Жылу мөлшері және жұмыс. Термодинамиканың бірінші заңы. Термодинамиканың екінші заңы. Адиабаталық және изотермиялық өзгеріс. Физика, 10 сынып, дидактикалық материал.

Қалыптастырушы бағалау жұмысы. Газ заңдары.

Оқушының аты-жөні:_____________________________________________Сыныбы 10____

ОБ сілтеме

Оқу мақсаттары

Бағалауға арналған ұсыныс

10.1В

Молекулалық

физика

Тұрақты температурада газ қысымының көлемге байланысты өзгеру процесін сапалы сипаттау (Бойль-Мариотт заңы)

Тұрақты қысымда газ көлемінің температураға байланысты өзгеру процесін сапалы сипаттау (Гей-Люссак заңы)

Тұрақты көлемде газ

қысымының температураға байланысты өзгеру процесін сапалы сипаттау (Шарль заңы)

1.1. Бойль-Мариотт заңын жазыңыз:____________________

1.2. Тұрақты шама: ___________________

1.3.Идеал газды қысымы n=3 есе өзгеретіндей етіп сығады. Егер газдың бастапқы көлемі V1 = 6л болса, онда газдың көлемі қаншаға өзгереді.

____________________________________________________

1.4. PV тәуелділік графигфін салыңыз:

1.5. Изотермиялық процестің техникада немесе тұрмыста қолданылуына 3 мысал келтіріңіз:

____________________________________________________

____________________________________________________

____________________________________________________

____________________________________________________

2.1 Гей-Люссак заңын жазыңыз:_______________________

2.2 Тұрақты шама: ___________________

2.3Тұрақты қысымда идеал газ Т1 =300 К температурадан Т2 =750 К-ге дейін қыздырылды, нәтижесінде оның көлемі артты. Газдің бастапқы көлемін табыңыз

____________________________________________________

____________________________________________________

____________________________________________________

____________________________________________________

____________________________________________________

2.4.VТ тәуелділік графигфін салыңыз:

2.5.Изобаралық процестің техникада немесе тұрмыста қолданылуына 3 мысал келтіріңіз:

____________________________________________________

____________________________________________________

____________________________________________________

____________________________________________________

3.1. Шарль заңын жазыңыз:_______________________

3.2. Тұрақты шама: ___________________

3.3. Жабық ыдыстағы газдың 27ºС температура кезіндегі қысымы 75 кПа болды. - 13ºCтемпература кезінде қысым қандай болады?

____________________________________________________

____________________________________________________

____________________________________________________

____________________________________________________

____________________________________________________

3.4. РТ тәуелділік графигін салыңыз:

3.5.Изохоралық процестің техникада немесе тұрмыста қолданылуына 3 мысал келтіріңіз:

____________________________________________________

____________________________________________________

____________________________________________________

____________________________________________________

Дағдылар

Жетістік критерийлері

Егер төмендегі жетістік

критерийлерін орындаса, оқушы оқу мақсатына жетеді

Білу

Бойль-Мариотт заңын біледі

Қолдану

Бойль-Мариотт заңын пайдаланып, есептер шығарады

Анализ

Тұрақты температура кезінде қысымның көлемге тәуелді екендігі туралы қорытынды шығарады.

Білу

Гей-Люссак заңын біледі

Қолдану

Гей-Люссак заңын пайдалана отырып, есептер шығарды.

Талдау

Тұрақты қысым кезінде көлемнің температураға байланысты өзгеретіндігі туралы қорытынды жасады.

Білу

Шарль заңын біледі

Қолдану

Шарль заңын пайдалана отырып, есептер шығарды.

Талдау

Тұрақты көлем кезінде қысым температураға тәуелді өзгерісі туралы қорытынды шығарды.

Қалыптастырушы бағалау жұмысы. Идеал газ күй теңдеуі.

Оқушының аты-жөні:_____________________________________________Сыныбы 10____

ОБ сілтеме

Оқу мақсаттары

Бағалауға арналған ұсыныс

10.1В

Молекулалық

физика

Идеал газ күйінің теңдеуін рV =νRТ есептер шығаруға қолдану (осы кезеңде бағаламау ұсынылған)

1. Қысымы 1МПа болатын және 1,6л көлем алатын 160 мг оттектің температурасы қандай?

______________________________________________________________

2. Шардың қабырғалары р=4,053 МПа қысымға шыдаса және көлемі V=1.2 дм3 болса, массасы m=9 г бүтін темір шарды жару үшін қандай температураға дейін қыздыру керек?

