Газдардың молекулалық кинетикалық теориясының негiзгi қағидалары және оның тәжiрибелiк дәлелдемелерi. Физика, 10 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мектеп: Газдардың молекулалық- Мұғалімнің аты-жөні: кинетикалық теория негiздерi Күні: Қатысқандар саны: Класс: 10 Қатыспағандар саны: | |||||
Сабақ тақырыбы: | Газдардың молекулалық кинетикалық теориясының негiзгi қағидалары және оның тәжiрибелiк дәлелдемелерi | ||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 10.3.1.1 - температура мен молекулалардың ілгерілемелі қозғалысының орташа кинетикалық энергиясының байланысын сипаттау; | ||||
Сабақтың мақсаты: |
| ||||
Бағалау критерийі |
| ||||
Тілдік мақсаттар | Терминология молекула молекула molecule атом атом atom Больцман тұрақтысы Постоянная Больцмана The Boltzmann constant диффузия диффузия diffusion Броундық қозғалыс Броуновские движение Brownian motion Штерн тәжірибесі опыт Штерна Stern experience Арнайы пәндік лексика және терминология: Термодинамика, молекулалық-кинетикалық теория, микробөлшектер, молекулалар мен атомдар Диалог үшін пайдалы баянды сөйлемдер: Барлық денелер микробөлшектерден тұрады, әрі дененің массасы өзін түзетін ....................... массаларының қосындысына тең. Денедегі микробөлшектер ........................ және ..................... қозғалыста болады әрі бұл қозғалыстың жылдамдығы дененің ......................... тәуелді, сондықтан оны ................... ..................................... деп атайды. Денедегі микробөлшектер өзара әрекеттеседі әрі өзара әрекеттесу күшінің тегі .................................................. болып табылады. | ||||
Құндылықтарды дарыту
| Әдептілік ережесін бойына сіңірген, шығармашылық қабілеті мүмкіндігінше дамыған азамат тәрбиелеу. Өзгенің пікірін тыңдай білуге, жауапкершілікке баулу, теориядан алған білімін практикада ұштастыра білу | ||||
Пәнаралық байланыстар | Агрегаттық күйлердегі молекулалардың әсерлесу шамасын түсіндіру барысында химия пәнінен алған білімдерін қолданады | ||||
Бастапқы білім | 8 кл. Молекула-кинетикалық теория | ||||
Сабақ барысы | |||||
Сабақ қезеңдері | Сабақта орындалуы тиіс іс-әрекеттер | Оқыту ресурстары | |||
2-сабақ | |||||
Сабақтың басы 8 мин | 1.Сыныппен амандасу, сыныпты тексеру, тазалығын қадағалау, класқа жағымды психологиялық ахуал туғызу; Үй жұмысын тексеру Жеке жұмыс. Физикалық диктант Бағалау критерийі: Денелерді микробөлшектер құрайтындығына мысалдар келтіре алады. Әр түрлі агрегаттық күйлер молекулаларының әрекеттесуін МКТ тұрғысынан түсіндіреді. Өзара бағалау Оқушылар жанындағы оқушылардың жұмыстарын тақтадағы жауаптар арқылы тексереді. | Қосымша №1 | |||
Сабақтың ортасы 7 мин 1 мин 8 мин 13 мин | І. Сабақтың тақырыбын және оқыту мақсаттарын таныстыру Жеке жұмыс Құрылымы әртүрлі деңгейдегі тапсырмалар орындау Дескриптор:
Өзара бағалау (Оқушылар жұмыстарымен алмасып, бірін-бірі тексеріп, жұлдызшалар арқылы бағалайды) Жұптық жұмыс.
1. Баллон салқын бөлмеде үрленді. Баллонды ыстық бөлмеге алып келгенде ол ұлғая түсті. Бұл құбылысты баллондағы ауа молекулаларымен байланысты қалай түсіндіруге болады? 2. Заттың қандай агрегаттық күйлерінде диффузия жеделірек өтеді және неліктен? 3. Қайжауаптақаттыденелердің,сұйықтардыңжәне газдардың молекулаларының қозғалысының ең жақсы сипаттамасы берілген? Топтық жұмыс. (1,2,3-ші қатар бойынша) Деңгейлік сандық есептер шығару Дескриптор:
Мұғалім әр оқушыға жеке келу арқылы кері байланыс береді | Қосымша №2 Қосымша №3 Қосымша №4 | |||
Сабақтың соңы 3 мин | Рефлексия. - нені білдім, нені үйрендім - нені толық түсінбедім - немен жұмысты жалғастыру қажет. Үйге тапсырма: Молекулалардың жылдамдығын анықтайтын өз әдісіңізді ұсыныңыз. | ||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||
Қарым -қатынас формалары негізінде саралау (топтық жұмыс) Сыныптағы қабілеті орта оқушылар жоғары қабілетті сыныптастарынан көмек алады, топтық жұмыстарға белсене араласады. Мақсат бойынша саралауда формулаларды қолданып есептеу жұмыстарын жасайды. | «Топтық жұмыс» бойынша шығарған жауаптарына мұғалім тарапынан кері байланыс беріледі. Жеке жұмыста оқушылар дескриптор бойынша жұмыс жасайды. | Топтық жұмыс кезінде қауіпсіздік техникалық ережелерін сақтау. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?