Газдардың молекулалық кинетикалық теориясының негiзгi қағидалары және оның тәжiрибелiк дәлелдемелерi. Физика, 10 сынып, презентация.
МКТ-ның негізгі қағидалары және оның тәжірибелік дәлелдемелері. Молекулалардың өзара әрекеттесу күші.
Оқу мақсаты:
Сабақтың мақсаты
Молекулалы-кинетикалық теорияның негізгі қағидаларын білу;
Молекулалы-кинетикалық теорияның қағидаларына тәжірибелік дәлелдемелер келтіре алу;
Денедегі микробөлшектерді физикалық тұрғыдан сипаттау;
* Әр түрлі агрегаттық күйлер молекулаларының әсерлесу күштерін МКТ тұрғысынан түсіндіру.
Бағалау критерийі
- Денелерді микробөлшектер құрайтындығына мысалдар келтіре алады.
- Броун және Штерн тәжірибелерін түсіндіре алады;
- Әр түрлі агрегаттық күйлер молекулаларының әрекеттесуін МКТ тұрғысынан түсіндіреді;
- Молекулалардың массасы мен өлшемдерін табуға арналған формулаларды есептер шығаруда қолдана алады.
температура мен молекулалардың ілгерілемелі қозғалысының орташа кинетикалық энергиясының байланысын сипаттау
Жылу құбылыстарын зерттеу әдістері
Термодинамикалық
Денелердің молекулалық құрылымы ескерілмей, энергетикалық түрленулердің негізінде жылулық құбылыстарды зерттейтін физиканың бөлімі
Молекулалы-кинетикалық
Жылулық құбылыстарды қозғалыстары Ньютон заңдарына бағынатын молекулалар мен атомдардан тұрады деген болжам негізінде қарастырады.
Зат құрылымының молекулалы-кинетикалық құрылымы теориясын көптеген бақылаулар мен тәжірибелердің жалпылама қорытындысы ретінде М.В.Ломоносов жасады.
МКТ-ның негізгі қағидаларын дәлелдейтін тәжірибелік дәлелдемелер:1. заттар бөлінгіш.2. Газдар сығылғыш3. Газ кез келген көлемді алады.4. Диффузия –бір зат молекулаларының екінші зат молекулааралық кеңістігіне ену құбылысы.5. броундық қозғалыс –сұйықта немесе газда қалықтаған бөлшектердің жылулық қозғалысы.
Диффузия құбылысы
Броундық қозғалыс
Штерн тәжірибесі
Молекула өлшемі
Май қабатының көлемі V оның S ауданын қалыңдығы d-ге көбейткенгетең, яғни: V=Sd
Молекула санымысалы судың массасы 1 г, көлемі 1 см3 деп алып, осы тамшыдағы молекулалар санын анықтаймыз. Су молекуласының диаметрін d=V/Sарқылы анықтаймыз.Тамшының көлемін молекуланың көлеміне бөліп, молекула санын анықтаймыз.
Салыстырмалы молекулалық масса Мr -деп берілген зат молекуласы массасының көміртек атомы массасының 1/12 бөлігінен қанша есе артық екенін көрсететін физикалық шаманы айтады.
Мысалы, көмірқышқыл газы СО2 -нің салыстырмалы молекулалық массасы шамамен 44-ке тең, өйткені көміртегінің салыстырмалы атомдық массасы -12-ге, ал оттегінікі шамамен 16-ға тең, сонда Мr=12+2*16=44Заттың мольдік массасы дегеніміз- бір мольдің мөлшерінде алынған заттың массасы: M=m0NA
Заттың мольдік массасы заттың салыстырмалы молекулалық массасымен M= Мr·10-23 кг/моль қатынасы арқылы байланысады.Зат мөлшері ν дегеніміз- берілген денедегі молекулалар саны 12г көміртектегі атомдар санынан қанша есе артық болатынын көрсететін физикалық шама:
ν=N/NА=m/Mзат мөлшерін мольмен өлшейді. NА-Авогадро тұрақтысы. NА=6,02*1023моль-1Бір бөлшектің (молекуланың) m0 массасы m0=M/NA=m/N
Кез келген m массадағы бөлшектер саны N=m/m0 =νNA=(m/M)NAЗаттың күйлері
Қатты
Сұйық
Газ
Рефлексия.
- нені білдім, нені үйрендім
- нені толық түсінбедім
- немен жұмысты жалғастыру қажет.
Үйге тапсырма: §4.1, 4.2, 4.3
9-жаттығу (,3,4)Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?