Радиоактивті ыдыраудың кездейсоқ (спонтанды) сипаты. Радиоактивті ыдырау заңы. Жартылай ыдырау периоды. Радиоактивті ыдырау қисығы. Физика, 10 сынып, сабақ жоспары.


Сабақтың қысқамерзімді жоспары

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

25.03-29.03. 2019 ж.

Жусупбекова А.Е.

10 С, 10 D

ТАНЫСТЫ

ӘБ жетекшісі

Жармухамбетова Г.А.

____________________

« »_______20____ж.

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

10.4А – Радиоактівтілік

Сабақ тақырыбы:

Радиоактивті ыдыраудың кездейсоқ (спонтанды) сипаты. Радиоактивті ыдырау заңы. Жартылай ыдырау периоды. Радиоактивті ыдырау қисығы.

Сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

10.6.1.4 – радиоактивтік ыдыраудың спонтандық сипатын негіздеу және радиоактивтік ыдырау құбылысын түсіндіру;

10.6.1.5радиоактивтік ыдырау заңын сандық және графиктік есептерді шығаруға қолдану;

Бағалау критерийлері

Оқушы

  • Радиоактивті ыдыраудың кездейсоқ сипатын біледі;
  • Радиоактивті ыдырау кездейсоқ сипатын түсіндіреді;
  • Радиоактивтік ыдырау заңын есептер шығаруда қолданады;
  • радиоактивтік ыдыраудың графигіне талдау жасайды;
  • математикалық түрлендірулерді орындап, есептеулерді дұрыс жүргізеді.

Тілдік мақсаттар

Пәнге тән лексика мен терминология:

қаз

рус

eng

Радиоактивтілік

Радиоактивность

Radioactivity

Радиоактивті ыдырау

Радиоактивный распад

Radioactive decay

Жартылай ыдырау периоды

Период полураспада

half life

изотоп

Изотоп

Isotope

нуклид

Нуклид, нуклон

Nuclide, nucleon

атом ядросы, ядролар

Атомное ядро

Nucleus

атомдық нөмір

Атомный номер

atomic number

ядродағы нуклондардың саны

Количество нуклонов в атоме

The number of nucleons in the atom

Диалогқа/жазуға қажетті сөз тіркестері

Тұрақты ыдырау үшін нуклидтердің жартысына қажетті уақыт.

Кез келген бастапқы шаманың жартысын тұрақты азайту үшін энегрияның қуат көзіне қажетті уақыт.

Қуат көзінің энергиясы қуат көзіндегі тұрақсыз нуклидтердің санына тікелей пропорционалды.

Құндылықтар

Жұптық жұмыс кезіндегі өзара ынтымақтастық пен қамқорлық, академиялық әділдік

Жаһандық азаматтылыққа тәрбиелеу

Атом энергетикасы (бейбіт атом).

Өмірмен байланыстылығы

Радиациядан биологиялық қорғаныс

Пәнаралық байланыс

Химия, атом құрылысы

Бастапқы білім

10 сынып: МКТ, зарядталған бөлшектер арасындағы күштер

Сабақ барысы

Жоспарланған кезеңдері

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстары

1-3 мин

4-10 мин

11-38 мин

39-40 мин

(W) Ұйымдастыру кезеңі. Сабақ тақырыбымен танысу.

Оқушылармн бірге оқу мақсаттары мен бағалау критерийлерін айқындау.

Үй тапсырмасына шолу

Зарядталған бөлшектерді тіркеу әдістері:

  • көпіршікті камера

Д.Глейзер Вильсон камерасына қарағанда энергиясы көп бөлшектерді зерттеу үшін құрастырған камера. Камера тез қайнау қасиетіне ие сұйықпен толтырылады (сұйытылған пропан немесе гидроген). Күшті қыздырылған сұйық нәтижесінде пайда болған буға зерттелетін бөлшек трек қалдырады. Сол трек бойынша бөлшектің массасы, жылдамдығы мен қандай энергия бөле алатыны есептеледі.

