Термодинамиканың бірінші заңы. Физика, 10 сынып, дидактикалық материал.
(I) 1 тапсырма. Жеке есеп шығару
- Көлемі 0,024 м3 болатын цилиндр ішіндегі газ 5*105 Па қысыммен изобаралық ұлғаяды.Егер газ көлемі ұлғаю кезінде жасаған жұмысы 1,5 кДж болса ,газдың соңғы көлемі неге тең болады?
- Аргонның бір килограмын изобаралық процесте 268 К-нен 400 К-ге қыздырған.Газдың ішкі энергиясының өзгерісін кДж –мен есептеп шығар.
- Суретте идеал газдың бірнеше процестері көрсетілген.Қай процесте газ ең үлкен жұмыс атқарады ? Жауабыңды дәлелдеп түсіндір.
(I) 2 тапсырма. Видеофрагментті көрген кезде келесі сұрақтарға жауап беріңдер:
1. Термодинамиканың бірінші заңын басқаша қалай атауға болады? (энергияның сақталу заңы)
2. Заңда қандай физикалық шамалардың байланысы көрінеді?(U,A,Q)
3. Термодинамиканың бірінші заңының қандай формуласын мұғалім көрсетті? ΔU=Q-A(W)
4. Жұмыс қашан нольге тең болады?(v=const) Бірінші заңы қандай түрде жазылады?
5. Қашан ΔU=0? (T=const) Бірінші заңы қандай түрде жазылады??
6. Қашан ΔU=-A(W) (қоршаған ортамен жылуалмасу болмағанда)
7. Қашан Q оң мәнге ие? Қашан теріс?
8. Қашан А оң болады? Теріс болады?
(G) 3 тапсырма. Жұптық жұмыс. Берілген схемалар. Жұп оқушылары бір-бірімен ақылдасады. Екі элементін моделдеңдер және термодинамикианың бірінші заңының теңдеуін түсіндіріңдер.
(I/G) 4 тапсырма. Есептер шығару. Әркім жеке шағарады әр тапсырманы орындап болғаннан кейін жауабын екі көршісімен салыстырады.
- Газға 100 Дж жылу бере отырып 400 Дж жұмыс жасалған болса,газдың ішкі энергиясы неге тең? ( 500 Дж-ға артты)
- Газ 65 Дж жұмыс жасағанда оның ішкі энергиясы 45 кДж-ға артса ,газға қанша жылу мөлшері берілген? ( 110 кДж)
- Газға 1 кДж жылу мөлшері беріледі, және оны 600 Дж жұмыс атқарып сығады. Газдың ішкі энергиясы осы кезде қалай өзгерді?
1) 1600 Дж -ге артты 2) 400 Дж -ге артты
3) 400 Дж –ге кеміді 4) өзгермеді
- Газдың қыздырған кездегі ұлғаюы үшін көлденең қимасының ауданы S = 200 см2 цилиндрдегі газға Q = 1,5 • 105 Дж жылу мөлшері беріледі, осы кезде қысымы тұрақты және р = 2 • 107 Па тең болды. Егер поршень Δh = 30 см ығыса газдың ішкі энергиясы қаншаға өзгереді?
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?