______________________________________________________________

______________________________________________________________

______________________________________________________________

______________________________________________________________

3.Қалыпты жағдайда газ көлемі V=13,65л болса, t=1030С температурада V=40л оттек қандай қысым тудырады? Газдың массасы қандай?

______________________________________________________________

______________________________________________________________

______________________________________________________________

______________________________________________________________

4. Суретте идеал газ күйінің өзгеру графигі берілген.

1. Әрбір циклді сипаттаңыздар:

i. 1 2 күйге өтуі __________________________________________

ii. 2 3 күйге өтуі __________________________________________

iii. 3 4 күйге өтуі _________________________________________

5.Төмендегі суреттегі графиктерден

i. изотермаларды _________________________________________

ii. изобараларды __________________________________________

iii. изохораларды __________________________________жазыңыз.

Дағдылар

Жетістік критерийлері

Егер төмендегі жетістік

критерийлерін орындаса, оқушы оқу мақсатына жетеді

Білу және түсіну

Күй теңдеуін біледі және макроскопиялық параметрлердің байланысын түсінеді.

Қолдану

Күй теңдеуін есептер шығаруда қолдана алады.

Талдау

Идеал газдың макроскопиялық параметрлері өзгерісін талдап, салыстыра алады.

 Қалыптастырушы бағалау жұмысы. Термодинамика.

Оқушының аты-жөні:_____________________________________________Сыныбы 10____

ОБ сілтеме

Оқу мақсаттары

Бағалауға арналған ұсыныс

10.1С

Термодинамика

Ішкі энергия жүйенің күйімен анықталатындығын және ол жүйенің молекулаларымен байланысқан кинетикалық және потенциалдық энергияның қосындысы ретінде көрсетілуі мүмкін екенін түсінуін көрсету

Термодинамиканың бірінші және екінші заңдарының мағынасын түсіну

1. Төменде келтірілген жағдайлардың қайсысында жүйенің ішкі энергиясы механикалық жұмыс есебінен өзгере алады?

Дұрыс емес жауапты табыңыз.

А) Соғу кезіндегі қорғасын кесектің қыздырылуы

В) Теңіз суының дауылдан кейін қыздырылуы

С) Станокта өңделу кезіндегі бөлшектің қыздырылуы

Д) Ыдыстағы ыстық шайға салынған қасықтың қыздырылуы

Е) Тежелген кездегі автомобильдің шиналарының қыздырылуы

2. Бір атомды идеал газдың қысымы 6 есе ұлғайтып, көлемін 2 есе азайтқанда ішкі энергиясы неше есе өзгереді?

А) 12 есе ұлғаяды В) 9 есе ұлғаяды С) 4 есе ұлғаяды

D) 3 есе ұлғаяды Е) 6 есе ұлғаяды

3. Термодинамиканың бірінші заңы қандай заңның негізінде алынған?

А) Импульстің сақталу заңы

В) Ньютонның екінші заңы

С) Масса мен энергияның сақталу заңы

Д) Энергияның сақталу заңы

Е) Ньютонның бірінші заңы

4. Идеал газдың ішкі энергиясы қандай шамаға тәуелді?

А) Газдың қысымына

В) Газдың көлемі

С) Газдың температурасы

D) Газдың массасы

Е) Осы күйге келтірілген процеске тәуелді.

5. Газға 300Дж жылу мөлшері берілгенде, ол 100 Дж жұмыс атқарды. Газдың ішкі энергиясының өзгерісі неге тең?

______________________________________________________________

______________________________________________________________

______________________________________________________________

6. ΔТ= 1К-ге қыздырған кезде, 2 моль идеал газ қандай жұмыс атқарады?

______________________________________________________________

______________________________________________________________

______________________________________________________________

7. Бірдей температурадағы 1 моль мөлшеріндегі гелий мен сутектің ішкі энергиясын салыстырыңыздар және қорытынды жасаңыздар.

______________________________________________________________

______________________________________________________________

______________________________________________________________

8. Ішкі күштердің жұмысы мен сыртқы күштердің жұмысының арасындағы 2-ұқсастық пен 2-айырмашылықты сипаттаңыз.

______________________________________________________________

______________________________________________________________

______________________________________________________________

Дағдылар

Жетістік критерийлері

Егер төмендегі жетістік критерийлерін орындаса, оқушы оқу мақсатына жетеді

Білу

ішкі энергия өзгерісінің 2 тәсілі бар екенін біледі.

Түсіну

ішкі энергия өзгерісінің 2 тәсілін сипаттап, қорытынды жасап, түсіндіре алады.

