МКТ – ның негізгі қағидалары мен ұғымдары. Термодинамикалық параметрлер. Физика, 10 сынып, қосымша материал 4.
Газ заңдары
C. Температура дегеніміз не?
Температура жүйедегі бөлшектердің орташа кинетикалық энергиясының шамасы болып табылады. Бөлшектер қозғалысы жылдам болған сайын температура арта түседі.
Температура бөлшектердің кинетикалық энергиясына тура пропорционал, энергия екі еселенгенде температура да екі еселенеді. Алайда температура бөлшектердің орташа жылдамдығының квадратына пропорционал, жылдамдық екі есе артқанда, температура төрт есе артады.
Фильм – Газ заңдары
Қосымша сұрақтар – С1, С2
С. Кинетикалық теория дегеніміз не?
Кинетикалық теория әрдайым бейтарап қозғалыстағы көп мөлшердегі ұсақ бөлшектер жүзінде үлкен масштабты газдар әрекетін түсіндіреді. Бұл бөлшектердің соқтығысуы қысымның жоғарылауына алып келетінін және осы бөлшектердің жылдамдығы температура шамасына тәуелді екендігін білдіреді.
Фильм – Газ заңдары
Диаграмма – Кинетикалық теория
С. Қысым дегеніміз не?
Қысым берілген ауданға түсетін күштің шамасы болып табылады. Ол паскальмен (Па) немесе ньютонның шаршы метрге қатынасымен (Н/м²) өлшенеді. Дәл сол күш әртүрлі ауданда түрліше әсер етеді. Мысалы ұстара немесе түйреуіш кішігірім ауданға айтарлықтай күш түсіреді. Бұл үлкен қысым тудырады және бұл денені кесу немесе тесуге мүмкіндік береді, бұл егер біз жазық зат қолдансақ, мүмкін болмас еді.
Қар кешкіш дәл сол принциппен жұмыс істейді, тек бір айырмашылығы – ол иесінің салмағы әсерінен қысымды азайту үшін қолданылады. Бұл иесінің салмағын үлкен ауданға түсіріп, қысымды азайтады және сол арқылы оның қарға батуын болдырмайды.
Қосымша сұрақтар – С3, С4
Фильм – Қысым және беттік аудан
Фильм – Деректер: Қысым және биіктік
Диаграмма – Қысым және беттік аудан
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?