Газдардың молекулалық кинетикалық теориясының негiзгi қағидалары және оның тәжiрибелiк дәлелдемелерi. Физика, 10 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мектеп: Газдардың молекулалық- Мұғалімнің аты-жөні: кинетикалық теория негiздерi Күні: Қатысқандар саны: Класс: 10 Қатыспағандар саны: | |||||
Сабақ тақырыбы: | Газдардың молекулалық кинетикалық теориясының негiзгi қағидалары және оның тәжiрибелiк дәлелдемелерi | ||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 10.3.1.1 - температура мен молекулалардың ілгерілемелі қозғалысының орташа кинетикалық энергиясының байланысын сипаттау; | ||||
Сабақтың мақсаты: |
| ||||
Бағалау критерийі |
| ||||
Тілдік мақсаттар | Терминология молекула молекула molecule атом атом atom Больцман тұрақтысы Постоянная Больцмана The Boltzmann constant диффузия диффузия diffusion Броундық қозғалыс Броуновские движение Brownian motion Штерн тәжірибесі опыт Штерна Stern experience Арнайы пәндік лексика және терминология: Термодинамика, молекулалық-кинетикалық теория, микробөлшектер, молекулалар мен атомдар Диалог үшін пайдалы баянды сөйлемдер: Барлық денелер микробөлшектерден тұрады, әрі дененің массасы өзін түзетін ....................... массаларының қосындысына тең. Денедегі микробөлшектер ........................ және ..................... қозғалыста болады әрі бұл қозғалыстың жылдамдығы дененің ......................... тәуелді, сондықтан оны ................... ..................................... деп атайды. Денедегі микробөлшектер өзара әрекеттеседі әрі өзара әрекеттесу күшінің тегі .................................................. болып табылады. | ||||
Құндылықтарды дарыту
| Әдептілік ережесін бойына сіңірген, шығармашылық қабілеті мүмкіндігінше дамыған азамат тәрбиелеу. Өзгенің пікірін тыңдай білуге, жауапкершілікке баулу, теориядан алған білімін практикада ұштастыра білу | ||||
Пәнаралық байланыстар | Агрегаттық күйлердегі молекулалардың әсерлесу шамасын түсіндіру барысында химия пәнінен алған білімдерін қолданады | ||||
Бастапқы білім | 8 кл. Молекула-кинетикалық теория | ||||
Сабақ барысы | |||||
Сабақ қезеңдері | Сабақта орындалуы тиіс іс-әрекеттер | Оқыту ресурстары | |||
1-сабақ | |||||
Сабақтың басы 2 мин | 1.Сыныппен амандасу, сыныпты тексеру, тазалығын қадағалау, класқа жағымды психологиялық ахуал туғызу; | ||||
Сабақтың ортасы Қызығушылықты ояту 8 мин Мағынаны тану 15 мин 5 мин 2 мин 5 мин | Су мен спиртті қосып араластырғанда олардың массасы өзгермейді, екеуінің көлемдері сақталмайды? Неліктен? Екі көлемдері бірдей стакандағы су мен сынаптың молекулалар саны бірдей болуы мүмкін бе? Қандай бір денені майыстарғанда немесе сындырғанда көп күш жұмсаймыз. Неге? Ол күш қайда жұмсалып жатыр? (Оқушылардың жауаптарына байланысты тәжірибелер көрсетіледі. Мысалы, оқушылар спирт пен судың алғашқы көлемдерін өлшейді, екеуін араластырып соңғы көлемді өлшейді. Темір және ағаш сызғыштарды әр түрлі қашықтықтардан ұстап майыстырады және өз ойларын білдіреді). І. Сабақтың тақырыбын және оқыту мақсаттарын таныстыру ІІ. Оқушылармен бірігіп бағалау критерийлерін анықтау ІІІ. Сыныпты үш топқа бөлу «Топтық жұмыс». 1-топ. Бағалау критерийі: «Денелерді микробөлшектер құрайтындығына мысалдар келтіре алады» Дескриптор: - МКТ-ның негізгі қағидаларын біледі; - МКТ-ның негізгі қағидаларына келтірілген дәлелдемелерді біледі; - Штерн тәжірибесін түсіндіреді. 2-топ. Денедегі микробөлшектерді физикалық тұрғыдан сипаттау; Дескриптор: - Молекулалардың өлшемі, саны және массасын анықтайтын формулаларды біледі; - Зат мөлшері, мольдік масса және молекулалардың концентрация ұғымын енгізеді, формулаларын нгізеді; 3-топ. Әр түрлі агрегаттық күйлер молекулаларының әсерлесу күштерін МКТ тұрғысынан түсіндіреді. Дескриптор: - Молекулалардың өзара әрекеттесу (тартылу немесе тебілу) күштерін біледі; - Қатты, сұйық және газ тәріздес денелердің құрылымын МКТ-ны пайдаланып түсіндіреді. Постер қорғап болған соң, мұғалім тақырыпты толықтырып өтеді. «Штерн тәжірибесі» Бірін-бірі бағалау Топтар дескрипторлар бойынша келесі топтарды бағалап, тақырыптың қаншалықты деңгейде ашылғандығына пікір білдіреді. Жеке жұмыс 9-жаттығу, 1,2-есеп Дескриптор:
Бағалау Мұғалім тарапынан бағаланады. | Көлемі бірдей су мен спирт, Әр түрлі ұзындықтағы темір және ағаш сызғыш. А3 форматындағы ақ қағаз, маркер, оқулық Слайд Видеоролик Оқулық Қосымша №1 | |||
Сабақтың соңы 2 мин | Рефлексия. - нені білдім, нені үйрендім - нені толық түсінбедім - немен жұмысты жалғастыру қажет. Үйге тапсырма: §4.1, 4.2, 4.3 9-жаттығу 3,4-есеп | ||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||
Қарым -қатынас формалары негізінде саралау (топтық жұмыс) Сыныптағы қабілеті орта оқушылар жоғары қабілетті сыныптастарынан көмек алады, топтық жұмыстарға белсене араласады. Мақсат бойынша саралауда формулаларды қолданып есептеу жұмыстарын жасайды. | Тақырып «топтық жұмыс» бойынша ашылады және оқушылар таптардың постер қорғауына қарай дескриптор бойынша бағалайды. Жеке жұмыста оқушылар дескриптор бойынша жұмыс жасайды. | Топтық жұмыс кезінде қауіпсіздік техникасы ережелері |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?