Термодинамиканың бірінші заңын изопроцестерге қолдану. Физика, 10 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 10.2C Термодинамика негіздері | Мектеп: Павлодар қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебі | |||||||||||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Карибжанова Ә.К. | |||||||||||||||||||||||||
Сынып: 10 ЖМБ | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |||||||||||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Термодинамиканың бірінші заңын изопроцестерге қолдану. | |||||||||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 10.3.3.2 - термодинамиканың бірінші заңын изопроцестерге және адиабаталық процеске қолдану; | |||||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары | Термодинамиканың ірінші заңы бойынша шығатын салдарлар мен қорытындыларды тұжырымдау. Термодинамиканың бірінші заңынан нақты газ заңдарына ауысыуды көрсету. Термодинамиканың бірінші заңының изопроцесстерге қолданудың физикалық мағынасына назар аудару. Есептерді шығаруда алған білімді қолдана алуға үйрету. | |||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийі | Оқушылардың барлығы: Практикалық жұмысты толық және дұрыс орындай алады; Параметрлер арасындағы тәуелділікті айқындай алады;Есептеуге қажетті формуланы табады және түрлендіреді. Бағалау түрі: Өткен білімді еске түсіруде және ой қозғау кезеңінде: Сұрақ-жауап, яғни нақтылау сұрақтары арқылы оқушылардың жауаптарын бағалауға болады; Мағынаны тану кезеңінде: топтар немесе оқушылар бір-бірін бағалайды, ол үшін бағалау критерийін қолдана отырып, таңдап алады. Мағынаны ашу: бекіту тапсырмасында оқушылар өз-өздерін бағалай алады. | |||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Пәндік лексика және терминология:
Диалогқа қажетті сөз тіркесі: Энергия ... нәтижесінде ауыстырылады. Жылулық құбылыстар .... Термодинамика дегеніміз ... Термодинамикалық жүй дегеніміз... Жүйенің ішкі энергиясының өзгерісі... | |||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Құндылықтарды дарыту пәнге деген қызығушылықтарын арттыра отырып, мұғалім жағымды ынтымақтастық ортаны құру; оқушылармен бірге оқу мақсаттарына сәйкес жетістік критерийлерін бірге таңдайды; сабақ барысында ақпаратты іздеуде, тапсырмаларды жеке орындауда академиялық адалдыққа бағыттау; ақпарат барлық оқушыларға бір қалыпты бәріне бірдей беріледі және оқушы өз пікірін және ойын ашық білдіре алады; сабақ барысында ұқыптылыққа және өзіне және өзгелерге құрметпен қарауға бағыттау. | |||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Математика | |||||||||||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Интерактивті презентацияны қолдану. | |||||||||||||||||||||||||
Бастапқы білім | Термодинамиканың бірінші заңы | |||||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 2 мин | Сабақ басында: Ұйымдастыру: Сәлемдесу. Сабақ барысымен таныстыру. | |||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 3 мин 5 мин 10 мин 5 мин 10 мин 2 мин | Өткен білімді еске түсіру: Өткен білімді еске түсіру үшін «Кім жылдам?» белсенділік тапсырмасын ұйымдастыруға болады. Ол үшін сынып оқушыларын жұпқа біріктіріңіз. Тақтаға «Термодинамиканың бірінші заңы» деп жазыңыз. Оқушылар осы тақырып бойынша 30 с уақыт аралығында сөздер (теминдер) жазуы тиіс. Қай жұп көп сөз жазады, сол топ оқиды. Енді осы тақырыпқа байланысты 10 терминді қай топ бірінші жазып бітіреді (шарт алдыңғы оқылған терминдер мен сөздерді) қайталамауы тиіс. Ой қозғау: Сабақ тақырыбы мен мақсатын айқындау үшін: Сыныпта проблемалық жағдайда талдау. Термодинамиканың бірінші заңы тұжырымдамасынан жүйенің ішкі энергиясы жұмыс жасағанда немесе жүйеге берілген жылу мөлшері арқылы өзгереді. Онда ішкі энергияны, жылу мөлшерін, газ жұмысын анықтайтын формулаға назар аударайық.
Оқушылармен сұрақтарды талдай отырып, қорытынды шығару: термодинамиканың бірінші заңы газда орындалатын изопроцесстерге сәйкес өзгереді. Қалай ойлайсыңдар, бүгінгі тақырыбымыз қандай? Онда бүгінгі сабаққа қандай мақсат қоюға болады? Сабақ тақырыбын айту, оқу мақсатын жариялау. Жетістік критерийлерін оқушылармен бірге айқындап алу. Мағынаны тану: Сыныпты 3 топқа біріктріңіз. Практикалық тапсырманы орындауға дайындық: 1) Практикалық тапсырма (орындау нұсқасы, орындау үлгісі, бағалау критерийі); 2) Жадайға байланысты тапсырма – сұрақтар (орындауға нұсқаулық, жауап үлгілері, бағалау критерийі); 3) Есеп шығару; 4) Бағалау парақтары. Сыныптағы әр оқушыға кесте беріледі: Оқушылар кестені тапсырмаларды орындау барысында толықтыруы тиіс. 1-топ: Изохоралық процесс үшін термодинамиканың бірінші заңы. Ол үшін бір есепті қарастырады. Термодинамиканың бірінші заңы қалай өзгеретіндігі бойынша қорытынды жасау. Алынған нәтижені кестеге енгізе отырып, изохоралық процесс үшін термодинамиканың бірінші заңының физикалық мағынасын ашып жазу. 2 –топ: Изотермалық процесс үшін термодинамиканың бірінші заңы. Ол үшін бір есептің шешуін қарастырады. Шешімдер нәтижесі бойынша, термодинамиканың бірінші заңы қалай өзгеретіндігі бойынша қорытынды жасау. Алынған нәтижені кестеге енгізе отырып, формуланы түрлендіру және изотермалық процесс үшін термодинамиканың бірінші заңының физикалық мағынасын ашып жазу. 3-топ: Оқулықпен жұмыс жүргізеді. Берілген параграф бойынша изобаралық процесс үшін термодинамиканың бірінші заңын қарастырады. Кестені толықтырады. Формуласы мен изобаралық процесс үшін термодинамиканың бірінші заңының физикалық мағынасын оқулқ материалын қолдана отырып, ашып жазу. Бағалау критерийі: 1. Практикалық тапсырма толық әрі дұрыс жасалуы керек; 2. Есептеулерге қажетті формулалар дұрыс түрлендіріліп толтырылуы керек; 3. Берілген кесте бойынша мәлімет толық әрі ақиқат болуы тиіс. Әр топ тапсырмаларды орындап болғаннан кейін алдарыңа берілген кестені бағалау критерийіне сәйкес толықтырады. Мағынаны ашу: Сыныпқа ортақ тақтаны мұғалім тақтада ашып қояды. Әр топтың бір мүшесі тақтада берілген кестенің өз тобына тиісті жерін түсіндіре отырып толықтырады. Кесте толығымен толықтырылғанан кейін мұғалім оны алдың-ала дайындаған дұрыс кестемен салыстырады. Оқушылар дұрыс жауабын еккере отырып, топтар бір-бірін бағалайды. Бекіту: Оқушыларға тапсырма беріледі. Оқушылар бекіту тапсырмасын орындайды өздерін дұрыс жауаппен тексереді. 1. Вертикаль орналасқан цилиндрде поршень астында тұрған газдың температурасы 323 К. Бастапқы көлемі 190 см3. Поршеннің масасы 120 кг. Оның ауданы 50 см2. Атмосфералық қысым 100 кПа болғанда газ 100 К қыздырылды. Анықтау керек: 1) поршень астында тұрған аз қысымы. 2) газ қыздырылғанан кейін газ көлемі қаншалықты өзгерді? 3) Ұлғаю барысындағы газ жұмысын анықта. Оқушылар тапсырманы жеке-жеке орындайды. 2. Көлемі 20 л оттегіні изохоралық процесс кезінде қысымы 100 кПа өзгерсе, оның жылу мөлшерін анықтаңдар. (5 кДж). 3. 200С температурадан 500С температураға дейін изобаралық қыздырғанда газ 2,5 кДж жұмыс атқарады. Осы процеске қатысқан молекулалар санын анықтаңдар. (6*1024) Жалпылау: Жалпы сабақ бойынша бүгінгі алған білімдерін жинақтау. Термодинамика бойынша есептер шығару алгоритмі. 1) Есептің берілгенің мұқият оқу, есеп тиіп ажырату; 2) Есептің берілгенің қысқаша жазу; 3) Қажет жағдайда шамаларды ХБЖ келтіру; 4) Газдың әр күйіне сәйкес параметрлерді анықтау (қысым, көлем, температура). Қажет жағдайда қажетті процесстер үшін формулаларды жеке-жеке жазу. 5) Математикалық түрлендірулер мен есептеулер. 6) Алынған нәтижені талдау және жауабын жазу. | Презентация Тор көздері бос кесте Тапсырмалар Толтырылған кесте | ||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 3 мин | Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді: Жеке рефлексия.
Үй тапсырмасы. Оқулықта берілген жаттығулардан кем дегенде үш есеп шығару. | |||||||||||||||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||||||||||||||||||
Топқа біріктігенде оқушылар өз қабілетіне сай жұптағы рөлдерді таңдап алады. Практикалық жұмысының жауаптарын жазуда, есеептеулерде оқушылардың жауаптары арқылы олардың тапсырманы орындай алу деңгейлерін аңғаруға болады. | Топтық жұмыстарда бағалау критерийлеріне орай оқушылар топтық бағалау жүргізеді және оқушылар бір-біріне баға бере алады. Бекіту тапсырмасын орындау барысында әр оқушы өз жауабын дұрыс жауаппен салыстыра отырып, өз-өзін бағалай алады | Көзге арналған гимнастика ұйымдастыруға болады. Кабинеттегі жалпы қауіпсіздік ережесінің сақталуы. | ||||||||||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| |||||||||||||||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?