Термодинамика заңдарын қолдану. Физика, 1 сынып, презентация.
Сұрақтарға жауап бер:
1. Жүйенің ішкі энергиясын қандай тәсілдермен өзгертуге болады?
2. Газ жұмысы мен сыртқы күштердің газға жасаған жұмысы қалай анықталады?
3. Диірмен тастарынан ұн ыстық болып шығады. Нанды да пештен ыстық күйінде алып шығады. Әр жағдайда ұн мен нанның ішкі энергиясының артуына не себеп болды?
4. Медицинада қыздырғыш компресстер, жылытқы, сонымен қатар массаж жасауды қолданады. Бұл кезде ішкі энергияны арттырудың қай тәсілдері қолданылады?
Термодинамика заңдарын қолдану
Оқу мақсаты
10.2.3.1 Термодинамиканың бірінші және екінші заңдарының мағынасын түсіндіру.
Бағалау критерийлері
Оқушылар:
1. термодинамиканың бірінші және екінші заңдарының анықтамаларын атайды;
2. жылу, жұмыс және энергиямен байланысты есептерде термодинамика заңдарын қолданады;
3. термодинамиканың бірінші заңын изопроцесстерге қолданады.
Энергияның сақталу заңы
Денелердің ... жүйесінде ... энергия осы жүйе ішінде кез келген ... нәтижесінде ...
Табиғатта энергия ешқайдан ... және ешқайда жоғалмайды: энергия мөлшері тұрақты, ол тек бір күйден екінші күйге ...
Энергияның сақталу заңы
Денелердің тұйық жүйесінде толық энергия осы жүйе ішінде кез келген әрекеттесу нәтижесінде өзгермейді.
Табиғатта энергия ешқайдан пайда болмайды және ешқайда жоғалмайды: энергия мөлшері тұрақты, ол тек бір күйден екінші күйге ауысады.
ТЕРМОДИНАМИКАНЫҢ НЕГІЗГІ ЗАҢЫ
ЭНЕРГИЯНЫҢ САҚТАЛУ ЖӘНЕ АЙНАЛУ ЗАҢЫ
Термодинамиканың I заңы
ΔU = Aсырт + Q
А газ = - А сырт
Q = ΔU + Aг
Салдары:
1. Жүйе оқшауланған ( А= О, Q=0)
Онда Δu = u2-u1=0, немесе u1=u2 – оқшауланған жүйенің ішкі энергиясы өзгеріссіз қалады.
2. Мәңгі қозғалтқыш– отын жұмсаусыз жұмыс жасай алатын құрылғыжасау мүмкін еместігі.
Q = ΔU + Aг, Q=0,
Аг= - ΔU.
Энергия қорын бітірген соң, қозғалтқыш жұмысын тоқтады.
Жағдайды талдап, қорытынды жасаңдар
Температуралары әртүрлі екі денені жанастырады. Жылу берілу бағытын көрсетіңдер. Жылу өздігінен кері бағытта беріле ала ма?
Термодинамиканың II заңы
Тұйық жүйеде жылу салқынырақ денеден қызған денеге берілетін процесс мүмкін емес
Есептерді шығар:
1. Жабық баллонда газ бар. Ол суыған кезде оның ішкі энергиясы 500 кДж –ге кеміді. Газ қандай жылу мөлшерін берді? Ол жұмыс жасады ма?
2. Түбінде суы бар ыдысқа ауаны толтырды. Кранды ашқан және сығылған газсыртқы шыққан уақытта, ыдыс су тұманына толды. Неліктен?
Бағалау критерийлері
Оқушылар:
1. термодинамиканың бірінші және екінші заңдарының анықтамаларын атайды;
2. жылу, жұмыс және энергиямен байланысты есептерде термодинамика заңдарын қолданады;
3. термодинамиканың бірінші заңын изопроцесстерге қолданады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?