Жылу мөлшері, жылусыйымдылық. Зертханалық жұмыс. Физика, 10 сынып, дидактикалық материал.


Зертханалық жұмыс

Заттардың меншікті жылу сыйымдылығын анықтау.

Молярлық жылу сыйымдылықтарды салыстыру.

Жұмыстың мақсаты: Жылулық тепе-теңдік теңдеуін пайдаланып заттардың меншікті жылу сыйымдылығын анықтап үйрену. Барлық денелердің қатты күйінің молярлық жылу сыйымдылығы сµ = 25 Дж/моль 0К екеніне көз жеткізу.

Құрал-жабдықтар: Әртүрлі заттан жасалған үш дене, калориметр, мензурка (өлшегіш шыны), термометр, тастары мен таразы, суы бар үлкен ыдыс, электр қыздырғыш (сыныпқа бір дана жеткілікті).

Қысқаша теория: Тұйық жүйе үшін энергияның сақталу заңы орындалатыны анық. Осы заңға байланысты ыстық дененің берген жылу мөлшері суық су мен калориметрді жылытуға жұмсалады.

Q1 = Q2 + Q3 (1) , ендеше

cд mд (t2 - Ө ) = (cc mc + ck mk) ( Ө - t1) (2) , мұндағы

сд - анықталушы дененің меншікті жылу сыйымдылығы;

Ө - жылулық тепе-теңдік орнағаннан кейінгі судың температурасы;

cс = 4200 Дж/кг 0С - судың меншікті жылу сыйымдылығы;

ck = 880 Дж/кг 0С - калориметрдің меншікті жылу сыйымдылығы;

mc - суық судың массасы;

mд - анықталушы дененің массасы;

mк - калориметр ыдысының массасы.

(2) теңдеуден:

Берілген заттың молярлық массасы меншікті жылу сыйымдылығымен мына теңдік арқылы байланысады:

сµ = сд М (4) ,

мұндағы М - заттың молярлық массасы.

Жұмыстың орындалу барысы:

  • Таразы көмегімен анықталушы денелер мен калориметр ыдысының массасын анықтаңдар. Мәліметтерді кестеге енгізіңдер.
  • Анықталушы денені ыстық суы бар үлкен ыдысқа салыңдар.
  • Калориметрге 100-150 г су құйыңдар да, оның t1 температурасын өлшеп кестеге жазыңдар.
  • Ыстық суда тұрған дененің t2 температурасын өлшеп алып, денені калориметрге салыңдар.
  • Жылулық тепе-теңдік орнаған кездегі судың температурасын өлшеңдер.
  • (3) теңдеуді пайдаланып анықталушы заттың меншікті жылу сыйымдылығын есептеңдер. Мәліметтерді кестеге енгізіңдер.

Тәжірибе №

Өлшенгені

Дененің массасы

mд кг

Есептелгені

Калориметрдің массасы

mk кг

Зат

Судың массасы

mc кг

1 кесте

7. Дененің сыртқы түрі мен түсіне қарап, 2 кестедегі мәліметпен салыстырып оның қандай зат екенін анықтаңдар.

Заттар

Меншікті жылу сыйымдылық, Дж/кг 0С

Қорғасын

130

Қалайы

230

Мыс

380

Мырыш

380

Темір

460

Алюминий

880

2 кесте

8. Әр зат үшін, кестедегі мәндерді ескеріп, жеке-жеке абсолют және салыстырмалы қатені есептеңдер:

 Δс = |cд - cкесте|

  • (4) теңдеуді қолданып осы заттың молярлық жылу сыйымдылығын есептеңдер. Мәліметті кестеге енгізіп, оны теориялық есеппен салыстырыңдар.

10. Әр зат үшін, кестедегі мәндерді ескеріп, жеке-жеке абсолют және салыстырмалы қатені есептеңдер:

 Δсµ = |cµ - 25 Дж/моль 0С|



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу