Заттың агрегаттық күйлері. Физика, 10 сынып, сабақ жоспары.


Бөлімақырып

Заттың агрегаттық күйлері

Оқыту мақсаты

10.3.1.1. молекулалардың ілгерілемелі қозғалысының орташа кинетикалық энергиясының температураға тәуелділігін сипаттау

Бағалау критерийлері

- Қатты заттардың молекулалық құрылымының ерекшеліктері мен қасиеттерін біледі.

- Сұйықтықтардың молекулалық құрылымының ерекшеліктері мен қасиеттерін біледі.

- Газдардың молекулалық құрылымының ерекшеліктері мен қасиеттерін біледі.

- газдың молекулалық-кинетикалық теориясының негізгі қағидаларын білу;

-молекулалардың ілгерілемелі қозғалысының орташа кинетикалық энергиясының температураға тәуелді түсіну.

Ойлау дағдысының деңгейі

Білу және түсіну

Қолдану

Тест сұрақтары

  • 1.Ішінде ауасы бар екі бірдей металл қорап бөлмеде тұр. Х қорабы қыздырғыш үстінде тұр. Y қорабы орындық үстінде тұр. Қораптарды ұзақ уақытқа осы күйінде қалдырды.

Қораптардағы молекулалардың қозғалысының орташа жылдамдығы дұрыс сипатталған жауапты таңдаңыз.

Х қорап

Y қорап

А

Жылдам

нөл

В

Жылдам

баяу

С

Баяу

жылдам

Д

Нөл

жылдам

2. Өте кіші бөлшектерді микроскоп арқылы қарағанымызда олардың Броундық

қозғалысын көруімізге болады.

Дұрыс жауапты таңдаңыз.

Бөлшектердің

Бөлшектер

қозғалысының түрі

суспензияланған орта

А

Тербеліс

сұйық немесе газ

В

Тербеліс

қатты, сұйық немесе газ

С

Ретсіз

сұйық немесе газ

Д

Ретсіз

қатты, сұйық немесе газ

3. Тәжірибе жабдығы суреттегідей құрастырылған.

Суретте көрсетілген колба ішіндегі ауаға жылу берілгенде қысым өлшейтін

құралдың көрсетуі қалай өзгереді?

А) қысым артады

В) қысым кемиді

С) қысым өзгермейді

Д) қысым артады, содан кейін кемиді

4. Автокөлікті жүргізгенде оның шинасының температурасы артты. Сол себепті шина ішіндегі ауаның қысымы артты. Неліктен осылай болды?

А) ауа молекулалары жеке атомдарға ыдырап кетті

В) температураның артуымен ауа молекулалары ұлғайды С) ауа молекулалары арасындағы күш артты

Д) ауа молекулаларының жылдамдығы артты

  • 5.Қатты дененің, сұйықтың және газдың қасиеттерін салыстырыңыз. Дұрыс жауапты таңдаңыз.

Қасиеті

Қатты

Сұйықтар

Газдар

денелер

А

Молекулаларың

жоғары

аса жоғары

ретсіз

орналасу тәртібі

емес

В

Молекулалар

жақын

алыс

алыс

арасындағы

қашықтық

С

Молекулаларының

жоқ

жоқ

бар

орын ауыстыруы

Д

Молекулаларының

жоқ

бар

бар

тербелісі

5. Баллон салқын бөлмеде үрленді. Баллонды ыстық бӛлмеге алып келгенде ол ұлғая түсті. Бұл құбылысты баллондағы ауа молекулаларымен байланысты қалай түсіндіруге болады?

А) молекулалар ұлғаяды

В) молекулалар буланады

С) молекулалар жылдам қозғалады

Д) молекулалар бірін бірі тебеді

6. Оқушы қатты денелер, сұйықтар және газдар туралы кейбір тұжырымдарды жазды.

Қатты денелер қатты болады, себебі олардың молекулалары тербеліс жасайды.

Сұйықтар ағады, себебі олардың молекулалары газ молекулаларына қарағанда жақын орналасқан.

Газдардың сұйыққа қарағанда тығыздығы аз, себебі газ молекулалары ретсіз қозғалады.

Қай тұжырым дұрыс?

А) тек қана 1В) 1 және 3С) 2 және 3Д) дұрыс жауап жоқ

7. Төмендегі сурет тұрақты көлемдегі жабық контейнердегі газдың молекулаларын сипаттайды.

Газ қыздырсақ молекулаларда қандай өзгеріс байқалады?

А) олар ұлғаяды

В) олардың қабырғаға соқтығысу жиілігі кемиді

С) олар жылдамырақ қозғалады

Д) олар бірі бірінен алшақтайды

Есептер шығару:

1. Егер абсолют температурасын 30% -ға азайтса, онда неон атомының орташа кинетикалық энергиясы қанша есе өзгереді?

(1,43 есе кемиді)

2. Оттек молекулаларының қайсыбір температурадағы орташа квадраттық жылдамдығы 460 м/с. Осындай температура кезінде азот молекулаларының орташа квадраттық жылдамдығы қандай болады?

(492 м/с)

3. Қайсыбір газдың 296 К температурадағы орташа квадраттық жылдамдығы 480 м/с. Осы газдың 10 г массасында қанша молекула бар?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу