Жылу мөлшері, жылусыйымдылық. Зертханалық жұмыс. Физика, 10 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 10.2C Термодинамика негіздері | Мектеп: Павлодар қаласындағы ХББ НЗМ | |||||||||||||||||||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Каримова Н.Б. | |||||||||||||||||||||||||||||||||
Сынып: 10 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: |
| ||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Жылу мөлшері, жылусыйымдылық. Зертханалық жұмыс. | |||||||||||||||||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 10.3.3.1 - бір атомды және екі атомды идеал газдың ішкі энергиясының формуласын есептер шығаруда қолдану | |||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары | Оқушыларға жылу мөлшері ұғымын қалыптастыруды жалғастыру, жылулық құбылыстарды зерттеуде металдардың молярлық жылу сыйымдылықтары жайлы тәжірибе арқылы мағлұмат беру, жылу баланс теңдеуі туралы түсінігін тереңдету. | |||||||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері |
| |||||||||||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Тілді оқыту мақсаты Оқушылар орындай алады: Пәндік лексика және терминология Жылу қозғалтқышы, жылу электр станциясы, ішкі энергия,жылу,жұмыс
Диалогқа/жазуға қажетті сөз тіркестері Энергия... нәтижесінде ауыстырылады | |||||||||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікті үнемі есте сақтау; Жұппен жұмыс істеу барысында бір біріне құрмет көрсетуді ұмытпау; Сыныпта жұмыс жасағанда ынтымақтастық атмосферасын қадағалау; Оқушылар өз пікірін білдіргенде ашықтықты ескеріп барлық оқушы пікірлерін тыңдау; Еңбек және шығармашылық нәтижесінде мақсатқа жететінімізді еске салу; мектептегі тақырыпқа сай іздену қажеттігін, өмір бойы білім алу керектігін білу. | |||||||||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Математика пәнімен байланыс. Өлшеулер барысында өлшем бірліктермен жұмыс жасауда, қателіктерді есептеуде математикалық амалдар қолданылады. | |||||||||||||||||||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Интернет желісі, интерактивті тақта, GLX және Pasco электронды құралдары, физикалық құралдар. | |||||||||||||||||||||||||||||||||
Бастапқы білім | 8сынып: жылу мөлшері, меншікті жылусыйымдылық, газ жұмысы, пайдалы әсер коэффициенті. 10-сынып: температуралық шкалалар, газ заңдары, молекула- кинетикалық теория. | |||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 3 мин | Ұйымдастыру: Сәлемдесу. Сабақ барысымен таныстыру, сабақтағы бағалау жүйесімен таныстыру. C әрпіне басталатын тілек тілейміз. | |||||||||||||||||||||||||||||||||
7 мин 2 мин 25 мин | «Блиц-опрос». Үй жұмысын тексеру мақсатында оқушылар келесі сөйлемдерді аяқтайды. 1) Ішкі энергия дегеніміз .... 2) Ішкі энергияны өзгертудің ... тәсілдері бар. Олар .... 3) Бір атомды идеал газдың ішкі энергиясының формуласы .... 4) Екі атомды идеал газдың ішкі энергиясының формуласы ... 5) Ішкі энергия ..... шамаларға тәуелді болады 6) Жұмысы дегеніміз .... 7) Газдың артқарған жұмысын анықтайдың формуласы .... 8) Жылу мөлшері дегеніміз ..... Оқушылар кезектесіп оқиды, басқалары тыңдап бір-бірін бағалайды. Сабақ тақырыбын, мақсаттарын жариялау. Мұғалімнің толықтауы:
Жылу алмасу кезіндегі дененің ішкі энергиясының өзгеруінің сандық мөлшері – жылу мөлшері. [Дж], Мұндағы с - меншікті жылу сыйымдылық - [1Дж/кг*0С]. Заттың бір молінің жылусыйымдылығының мольдік жылусыйымдылық деп атайды, яғни С=c*m Жылу берілу тек екі дене температурасы әртүрлі болған жағдайда ғана, ыстығырақ денеден суығырақ денеге беріледі. Егер дене жылу алса: Q > 0 Жылу жоғалтса: Q < 0 (Е) Оқушыларға заттың жылу сыйымдылығын анықтауға арналған зертханалық жұмысты жұппен орындау ұсынылады. Өзін-өзі бағалау. Мұғалімнің алдын ала дайындаған жауап парақшасымен әрбір бала өз жұмысын тексереді. |
https://bilimland.kz/kk/courses/physics-kk/molekulalyq-fizika/termodinamika/lesson/zhylusyi-ymdylyq Әртүрлі заттан жасалған үш дене, калоримет, мензурка, термометр, тастары мен таразы, суы бар үлкен ыдыс. Қосымша | ||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 3 мин | Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді: «сабақтан алған әсерім»; «сабақтың ұнамаған тұстары». Үйге тапсырма: §5.4, 5.5 | |||||||||||||||||||||||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||||||||||||||||||||||||||
Барлық оқушылар: жылу мөлшері ұғымын біледі Көпшілік оқушылар: металдардың молярлық жылу сыйымдылықтарының формуласын анықтай алады Кейбір оқушылар: қүрделі есеп шығаруда керекті формулаларды түрлендіріп қолдана алады, сонымен қатар, сыныптастарына көмек көрсете алады. | ҚБ Бірін-бірі бағалау; | Физика кабинетіндегі ҚТ. | ||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| |||||||||||||||||||||||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?