Термодинамиканың бiрiншi заңы. Физика, 10 сынып, презентация.
Өткен білімді еске түсіру
Алдарыңызда жатқан темір білеушені қолдарыңызға алыңыздар. Не сездіңіздер? Алақандарыныңздың ішкі энергиясы туралы не айтуға болады?
Алақандарыңызды бір-біріне үйкелеңіздер. Не сезуге болады?
Осы тәжірибе арқылы өткен білімді еске түсірелік:
Ішкі энергия дегеніміз не?
Ішкі энергияны қалай өзгертуге болады?
Жұмыс атқару?
Жылу қалай беріледі?
Ой қозғау
Көрсетілім:
Пробиркаға су құйып оны спирт шамының жалынына қойып қыздырамыз. Судың температурасын термометрмен өлшейміз.
Судың ішкі энериясының өзгерсі туралы не айтуға болады? Судың ішкі энергиясы қандай тәсіл арқылы өзгертілді?
Термодинамиканың бірінші заңы
Оқу мақсаты:
10.3.3.2 - термодинамиканың бірінші заңын изопроцестерге және адиабаталық процеске қолдану;.
1. Зерттеу жұмысы:
Жұмыс атқару арқылы дененің ішкі энергиясы қалай өзгеретіндігін анықтау.
Тапсырма: Ұсынылған сымның температурасын өлшеу. Берілген сымды 15-20 рет бүгіп, қайта жаза отырып, майыстырыңыз.
Оның температурасын өлшеңіз, қандай қорытынды жасауға болады?
Бұл жағдайда ішкі энергия қандай тәсіл арқылы өзгертілді?
2. Зерттеу жұмысы:
Дененің ішкі энергиясының өзгеруін анықтау.
Тапсырма: 1) пробиркаға аздаған мөлшерде (8-10 г) су құйыңыз. Оның темпратурасын өлшеңіз.
2) пробирканы тығынмен берік жаба отырып, оны параққа ораңыз.
3) 30-40 с аралығында осы пробирканы қолыңызда ұстай отырып сілкілеңіз (абай болыңыз, қолыңыздан ұшып кетпеуін қадағалау керек).
4) тығынды аша отырып, пробирканың ішіндегі судың температурасын қайтадан өлшеңіз.
5) ішкі энергияның өзгерісін есептеңіз.
6) өлшеу нәтижелерін дәптерлеріңізде жазыңыздар. Есептеулердің толық болуына назар аударыңыз.
Төмендегі сұрақтарға жауап жазыңыздар:
1. Тәжірибе барысында ішкі энергия қалай өзгерді, артты ма, әлде кеміді ме?
2. Тәжірибе барысында судың ішкі энергиясын қандай тәсіл арқылы өзгерттіңіз?
3. Тәжірибе барысында пробирканы неліктен параққа орауға тура келді?
4. Дененің ішкі энергиясының өзгерісінің жасалған жұысқа тәуелділігі туралы не айтуға болады?
Бағалау критерийі:
1. Зерттеу жұмысы толық әрі дұрыс жасалуы керек;
2. Есептеулерге қажетті формулалар дұрыс жазуылу керек;
3. Формулаларға сәйкес есептеулер нақты және айқын болуы керек;
4. Өлшем бірліктердің дұрыс аударылуына назар аудару;
5. Соңында ұсынылған сұрақтардың әр қайсыларына толық жауаптар жазылуы тиіс.
Жүйенің бір күйден екінші күйге ауысуы кезінде ішкі энергиясының Δ U өзгерісі жүйеге берілген жылу мөлшері мен сыртық күштердің жұмысының қосындысына тең
Термодинамиканың І заңы
ΔU = Q + A
Q = ΔU + A’
Термодинамиканың І заңы
Термодинамикалық жүйеге сырттан берілген жылу оның ішкі энергиясын арттыруға және жүйеге әсер ететін сыртқы күшке қарсы жұмыс істеуге жұмсалады
Тест тапсырмасының жауабы
Дұрыс жауаптары:
1 Б.,
2. В.,
3 Г.,
4. В.
Үй тапсырмасы
Термодинамиканың бірінші заңының шығу тарихы бойынша бір қызықты деректі жазып келу
Жеке рефлексия
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?