Изопроцестер. Изопроцесстер графиктері. Дальтон заңы. Физика, 10 сынып, сабақ жоспары.
Сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Газ заңдары | Мектеп: | |||||||||||||||||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||||||||||||||||||||||||||||
Сынып: 10 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Изопроцестер. Изопроцесстер графиктері. Дальтон заңы | |||||||||||||||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары | 10.3.2.5 - газ заңдарын сандық және графиктік есептер шығаруда қолдану; | |||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары | Бойль-Мариотт, Гей-Люссак, Шарль заңдарын пайдаланып, есептер шығару Изопроцестердің графигін салып, талдау жасау P-V, P-T, V-T графиктерін талдай білу График бойынша газ параметрлерін анықтау | |||||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері | Бойль-Мариотт, Гей-Люссак, Шарль заңдарын біледі Бойль-Мариотт, Гей-Люссак, Шарль заңдарын пайдаланып, есептер шығарады Тұрақты температура кезінде қысымның көлемге тәуелді екендігі туралы қорытынды шығарады. Тұрақты қысым кезінде көлемнің температураға байланысты өзгеретіндігі туралы қорытынды жасады. Тұрақты көлем кезінде қысым температураға тәуелді өзгерісі туралы қорытынды шығарды. Изопроцестерді әр түрлі координаталарда сала алады | |||||||||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар
| Пәндік лексика және терминология: Изопроцесс, макроскопиялық параметрлер, тура және кері пропорционал, парциал қысым, изотерма, изобара, изохора
Диалогқа/жазуға қажетті сөз тіркестері: Тұрақты температурада термодинамикалық жүйе күйінің өзгеру процесі изотермалық процес деп атайды. Тұрақты қысымда термодинамикалық жүйе күйінің өзгеру процесі изобаралық процес деп аталады. Көлем тұрақты болғанда, температураның өзгеруінен туындайтын газ қысымының өзгеру процесін изохоралық процес деп атайды. | |||||||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Топпен жұмыс жасау барысында оқушылар арасындағы ауызбіршілікті нығайту. Өзгелерге көмек көрсетуге баулу. Қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып, өзінің және өзге оқушының денсаулығына жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу. | |||||||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар |
| |||||||||||||||||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | http://files.school-collection.edu.ru/dlrstore/57b38a44-5256-65ac-51d1-d3d882ec08ba/00144676728630378.htm | |||||||||||||||||||||||||||||||
Бастапқы білім | МКТ-ның негізгі қағидалары. Термодинамикалық параметрлер | |||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 0-2 минут 2-8 минут | І. Ұйымдастыру. Сынып ішіндегі тазалыққа, сынып оқушыларының сабаққа қатысымына назар аудару. Үй тапсырмасын тексеру мақсатында оқушылар суретте көрсетілген графиктердегі изопроцестерді атайды (тапсырма 1) және заңның атауын жазады. Көрсетілген графиктерді (тапсырма 2) пайдаланып, макроскопиялық параметрлерді салыстырады. Өзін-өзі бағалау жүргізіледі. Тапсырма 1.
Тапсырма 2.
Оқушылармен сабақтың тақырыбы мен сабақ мақсаттарын талқылау. | Қосымша 1 | ||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 8-25 мин 25-30 минут 30-38 минут
| Тапсырма 2. Жұптық бағалау жүргізіледі 1. 2 атм қысымда 820 см3 көлемді алып тұрған 2 г азоттың температурасы қандай болғаны? 2. 270C температурадағы және 760 мм сын.бағ. қысымдағы 25л көлемді алып тұрған күкіртті газдың SO2 массасын табу керек 3. Биіктігі 5 м, еденінің ауданы 200 м2 аудиторияны толтыратын ауаның массасын табу керек. Ауаның қысымы 750 мм.сын.бағ., бөлме температурасы 170С (бір киломоль ауаның массасы 29 кг/кмоль тең) 4.Температурасы 150 С және қысымы 730 мм.сын.бағ. сутегінің тығыздығын табу керек.
Мұғалім оқушылармен берілген изопроцесс графигін талдайды. График тұрғызу үшін әрбір қадамды анық көрсетеді. Өйткені содан кейін оқушыларға жеке тапсырма беріледі Тапсырма 3. Графиктік есептер шығару. Әр оқушыға жеке беріледі. Суретте тұйық циклдің графигі көрсетілген. Тұйық циклдің төмендегідей координаталардағы диаграммаларын сызыңыз:
| Қосымша 2 Презентация Қосымша 3 | ||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 38-40 минут | Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді: - нені білдім, нені үйрендім - нені толық түсінбедім - немен жұмысты жалғастыру қажет | |||||||||||||||||||||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||||||||||||||||||||||||
Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін. Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады | Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз | Денсаулық сақтау технологиялары. Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері. Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары | ||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| |||||||||||||||||||||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?