Қайтымды және қайтымсыз процестер. Энтропия. Термодинамиканың екiншi заңы. Физика, 10 сынып, презентация.


Бөлімі: 10.2С Термодинамика негіздегі

Тақырып: Қайтымды және қайтымсыз процестер. Энтропия. Термодинамиканың екiншi заңы.

Сабақ мақсаты:

10.3.3.3 - идеал жылу қозғалтқышы үшін Карно циклін сипаттау;

10.3.3.4 жылу қозғалтқышының ПӘК-ң формуласын есептерді шығаруда қолдану;

Физика мұғалімі: Каримова Н.Б., ХББ НЗМ Павлодар қ.

C әрпіне басталатын тілек тілейміз

Термодинамиканың екінші заңы табиғаттағы мүмкін болатын энергетикалық түрленудің бағытын көрсетеді және сол арқылы табиғаттағы процестердің қайтымсыздығын білдіреді.

Заңның сырттай өзгешелігіне қарамастан, негізгі мағынасы бірсондықтан тең  түсетін бірнеше тұжырымдамасы бар.

Термодинамиканың екінші заңы

Жекелеген жүйені сол жүйенің температурасынан төмен температураға суыту арқылы үздіксіз жұмыс жасау мүмкін емес.

Екінші ретті мәңгі қозғалтқыш жасау мүмкін емес.

Салқынырақ денеден ыстығырақ денеге жылуды тасымалдау, екi жүйеде де немесе қоршаған ортада бiр мезгiлде басқадай өзгерiстер жасамайынша, мүмкiн емес.

Салқын жүйеден жылу алып, оны толығынан жұмысқа айналдыратын машина жасау мүмкін емес.

Карно циклы

1-2 изотерма

2-3 адиабата

3-4 изотерма

4-1 адиабата

Изотермиялық процесс

Т-const

Изотермалық процессизотермиялық процесс – физикалық жүйеде тұрақты температурада жүретін процесс; термодинамикалық күй диаграммасында изотермамен кескінделеді.

Адиабаталық процесс. Қоршаған ортамен жылу алмасуы болмайтын жағдайда өтетiн жүйедегi изопроцесс адиабаталық процесс деп аталады.

Адиабаталық процесс кезінде Q = 0 және жүйенiң iшкi энергиясының өзгеруi жұмыс

атқару арқылы ғана жүредi: ΔU= А. ΔU= А теңдiгi белгiлi қорытынды жасауға мүмкiндiк бередi. Егер жүйеде оң жұмыс жасалса, мысалы газ сығылатын болса, онда оның iшкi энергиясы ұлғаяды және температурасы өседi. Керiсiнше, газ ұлғайған кезде, ол өзi оң жұмыс атқарады (Аг > 0). Оның iшкi энергиясы азаяды да, газ суиды.

Егер цилиндр түбiне эфирге батырылған мақтаны салып, дереу поршендi қозғалтсақ, онда мақтадағы эфир буы жалындайды. Бұл эффект Дизель двигателiнiң жұмыс iстеу принципiнiң негiзiне алынған.

Бұл жерде цилиндрге жанармай қоспасы емес, кәдiмгi атмосфералық ауа сорылады. Сығылу тактының соңында арнайы форсунка арқылы сұйық отын – дизель отыны шашыратылады. Осы сәтте сығылған ауа температурасының жоғарылағаны сондай, жанармай-ауа қоспасы өздігінен тұтанады.

Адиабаталық процесс

Адиабаталық процесс

Адиабаталық процесс кезінде қысымның ұлғаюы көлемнің азаюы мен температураның жоғарылауына тәуелді. Процесстің теңдеуі:

Адиабаталық процестегі

жұмыс:

Изотерма (қызыл) және Адиабата (көк) графиктері айырмашылығы

(A > 0) (Δ U < 0)

1. Физика -10, Б. Кронгарт, В.Кем, Н. Койшыбаев: «Мектеп», 2010 г.;

2. Инфо уроки

3. открытыйурок.рф/статьи/213277/

Пайдаланған әдебиеттері:



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу