Дөнгелек процесстер. Карно циклы. Физика, 10 сынып, дидактикалық материал.
Бағыттауш карта «Дөнгелек процесстер. Карно циклы».
Сабақ мақсаттары:
- жылу машинасының негізгі бөліктерін айту;
- жылу машинасының жұмыс істеу принципін кезеңмен сипаттау;
- идеал жылу машина үшін Карно циклын сипаттау;
- ПӘК-і анықтау формуласын есептер шығаруда қолдана алу.
(I/G) 1-ші тапсырма.
Төменгі суреттердегі техникалық құрылымдарды мен мазмұнын сәйкестендіріңдер.
(G) 2-ші тапсырма.
Келесі сұрақтарды жұптарда талқылаңдар
- Суреттердегі жылу қозғалтқыштардың: іштен жану қозғалтқышы, жылу электростанциясы, бу қозғалтқышы және т.б. қозғалтқыштарының практикалық эффективтілігін және олардығы энергия шығынының себебін талдаңдар.
- Жылу қозғалтқыштардың пайдалы және зиянды салдарын атап кетіңдер
- Мәселенің шешулерін ұсыныңдар.
(G) 3 тапсырма.
Видеороликті байқаңдар: https://www.youtube.com/watch?v=GTPKShjBqmg
- Видеороликте көрсетілген цикл қалай аталады?
- Цикл қандай процесстерден тұрады?
- Осы циклмен жұмыс істейтін қозғалтқышты неліктен идеалдеп атайды?
- Осы қозғалтқышты ПӘК-і неге тең?
(I) 3-ші тапсырма.
Есептерді шығар және әрқайсысына Сенки диаграммасын құрастыр.
А деңгей
1. Жылу машинасы әр цикл сайын қыздырғыштан 100 Дж алып , тоңазытқышқа 60 Дж берсе, оның ПӘК-і тең…
- 67 %
- 60 %
- 40 %
- 25 %
- 15 %
2. Жылу машинасының ПӘК-і 30%. Жұмыс денесі қыздырғыштан 5 кДж жылу алады. Жұмыс денесінің атқарған жұмывы неге тең?
- 150 000 Дж
- 1 500 Дж
- 150 Дж
- ≈ 67 Дж
- 0,15 Дж
3. Қыздырғышының температурасы 327 0С және тоңазытқышының температурасы 127 0С. Жылу машинасының ПӘК-і қанша?
- 100 %
- 61 %
- 33 %
- 50 %
- 40 %
4. Қыздырғышының температурасы 427 0С және тоңазытқышының температурасы 27 0С. Жылу машинасының ПӘК-і қанша?
- 70 %
- 43 %
- 94 %
- 6 %
- 57 %
В-деңгей
- Қыздырғышының температурасы 117 0С және тоңазытқышының температурасы 27 0С.Жылу машинасының қыздырғыштан 1 с алатын жылу мөлшері 60 кДж болса, жылу машинасының 1 с ішінде тоңазытқышқа берген жылу мөлшерін, жылу машинасының ПӘК-ін есепте және Сенки диаграммасын сызып құрастыр.
- Қыздырғышының температурасы 227 0С. Жылу машинасының қыздырғыштан алатын жылу мөлшерінің әрбір килоджоулінен қозғалтқыш 350 Дж жұмыс жасағандағы жылу машинасының ПӘК-ін және тоңазытқыштың температурасын есепте.
- Идеал жылу қозғалқышындағы қыздырғыштың абсолюттік температурасы тоңазытқыштың температурасынан 3 есе жоғары. Қозғалтқыштың ПӘК-ін анықта.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды