МКТ – ның негізгі қағидалары мен ұғымдары. Физика, 10 сынып, дидактикалық материал.
МКТ-ның негізгі қағидалары:
- Барлық денелер микробөлшектерден (атомдардан немесе молекулалардан) тұрады, әрі дененің массасы өзін құрайтын микробөлшектердің массаларының қосындысына тең:
.
- Денедегі микробөлшектер үздіксіз және хаосты қозғалыста болады, әрі бұл қозғалыстың жылдамдығы дененің температурасына тәуелді, сондықтан оны жылулық қозғалыс деп атайды. Молекулалардың қозғалыс жылдамдығының температураға тәуелділігін кейінірек Больцман тағайындады: , мұндағы молекула массасы, дененің абсолюттік температурасы, Больцман тұрақтысы.
Осының негізінде молекулалардың орташа кинетикалық энергиясының формуласы: .
- Денедегі микробөлшектер өзара әрекеттеседі, әрі өзара әрекеттесуі күшінің табиғаты электромагниттік болып табылады. Дене бөлшектерінің арасында тебілу де, тартыу да күштері бар.
Молекулалы-кинетикалық теорияның негізгі қағидаларын дәлелдейтін тәжірибелік деректер:
- Заттардың бөлінгіштігі. Осы кезде заттың физикалық және химиялвқ қасиеттері өзгеріссіз қалады.
- Газдардың сығылғыштығы. Бұл дене молекулаларының арасында үлкен қашықтықтардың болатынын көрстеді.
- Газдардың кез келген көлемді алатыны. Бұл дерек молекулаларыдың қозғалыста болатынын, сонымен қатар олардың арасындағы қашықтықтардың өзгеріп отыратынын білдіреді.
- Диффузия – микробөлшектердің үнемі қозғалыста болатынын көрсетеді. Диффузияның өту жылдамдығы дененің температурасына және заттың агрегаттық күйіне тәуелді. Газдарда ол сұйықтар мен қатты денелерге қарағанда тез жүреді.
Броундық қозғалыс – денедегі микробөлшектердің хаосты қозғалысының айқын дәлелі. Броундық қозғалыс дегеніміз жылулық қозғалыс, қозғалыс қарқындылығы тек температураға тәуелді болғандықтан қозғалыс тоқтамайды және т.б..
МКТ негізгі ұғымдары
МКТ ұғымы | Формуласы | Анықтамасы |
Молекула массасы, кг | ||
Салыстырмалы молекулалық масса, г/моль | Берілген зат молекуласы массасының көміртек атомы массасының 1/12 бөлігінен қанша есе артық екенін көрсететін шама | |
Зат мөлшері, моль | , | Берілген заттағы молекулалар санының N көміртегі атомдар санынан қанша есе көп екенін көрсететін шама |
Авогадро тұрақтысы | NA = 6,02·1023 моль-1 | |
Мольдік масса, кг/моль | , | 1 моль мөлшерінде алынған заттың массасы |
Молекула концентрациясы | Заттың бірлік көлемінде қанша молекула бар екенін көрсететін шама | |
Диффузия | Бір зат молекулаларының басқа зат молекулаларымен араласу құбылысы |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?