Газдардың молекулалық-кинетикалық теориясының негiзгi теңдеуi тақырыптарына есептер шығару. Физика, 10 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Газдардың молекулалық- кинетикалық теория негiздерi

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 10

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Газдардың молекулалық-кинетикалық теориясының негiзгi теңдеуi тақырыптарына есептер шығару

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

10.3.1.3 - МКТ-ның негізгі теңдеуін есептер шығаруда қолдану;

Сабақ мақсаты

МКТ негізгі теңдеуін және молекулалардың ілгерілемелі қозғалысының орташа кинетикалық энергиясының температураға тәуелділігін есептер шығаруда қолдану;

Бағалау критерийлері

- Молекула-кинетикалық теорияның негізгі ережелерін біледі;

- МКТ негізгі теңдеуін және молекулалардың ілгерілемелі қозғалысының орташа кинетикалық энергиясының температураға тәуелділігін есептер шығаруда қолданады;

- MKT-ң негізгі теңдеуі p=2 түрлендіріп р=nWk және p=nkT= формулаларын есептер шығаруда қолдана біледі;

- Молекуланың қозғалыс энергиясын қолданып, есептер шығарды;

Тілдік мақсаттар

Пәндік лексика және терминология:

Kazakh

English

бөлшектің (кинетикалық) моделі

particle (kinetic) model

Қатты заттар

Solids

сұйықтықтар

Liquids

газдар

gases

микроскопиялық жылу энергиясы

microscopic thermal energy

макроскопиялық жылу энергиясы

macroscopic thermal energy

кинетикалық энергия

kinetic energy

Диалогқа/жазуға қажетті сөз тіркестері:

Қыздыру... бөлшектердің кинетикалық энергиясын арттырады.

Бөлшектер ретсіз қозғалады.

Қатты және сұйық заттың арасындағы айырмашылық... болып табылады.

Сұйық және газ тәрізді заттың арасындағы айырмашылық ... болып табылады.

Құндылықтарды дарыту

Оқушылар жұптық және топтық тапсырмаларды орындау барысында оларды өз беттерінше ізденуге, өзгенің ойын тыңдай отырып, қарсы пікір айтуға дағдыландыру.

Пәнаралық байланыстар

Пән

Кезең

Химия

Математика

Атомдық масса, Салыстырмалы молекулалық масса, Мольдік массa

Квадрат түбір

Бастапқы білім

Газдардың молекулалық-кинетикалық теориясының негiзгi теңдеуi

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

2 минут

  • Ұйымдастыру. Сынып ішіндегі тазалық пен сынып оқушыларының сабаққа қатысымын қадағалау.
  • Бүгінгі сабақтың тақырыбы және мақсатын жариялау.
  • Бүгінгі сабақта қолданылатын терминдердің қазақша және ағылшынша аудармаларымен таныстыру

Презентация

1-слайд

Сабақтың ортасы

Сабақтың ортасы

5 минут

12 минут

12 минут

10 минут

«Миға шабуыл»(үй тапсырмасы бойынша тест жұмысы)

1. Молекула-кинетикалық теорияның дамуына үлес қосқан ұлы орыс ғалымы. А. Ломоносов В. Больцман С. Броун

  • 2. Зат құрылысының молекула-кинетикалық теориясы негізіне неше тұжырым алынады? А. 1 В. 2 С. 3
  • 3. Заттың ... массасы деп бір мольдің мөлшерінде алынған заттың массасын айтамыз.

А. Мөлшеріндегі В. Мольдік С. Салыстырмалы молекулалық

  • 4. Броундық қозғалыс-бұл ... (немесе ...) қалықтаған бөлшектердің жылулық қозғалысы.

А. Сұйықта немесе газда В. Тек газда С. Тек сұйықта

  • 5. Газдар шексіз ұлғаяды. Олар пішінін де, ... де сақтамайды.

А. Түсін В. Температурасын С. көлемін

  • 6. Температура –молекулалардың орташа ... энергиясының өлшеуіші.

А. Кинетикалық В. Потенциалдық С. Ішкі

  • 7. Мольдік масса ... әрпімен белгіленеді. А. М; В. N; С. M;
  • 8. Авогадро тұрақтысы

А. 1,66·10-27кг В. ≈ 6·1023 моль-1. С. 10-3 ·Мr кг/моль.

  • 9. Дененiң молекулалық-кинетикалық құрылымы ескерiлмегенде макроскоптық дене күйiн сипаттайтын шамаларды ....... параметрлер деп атайды.

А. Термодинамикалық В. Микроскопиялық

С. макроскопиялық

10. температураның абсолюттi шкаласы ұғымын енгiзген кім?

А. Цельсий В. Фарангейт С. Кельвин

11. Газ молекуласының жылдамдығы.

А. В. С. ν = m / М

12. Макродененің күйін сипаттайтын параметрлер қандай? А. Р, Т, М В. P, V, M С. P, V, Т

13. Молекулалық физикада жылу құбылыстарын зерттеуде неше әдіс қолданады? А. 3 В. 2 С. 4

14. Молекула–кинетикалық теория

А. қозғалыстары Ньютон заңдарына бағынатын бөлшектерден тұрады деген болжам негізінде қарастырады.

В. заттың ішкі құрылымын ескермей, энергетикалық түрленулер негізінде жылулық құбылыстарды зерттейді.

С. заттың ішкі құрылымын ескеріп, энергетикалық түрленулер негізінде жылулық құбылыстарды зерттейді.

Тест жауаптары

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

А

С

В

А

С

А

А

В

С

С

А

С

В

А

Есептер шығару (оқушыларды 1,2,3 сандары арқылы топқа бөліп, тапсырмалар беріледі, берілгені қосымшада)

1-топ: №1 есеп, № 2 есеп, №3 есеп

2-топ: №4 есеп, №5 есеп, №6 есеп

3-топ: №7 есеп, №8 есеп, №9есеп

Дескриптор:

- МКТ негізгі теңдеуін және молекулалардың ілгерілемелі қозғалысының орташа кинетикалық энергиясына есептер шығара алады;

- MKT-ң негізгі теңдеуі p=2, р=nWk және p=nkT= формулаларын есептер шығаруда қолдана біледі;

Бағалау (есепті шеше отырып қорытынды жауабын шығарады. Алдымен есептің берілгенін, шығару жолын тақтада жазады, содан кейін нәтижесін түсіндіреді)

Жауаптары 5-слайд

Қосымша 1

Сабақтың соңы

3 минут

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім

- нені толық түсінбедім

- немен жұмысты жалғастыру қажет

Оқушылар өздерінің жұмысы мен сыныптастарының жұмысын белгілі бір критерийлер бойынша бағалайды

Үй тапсырмасы

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Мұғалім сабақ барысында әрбір оқушыға жеке келу арқылы қолдау көрсетеді.

Сабақ барысында оқушылардың өзін-өзі бағалау, өзара бағалау және мұғалімнің тарапынан кері байланыс ұсынылу әрбір этапта жүзеге асады

Оқушылар өлшеуіш таспа және болат шармен жұмыс жасайтын болғандықтан, тапсырма орындау алдында оқушыларға қауіпсіздік ережелері таныстырылады

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу