден өткен процесстер көрсетілген. Бірінші күйде газ 0,8105 Па қысымда 5 м3 көлемді алады.
3 күйде 1 күйден екі есе көлемді алады және температурасы 800 К болады.
- Газдың зат мөлшерін анықтаңдар.
- 2 күйдегі газдың температурасын және көлемін анықтаңдар.
- Газдың 3 күйдегі көлемін анықтаңдар.
- Изобаралық ұлғаюда газ қандайжұмыс жасады?
Сұрақ:
Цикл ішінде газдың ішкі энергиясы қалай өзгерді?
Цикл ішінде газ 4105 Дж жылу мөлшерін алды деп айтуға болама?
(G) 2 тапсырма. Тапсырманы жұпта шешіңдер. Алдымен жұпта шешімеріңді талқылаңдар, содан кейін мұғаліммен бірге талқылаңдар.
Температурасы 80 0С ыстық кофесі бар кесе температырасы 20 0С болмеде суығанда Q =1000 Дж жылу мөлшерін жоғалтады.
А) Кофесі бар кесенің энтропия өзгеруін ΔS табыңдар.
В) Бөлмедегі ауаның энтропия өзгеруін ΔS табыңдар.
С) Жүйенің толық энтропияның өзгеруін табыңдар.
(G) 3-ші тапсырма. Тапсырмаларды жұпта шешіңіз. Жұпта талқылаған соң жауаптарды көрші жұптармен салыстырыңдар.
1. Қайтымсыз процесс - бұл
- тура және кері бағытта өз бетінше өтетін процесс;
- оған кері болатын өз бетіше өтпейтін процесс;
- сыртқы денелерсіз өтетін процесс.
2 Термодинамиканың екінші заңына жатпайтын тұжырымды таңдаңдар.
- Термодинамиканың жүйеге берілген жылу мөлшері жүйенің ішкі энергиясын өзгертуге және жүйенің сыртқы денелермен жұмыс атқаруына жұмсалады.
- Ешқашан өз бетінше салқын денеден ыстық денеге жылу берілмейді.
- Дененің ішкі энергиясының есебінен шексіз жұмыс атқару мүмкін емес.
- Салқын жүйеден жылу алып, оны жұмысқа айналдыратын машина жасау мүмкін емес
3. Термодинамиканың екінші заңы сипаттайды...
- тұйық жүйлерде термодинамикалық процесстердің бағытын.
- термодинамикалық процесстерде энергияның сақталуын.
- термодинамикалық процесстерде энергияның бір түрінен басқа түрге айналуын.
- ішкі энергияның өз бетінше жұмысқа айналу мүмкіндігін.
(I) 4-ші тапсырма. Тапсырмаларды шығар.
- Егер мыстың балқу жылуы 12980 Дж/моль, ал балқу температурасы 1083 °С болса, 63,5 г мыстың энтропия өзгеруін анықта.
- Анықтама мәләметтерді қолданып, қалыпты жағдайда өтетін H2SO4 + 3H2S = 4S + 4H2O реакцияның энтропия өзгеруін анықта.
(G) 5-ші тапсырма. Тапсырмаларды жұпта шешіңдер. Жұпта талқылаған соң жауаптарды көрші жұптармен салыстырыңдар.
Қай мәлімдемелер дұрыс және жалған болып табылатындығын анықтаңдар.
- Газға 200 Дж жылу берілді және газбен 700 Дж жұмыс атқарылды. Газдың ішкі энергиясы 500 Дж артты.
- Газ 1300 Дж жылу мөлшерін алды, оның ішкі энергиясы 600 Дж өзгерді. Осы кезде газ 700 Дж жұмыс атқарды.
- Газбен сыртқы күштер 500 Дж жұмыс жасады осы кезде газ қоршаған ортаға 300 Дж жылу шығарды. Ішкі энергия 0,2 кДж артты.
- Жылу алмасу процессінде газға 600 Дж жылу берілді, ұлғайып газ 0,05 кДж жұмыс жасады. Ішкі энергиясы 550 Дж артты.
- Адиабаталық ұлғаюда газдың ішкі энергиясы 0,8 МДж кеміді, сондықтан ол 800 кДж жұмыс жасады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?