Білу

Термодинамиканың бірінші заңын біледі

Газдың атқарған және газда атқарылған жұмыстың арасындағы айырмашылықты біледі

Түсіну

Термодинамика заңы энергияның сақталу заңымен сәйкес екендігін түсінеді.

Қолдану

Термодинамиканың бірінші заңының формуласын қолданып есептер шығарады.

Қалыптастырушы бағалау жұмысы. Жылу қозғалтқыштары. ПӘК.

Оқушының аты-жөні:_____________________________________________Сыныбы 10____

ОБ сілтеме

Оқу мақсаттары

Бағалауға арналған ұсыныс

10.1С

Термодинамика

Жылу қозғалтқыштың

жұмыс істеу принципін

түсіну және сипаттау

Жылу қозғалтқышының ПӘК ін анықтау үшін 2 формуланы білу және есептер шығаруға қолдану

1. Төмендегі қозғалтқыштардың қайсысы жылу қозғалтқышы емес?

А) Іштен жану қозғалтқышы

В) Бу машинасы

С) Айнымалы ток генераторы

D) Дизель

Е) Газ турбинасы

2. Іштен жану қозғалтқышының жұмыс істеу принципінің схемасын салыңыз:

3. Іштен жану қозғалтқышының 4 тактысының аттарын ата және ішінде пайдалы жұмыс атқаратын тактысы қалай аталады?

1 такты ______________________________

2 такты ______________________________

3 такты ______________________________

4 такты ______________________________

пайдалы жұмыс атқаратын тактысы __________________________________

4. Неліктен жылу қозғалтқыштардың ПӘК-і әрқашан 1-ден кем болады?

______________________________________________________________

______________________________________________________________

______________________________________________________________

5. Қандай жағдайда жылу машинасының ПӘК-і ең үлкен болады? Т1 –қыздырғыштың температурасы, Т2 –суытқыштың температурасы

А) Неғұрлым Т1 және Т2 жоғары болса

В) Неғұрлым Т1 жоғары, ал Т2 төмен болса

С) Неғұрлым Т1 төмен, ал Т2 жоғары болса

D) Неғұрлым Т1 және Т2 төмен болса

6. Карно циклының ПӘК-і дегеніміз не?

А) Газдың жылу мөлшерінің толық циклде істелген жұмысына қатынасы

В) Бір циклде істелген жұмыстың қыздырғыштан алынған жылу мөлшеріне қатынасы

С) Бір циклде істелген жұмыстың суытқышқа берілген жылу мөлшеріне қатынасы

D)Суытқышқа берілген жылу мөлшерінің қыздырғыштан алынған жылу мөлшеріне қатынасы

7.Жылу машинасы қыздырғышының температурасы 1500С, ал салқындатқыштікі 250С. Машина қыздырғыштан 40 кДж энергия алды. Машина қандай жұмыс атқарған?

______________________________________________________________

______________________________________________________________

______________________________________________________________

______________________________________________________________

8. Идеал жылу қозғалтқышының ПӘК-і 40%. Газ қыздырғыштан 5 кДж жылу алды. Тоңазытқышқа қандай жылу мөлшерін берді?

______________________________________________________________

______________________________________________________________

______________________________________________________________

______________________________________________________________

9. Егер идел жылу машинасына берілген аса қызған будың температурасы 600 0С, ал машинадан шығарылғанда 1000С болса, онда ол машинаның ПӘК-і нешеге тең?

10. Жылу қозғалтқыштарының техникада қолданылуына мысал келтіріңіз:

______________________________________________________________

______________________________________________________________

______________________________________________________________

______________________________________________________________

11. Жылу қозғалтқыштарын пайдаланудан қоршаған ортаға келетін зияндар туралы не білесіз?

______________________________________________________________

______________________________________________________________

______________________________________________________________

______________________________________________________________

12. Жылу қозғалтқыштарының ПӘК-ін жақсарту үшін не ұсынар едіңіз:

______________________________________________________________

______________________________________________________________

______________________________________________________________

______________________________________________________________

Дағдылар

Жетістік критерийлері

Егер төмендегі жетістік критерийлерін орындаса, оқушы оқу мақсатына жетеді

Білу

Жылу двигателінің жұмыс істеу принципін біледі

Жылу двигателінің барлық түрлерін біледі. ПӘК формуласын біледі.

Түсіну

Термодинамиканың екінші заңының жылу двигателіне қатысты қалай қолданылатыны туралы дұрыс сипаттама береді.

Білу

Жылу двигателінің есеп шығару үшін ПӘК формуласын біледі

Қолдану

Жылу двигателінің есеп шығару үшін ПӘК формуласын қолдана алады.

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇

Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу