Қайтымды және қайтымсыз процестер. Энтропия. Термодинамиканың екiншi заңы. Физика, 10 сынып, дидактикалық материал.
Термодинамиканың екінші заңы
Термодинамиканың екінші заңы табиғаттағы процестердің жүру бағытын көрсетеді.
Өзін қоршаған кеңістікте ешқандай қалдық өзгерістер болмайтындай түрде жүретін термодинамикалық процесті қайтымды процесс деп атайды. Қайтымды процесс кезінде термодинамикалық жүйе бастапқы күйіне қайта келеді.
Сыртқы ортада өзгерістер қалатындай түрде жүретін процесті қайтымсыз процесс деп атайды. Қайтымсыз процесс кезінде жүйе бұрынғы күйіне қайтып келмейді. Үйкеліс, кедергі күштерімен жүретін процестер қайтымсыз процесс болып табылады.
Жылу алмасу кезінде жүретін процесс қайтымсыз процесс болып табылады.
11.1.Тұйық процестер
Термодинамикалық жүйе бастапқы күйіне қайтып келетіндей түрде жүретін термодинамикалық процестердің жиынтығын тұйық процесс немесе цикл деп атайды.
Тұйық процестер немесе циклдер барлық жылу машиналарының жұмыс істеу принципінің негізі болып табылады. Заттардың ішкі энергиясын энергияның кез келген түріне айналдыратын механизмдерді жылу машиналары деп атайды. Жылу машиналарына іштен жану двигательдері, пар немесе газ турбиналары, салқындатқыштар және т.б. қондырғылар жатады.
Тұйық процеске қатысатын денені жұмыс денесі деп атайды. Көп жағдайда жұмыс денесі газ болып табылады.
Суретте көрсетілген тұйық процесте
11.2.Карно циклі
Негізінен жылу машиналары Карно циклімен жұмыс атқарады. Карно циклі 2 изотермадан және 2 адиабатадан тұрады.
1) 1 – 2 – изотермиялық ұлғаю.
2) 2 – 3 – адиабаталық ұлғаю.
3) 3 – 4 – изотермиялық сығылу.
4) 4 – 1 – адиабаталық сығылу.
Карно циклімен жұмыс кез-келген жұмыс машинасы температурасы Т1 қыздырғыштан (1), жұмыс денесінен (3) және температурасы Т2 салқындатқыштан (2) тұрады (сурет).
Бір циклде жұмыс денесі қыздырғыштан Q1 жылу мөлшерін алады, салқындатқышқа Q2 жылу мөлшері береді және сыртқы денелермен А жұмыс атқарады.
.
Кез-келген қондырғының тиімділігі - пайдалы әсер коэффициентімен анықталады.
.
Жылу машинасының пайдалы әсер коэффициенті бір цикл кезінде атқарылған пайдалы жұмысының қыздырғыштан алынған жылу мөлшеріне қатынасына тең болады.
Кез-келген жылу машинаның пайдалы әсер коэффициенті идеал жылу машинаның пайдалы әсер коэффициентінен үлкен болмайды.
Идеал жылу машинаның пайдалы әсер коэффициенті
Идеал жылу машинаның пайдалы әсер коэффициенті тек қыздырғыш пен салқындатқыштың температурасына тәуелді.
Термодинамиканың екінші заңы:
1. Сыртқы ортада ешқандай өзгеріс болмаған жағдайда ешқашан салқын денеден ыстық денеге жылу берілмейді.
2. Дененің ішкі энергиясының есебінен шексіз жұмыс атқару мүмкін емес. .
Бақылау сұрақтары
- Қандай процестер тұйық процестер деп аталады?
- Жылу машиналары қалай жұмыс істейді?
- беріңіз.
- Термодинамиканың ІІ заңы қалай айтылады?
- Жылулық процестердің бағыты қалай анықталады?
- Жылу машиналарының құрылымы. Жылу машиналарының П.Ә.К.-і қандай шамаларға тәуелді?
- Қандай машина Карноның идеал жылу машинасы деп аталады? Ол қалай жұмыс істейді?
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?