  • қалың қабатты фотоэмульсия әдісі

фотоэмульсия арқылы ұшып өткен зарядталған бөлшек бромдалған күміске әрекет ете отырып, оның бетінде жасырын із қалдырады. Фотопластинаны жарықтандырғанда трек – із көрінеді. Артықшылығы: із уақыт өте жоғалып кетпейді. Сондықтан жан жақты зерттелуі мүмкін.

(W) Жаңа материалды меңгеру

Радиоактивті ыдырау деп – ядроның кездейсоқ түрде болатын табиғи радиоактивті түрлену процесін айтамыз.

Радиоактивті ыдырауға түсетін ядро – аналық, ал түрлену нәтижесінде пайда болған ядро – туынды деп аталады. Әдетте туынды ядро қозған күйде болады және тұрақты күйге өтуі кезінде γ – фотон шығарумен қоса жүзеге асырылады. Кез келген радиоактивті зат өте көп радиоактивті атомдардан тұрады. Радиоактивті ыдырау кездейсоқ, әрі сыртқы шарттарға тәуелсіз жүретін процесс болғандықтан, радиоактивтік ыдырау статистикалық заңға бағынады деп айтуға болады.

Радиоактивті заттардың түрленулерін зерттей келе, Резерфорд олардың активтігі уақыт өтуіне байланысты кемитінін тәжірибе жүзінде анықтады. Мәселен, радонның активтігі 1 мин уақыт өткеннің өзінде екі есе кемиді. Уран, торий жөне радий сияқты элементтердің активтігі де уақыттың өтуіне қарай кемиді, бірақ әлдеқайда баяу кемиді.

Әрбір радиоактивті зат үшін белгілі бір уақыт интервалы бар. Сол уақыт ішінде оның активтігі екі есе кемиді. Бұл интервал жартылай ыдырау периоды деп аталады. 

Жартылай ыдырау периоды Т - бұл қолда бар радиоактивті атомдар санының жартысы ыдырайтын уақыт.

Радиоактивті ыдырау заңы:

  • Ф.Содди тұжырымдады
  • Резерфорд тәжірибе жүзінде дәлелдеді.

мұндағы:N0 – бастапқы уақыт мезетіндегі ядролар саны

N – t уақыт ішінде ыдырамай қалған ядролар саны

T – жартылай ыдырау периоды

n – жартылай ыдырау саны.

Есеп шығару үлгісі:

  • Радиоактивті элементтің ядроларының саны 8 тәулікте 4 есе азаяды. Оның жартылай ыдырау периодын анықтаңыз.

1-әдісі:

2-әдісі (графикалық):

Рефлексия

Презентация

2-сабақ

1-3 мин

Оқу мақсаттары мен критерийлерін қайталау.

презентация

4-38 мин

(I) Есептер шығару

Дескрипторлары:

  • Берілгенін жазады;
  • Радиоактивті түрлену нәижесінде пайда болған туынды ядроны анықтайды;
  • Радиоактивті ыдырау заңын қолданады;
  • График бойынша жартылай ыдырау периодын анықтайды;
  • Белгісізді түрлендіреді, анықтайды;
  • Жауабын көрсетеді;

Есепер.docx

(f) оқушылар өзіндік тексеру жұмысын жүргізеді

Презентация

Оқушыларға үлестірмені тарату

Есептер шешуі.docx

39-40 мин

Рефлексия

Презентация

Үй тапсырмасы

Теориялық материалды жаттау

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Физика кабинетіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау

Жалпы бағасы

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Сабақтың жақсы өткен аспектілері қандай (оқыту мен оқу туралы да ойланыңыз)?

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алар еді (оқыту мен оқу туралы да ойланыңыз)?

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Сабақ барысында сынып туралы немесе жеке оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені аңғардым, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу