Газдардың молекулалық-кинетикалық теориясының негiзгi теңдеуi. Физика, 10 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Газдардың молекулалық- кинетикалық теория негiздерi

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 10

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Газдардың молекулалық-кинетикалық теориясының негiзгi теңдеуi

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

10.3.1.2 - идеал газ моделін сипаттау;

10.3.1.3 - МКТ-ның негізгі теңдеуін есептер шығаруда қолдану;

Сабақ мақсаты

МКТ негізгі теңдеуін қорытып шығару, есептер шығаруда қолдану;

Бағалау критерийлері

- Бөлшектердің соқтығысуы қабырғаға қысым түсіретінін біледі

- MKT-ң негізгі теңдеуі p=2, р=nWk және p=nkT= формулаларын біледі.

- Орташа кинетикалық энергия Ек газға тәуелді емес – ол тек температуаға тәуелді екенін біледі.

Тілдік мақсаттар

Бөлшектің моделінің (молекула-кинетикалық) қалай есептелетінін, қалай қатты заттың балқитынын және сұйықтықтың қалай қайнайтынын ауызша түсіндіру үшін диаграмманы пайдаланады (айту және тыңдау дағдылары)

Пәндік сөздік қор/Пәндік лексика мен терминология:

Қазақша

Ағылшынша

бөлшектің (кинетикалық) моделі

particle (kinetic) model

Қатты заттар

Solids

сұйықтықтар

Liquids

газдар

gases

микроскопиялық жылу энергиясы

microscopic thermal energy

макроскопиялық жылу энергиясы

macroscopic thermal energy

кинетикалық энергия

kinetic energy

Диалогқа/жазуға қажетті сөз тіркестері:

Қыздыру... бөлшектердің кинетикалық энергиясын арттырады.

Бөлшектер ретсіз қозғалады.

Қатты және сұйық заттың арасындағы айырмашылық... болып табылады.

Сұйық және газ тәрізді заттың арасындағы айырмашылық ... болып табылады.

Құндылықтарды дарыту

Оқушылар жұптық және топтық тапсырмаларды орындау барысында оларды өз беттерінше ізденуге, өзгенің ойын тыңдай отырып, қарсы пікір айтуға дағдыландыру.

Пәнаралық байланыстар

Пән

Кезең

Химия

Математика

Атомдық масса, Салыстырмалы молекулалық масса, Мольдік массa

Квадрат түбір

Бастапқы білім

Температура - зат бөлшектерінің жылулық қозғалысының орташа кинетикалық энергиясының өлшемі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

2 минут

  • Ұйымдастыру. Сынып ішіндегі тазалық пен сынып оқушыларының сабаққа қатысымын қадағалау.
  • Бүгінгі сабақтың тақырыбы және мақсатын жариялау.
  • Бүгінгі сабақта қолданылатын бағалау критерийлерімен таныстыру

Презентация

1-2-слайд

Сабақтың ортасы

Сабақтың ортасы

10 минут

12 минут

5 минут

3 минут

5 минут

Жаңа сабақ. (мұғалім оқушыларды 2- топқа бөледі, топтар тапсырма алып, дайындалып бірін -біріне түсіндіреді, МКТнің негізгі теңдеуі бойынша тақырыпты қорғайды, өзара бағалайды)

1-топ: МКТ-ң негізгі теңдеуі

Оқушылар контейнер қабырғасымен үнемі соқтығысатын бөлшектердің траекториясын еске түсіреді. Бөлшектер осы соқтығыстарда өз импульстерін өзгертеді, себебі қабырға бөлшектерге күшпен әрекет етеді, ал бөлшектер қабырғаға күшпен әрекет етеді Аудан бірлігіне түсірілетін күштің орташа мәні газдың қысымы болып табылады.

2-топ: МКТ-ң тағы бір теңдеуін тәжірибе жүзінде алу

Ө =kT, мұндағы k-пропорционалдық коэффициент, Ө- энергетикалық температура. k= 1,38*10-23Дж/К.

Р=nkT=бірдей температура мен қысым кезінде газдың тең көлемдетіндегі молекулалар саны бірдей болатыны шығады. Бұл- Авагадро саны.

Қорғау

Дескриптор:

  • Бөлшектердің соқтығысуы қабырғаға қысым түсіретінін біледі.
  • Аудан бірлігіне түсетін күштің орташа мәні қысым болып табылатын біледі.
  • Орташа Ек газға тәуелді емес – ол тек температуаға тәуелді екенін біледі.
  • Бірдей температура мен қысым кезінде газдың тең көлемдетіндегі молекулалар саны бірдей болатынын біледі.

Кітаппен жұмыс(молекула-кинетикалық теориясының негізгі қағидаларын талқылау арқылы дәптерлеріне жазғызу)

  • Газдағы ұсақ бөлшектер саны өте көп болады.
  • Бөлшектер хаостық шапшаң қозғалыста болады.
  • Бөлшектер арасында тартылу және тебілу күштері әрекет етеді.
  • Бөлшектер көлемі контейнердің көлемімен салыстырғанда өте кіші.
  • Барлық соқтығысулар серпімді болып келеді.

Видео көрсетілім

Бағалау (тест тапсырмасы)

3-6 слайд

Видео

7-слайд

Тест

8 слайд

Сабақтың соңы

3 минут

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім

- нені толық түсінбедім

- немен жұмысты жалғастыру қажет

Оқушылар өздерінің жұмысы мен сыныптастарының жұмысын белгілі бір критерийлер бойынша бағалайды

Үй тапсырмасы

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Мұғалім сабақ барысында әрбір оқушыға жеке келу арқылы қолдау көрсетеді.

Сабақ барысында оқушылардың өзін-өзі бағалау, өзара бағалау және мұғалімнің тарапынан кері байланыс ұсынылу әрбір этапта жүзеге асады

Оқушылар өлшеуіш таспа және болат шармен жұмыс жасайтын болғандықтан, тапсырма орындау алдында оқушыларға қауіпсіздік ережелері таныстырылады

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу