Заттың агрегаттық күйлері. Физика, 10 сынып, презентация.


Молекулалы – кинетикалық теорияның негізгі қағидалары және оның тәжірибелік дәлелдемелері.

Молекулалардың массасы мен өлшемі. Молекулалардың өзара әрекеттесу күштері. Термодинамикалық параметрлер. Температура молекулалардың қозғалысының орташа кинетикалық энергиясының өлшемі.

МКТ негізгі үш қағидасы:

Барлық заттар өте ұсақ бөлшектерден – молекулалар мен атомдардан тұрады;

Молекулалар мен атомдар үздіксіз ретсіз қозғалыста болады;

Молекулалар мен атомдар өзара әсерлеседі.

ЗАТТАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ

Бөлшектердің орналасуы және қозғалуы

Газ

Сұйық

Қатты дене

Броундық қозғалыс

Дифузия

Әртүрлi денелер молекуласының масса бiрлiгi ретiнде 12С көмiртегi изотобы атомының mocмассасының 1/12 бөлiгi алынады. Ол атомдық масса бiрлiгi (а.м.б.) деп аталады және мынаған тең: 1 а.м.б.=1,66·10-27кг.

Заттың салыстырмалы молекулалық массасы МR деп заттың бiр молекула m0 массасының көмiртегi атомы moc массасының 1/12 бөлiгiне қатынасын айтады:

Авогадро тұрақтысы NA арқылы белгiленедi:

NA ≈ 6·1023 моль-1.

Егер денедегi зат мөлшерi ν мольден тұрса, онда денедегi молекулалар N саны мынаған тең:

N = ν ·NA. (1.1)

Заттың молярлық массасы М деп бiр моль мөлшерiнде алынған зат массасын айтады. Ол бiр молекула массасының m0 Авогадро санына NA көбейтiндiсiне тең:

М = m0· NA кг/моль. (1.2)

Молярлық және молекулалық массалар арасында мынадай қарапайым байланыс бар:

М = 10-3 ·Мr кг/моль. (1.3)

Кез келген зат мөлшерiнiң m массасы бiр молекуланың массасын денедегi молекулалар санына көбейткенге тең:

m = m0· N кг. (1.4)

(1.2) және (1.4) формулаларын пайдаланып (1.1) өрнегiнен мынаны алу қиын емес:

ν = m / М және N = ν·NA = NAA ·m / M . (1.5)

Бөлшектердiң массасымен өлшемдерiн қосымша тәжiрибелiк деректердi пайдалана отырып есептеуге болады. Жеке жағдайда, молекулалардың сызықтық өлшемдерін бағалауға болады.

Молекуланың өлшемiн былайша анықтауға болады. Бiр молекуланың алатын V0 көлемi зат V көлемiнiң, ондағы молекулалар N санына қатынасына тең:

мұнда ρ=m/Vзаттың тығыздығы. Молекуланың формасы радиусы r шар тәрiздес болсын.

Осыдан

Идеал газ

Идеал газ дегеніміз – молекулалары шексіз аз көлем алатын серпімді шариктер болып табылатын және өзара әрекеттесуі тек олардың бір-бірімен тікелей немесе ыдыстың қабырғасымен соқтығысуы кезінде ғана білінетін газ болып табылады.

Есептеулерді жеңілдету үшін МКТ нақты газдардың қарапайым физикалық моделі –идеал газ моделі енгізілді.

Молекулалалы-кинетикалық теорияның негізгі теңдеуі

Молекулалы-кинетикалық теорияның негізгі теңдеуі:

Ол макро және микродүниелерді байланыстырып тұр;

Тәжірибе арқылы алынған барлық газ заңдарын теориялық жолмен алуға мүмкіндік береді;

Ол микроәлемде өтіп жатқан процестер жайлы ақпара береді.

Температура - идеал газ молекуласының орташа кинетикалық энергиясының өлшемi

Температураның абсолюттi нөлi (Т = 0) деп молекулалық қозғалыстардың тоқтаған кезiн (E = 0) айтады. Бұл табиғаттағы ең төмен температура. Осы анықтама негiзiнде ағылшын ғалымы У.Кельвин температураның абсолюттi шкаласы ұғымын енгiздi. Бұл шкала бойынша температура абсолюттi нөлден бастап саналады және оның бөлiктерi Цельсий шкаласының градусына тең. Абсолюттi T температура мен Цельсий шкаласы бойынша t температураның арасындағы байланыс Т = t+273 теңдiгiмен берiледi. ХБЖ жүйесiнде абсолюттi температура кельвинмен өлшенедi және ол К әрпiмен белгiленедi. Бiр кельвин Цельсий шкаласы бойынша бiр градусқа тең (1 К=1oС).

(1) өрнегiн молекулалық-кинетикалық теорияның PV/N=2/3 түрiндегi негiзгi теңдеуiмен теңестiрiп

(2)

Осылайша, абсолюттi температура газ молекулаларының жылулық қозғалысының орташа кинетикалық энергиясының өлшемi болып табылады.

Газ молекуласының жылдамдығы.

Газ температурасы белгiлi болса, онда оның молекуласының қозғалысының орташа түзу сызықты жылдамдығын есептеуге болады. теңдеуiмен орташа кинетикалық энергия анықтамасынан теңдiгiмен теңестiрiп жылдамдықтың орташа квадраты үшiн келесi өрнектi аламыз: . Бұл шамадан алынған квадраттық түбiр орташа квадраттық жылдамдық деп аталады:

Есептер шығару

Тест тапсырмасы

№6. T=267 К температурасы Цельсий шкаласы бойынша қандай температураға сәйкес?

а)   540               в)        6                 с)    -6                    д)    -540              е) дұрыс жауабы жок.

№7. Идеал газдың қандай х параметрін формуласымен анықтауға болады

а) көлем          в) қысым           с) температура

д) молекулалар концентрациясы

е) молекулалардың орташа квадраттық жылдамдығы

№8.  Авогадро тұрақтысы:

а)          NA6·1023моль-1.                         в)         NA≈0,6·1023моль-1.          

с)             NA6·1023моль.                      д)         NA1,38·1023моль-1.                   

е) NA8,31*1023моль-1.

№9. Газдың абсолюттік температурасын 3 есе арттырса молекулалардың орташа квадраттық жылдамдығы қалай өзгереді?

а) 3 есе көбейеді                  в) 9 есе көбейеді

с) 6 есе көбейеді                  д) есе көбейеді

е) 2 есе көбейеді

№10.  Герметикалық жабық ыдыста су және су буы бар. Суды қыздырғанда су буы молекулаларының концентрациясы қалай өзгереді?

а) артады

в) кемиді

с) өзгермейді

д) бастапқыда кемиді, кейін артады

е) бастапқыда артады, кейін кемиді

 

Жауаптары

1. Д

2. А

3. В

4. С

5. Д

6. С

7. Д

8. А

9. Д

10. А

Үйге тапсырма

§4.5 Идеал газ. Молекулалы-кинетикалық теорияның негізгі теңдеуі. (Физика 10-сынып)

Есептер шығару:

№9 өзіндік жұмыс 1-нұсқа.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу