Сұйықтық кинематикасы. Физика, 10 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Күні:

Мектеп:

Сынып: 10

Оқушылар саны:

Қатыспаған оқушылар саны:

Мұғалім:

Сабақ тақырыбы:

Сұйықтық кинематикасы.

Сабақтың оқу мақсаттары:

10.1.5.1. – сұйықтар мен газдардың ағыстарын сипаттау

Сабақ міндеттері

  • Ағыстарды ажырату;
  • Тұтқыр не тұтқыр емес сұйықтардағы өтіп жатқан физикалық қпроцестерді түсіндіре білу. ;
  • Сұйықтық динамикалық күйінің физикасын түсіндіру
  • Сұйықтар мен газдардағы ағыстардың табиғатына талдау жасай алу..

Бағалау критериялары

  • Оқушылар қарапайым сұрақтарға жауап береді
  • Зертханалық тәжірибелерді талдайды.

Құндылықтарды дарыту:

  • Оқушылардың дүние танымын кеңейту.
  • Оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын дамыту.
  • Оқушылардың өз оқуына жауапкершіліктерін арттыру.,

Тілдік мақсаттар:

 Оқушылар мынадай терминдерді қолдана отырып сұрақтарға жауап беріп және тәжірибелерді сипаттай алады:

 Ламинарлық ағыс, турбуленттік ағыс, құйын, сұйықтың ағуы, қысым.

 Оқушылар еселік және үлестік бірліктерді қолдана алады.

Пәнаралық байланыс

математика

Алдыңғы білім:

Сұйық және газ тәрізді заттардың қасиеттері білу керек. Архимед заңын білуі.

 Сабақ кезеңдері

Уақыт

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

2 минуты

Сабақ басы

10 минут

Ұйымдастыру кезеңі

Сабаққа психологиялық дайындық

? Өткен сабақта қандай жаңа мәліметтерді білдіңдер?

? Оған дейін не біліп едіңдер?

(T) оқушыларды сабақ мақсатымен таныстыру

) Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Мұғалім сұрақ жауап әдісі арқылы оқушылармен диалог құра отырып жауа тақырыпты түсіндіреді. Оқушылар негізгі мәліметтерді дәптерлеріне жазып отырады.

Гидроаэромеханика — сұйықтар мен газдардың механикалық қасиеттерін, олардың қозгалысын және олардың ішіндегі қатты денелердің қоғгалысын зерттейтін физиканың бөлімі.

Гидроаэростатика сұйық немесе газдың тыныштық күйін немесе олардың қозғалыс жылдамдығы аз күйін зерттейді.

Гидроаэродинамика -сұйық пен газдардың қозғалысын, ұшқыш аппараттар мен су асты қайығының, су көліктерінің, денелердің (мысалы, метеориттердің, кометалардың) атмосферадағы қозғалысын, құстардың, жәндіктердің ұшуын зерттейді

Бернулли теңдеуі — гидромеханиканың негізгі теңдеулерінің бірі. Бұл теңдеуді швейцариялық ғалым Д. Бернулли (1700 — 1782) өзінің 1738 жылы Страсбургте жарық көрген “Гидродинамика” деген еңбегінде тұжырымдаған.

 Аққыштық, көлемін сақтау және пішінін оңай өзгерту - сұйыққа тән қасиет.

 Тұтқырлық – сұйықтардың негізгі қасиеттерінің бірі, сұйықтың қозғалысы барысында оның өз өңірінде үйкеліс күшін тудыру қабілеті. Сұйықтың тұтқырлығы қатты жылдамдықпен қозғалған сұйық қабаттарының қозғалысын азырақ жылдамдықпен қозғалған сұйық қабаттарына беруге қабілеті. Физикалық тұрғыдан сұйықтың тұтқырлығы тұтқырлық коэффициентімен бағаланады.

  • Тұтқырлық- сұйыктың қозғалысына кедергі жасайтын ішкі үйкеліс күштері.
  • Бұл күш ішкі үйкелісті, яғни сұйық пен қатты дененің арасындағы емес, бір-біріне қатысты сырғанап бара жатқан сұйық қабаттарының арасындағы үйкелісті сипаттайды.

Ламинарлық ағыс деп- сұйықтың қабаттары бір-біріне араласпай ағатын тәртіпті айтады, яғни бір қабат екіншісіне араласпай сырғанап өтеді. Ламинарлық ағыс стационарлы.

Сұйықтық қабаттары бір-бірімен араласып, құйындану арқылы өтетін ағысты турбулентті деп атаймыз. Турбуленттік ағыс кезінде бөлшектердің жылдамдығы әрбір берілген орында барлық уақытта ретсіз қозғалыста болады, яғни ағыс стационарлы емес.

Презентация

5 минут

(f/G) Бекіту

Физикалық диктант

.1. ................... — сұйықтар мен газдардың механикалық қасиеттерін, олардың қозгалысын және олардың ішіндегі қатты денелердің қоғгалысын зерттейтін физиканың бөлімі.

2. Газ және сұйық — бұл заттың әр түрлі агрегаттық күйлері, бірақ олардың ортак қасиеті — ................... бар.

3. ...................... сұйық немесе газдың тыныштық күйін немесс олардың қозғалыс жылдамдығы аз күйін зерттейтін физиканың бөлімі.

.4. ...................... сұйык пен газдардың козғалысын, сол сияқты ұшқыш аппараттар мен су асты қайығының, су көліктерінің қозғалысын, күстардың, жәндіктердің ұшуын зерттейтін физиканың бөлімі.

5. Идеал сұйық- ..........................................................сұйық.

6. Ыдыстагы тесіктен сұйықтың агып шыгу жылдамдыгы һ биіктіктен ................................... жылдамдыгындай болады екен.

7. Тұтқырлык - сұйыктың козғалысына кедергі жасайтын ............................. .

8. Ұшақ қанатының үстінде ауа кысымы ........., қанат астында ........, ал бұл .................. күштің пайда болуына әкеледі.

Тапсырма парақтары

10 минут

Викториналық сұрақтар-Практикалық бөлім

  • Жанымыздан жүйрік пойыз өткенде, бізді өзіне тартатынын сеземіз. Оның себебін түсіндіріңдер.
  • Неге екі кеме бір-біріне тартылады?
  • Суреттегі құбылысты түсіндіріңдер.
  • Суретте көрсетілгендей етіп ілінген екі теннис шарлардың арасын ауа ағыншасымен үрлесе не болады? Бақыланатын кұбылысты түсіндіріңдер.
  • Су сорғының жұмыс істеу принципі қандай?
  • Субүріккіштің (пульверизатор) жұмыс істеу принципі қандай?
  • Жеңіл қағаздан жасалған цилиндр көлбеу жазықтықтан сырғанағанда неліктен АВ парабола бойымен қозғалмай, көлбеу жазықтықтың АС табанына қарай ауытқиды?
  • Стакандағы суды айналдырғанда неге ортасы шұңқырайады?
  • Бомбылаушы ұшақ қанатындағы бомбалардан босаған кезде неге селк етеді?
  • Күшті жел тұрғанда, ол жер бетінен жеңіл нәрселерді (құрғақ жапырақ, қағаз және т. б.) көтеріп әкетеді. Неге?
  • Піскен және шикі жұмыртқаны қалай ажыратуға болады?

Слайдтар

15 минут

Тәжірибе жасау

1. Неліктен бумеранг лақтырған жерге қайтып оралады?

2. Жеңіл қағаз конусты көтеру

3. Желдеткіштің қапалақтарының айналу бағытын бақылау. Вертушка жасау.

сорғы, теннис добы, шыны воронка, қағаз конус, қағаз, қайшы, түйреуіш.

Сабақ соңы

3 минуты

Оқушылар «Жетістіктер баспалдағынан осы сабақтағы өз деңгейлеріне сай келетін баспалдақты анықтайды.

Үй тапсырмасы

  • 150-200 сөзден тұратын торнадо мәселесіне қатысты эссе жазу.

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз?

Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Осы кезеңде берілген таппсырманы өздігінен орындай алмай отырған оқушыларға көмек көрсету жоспарланады

Барлық оқушылар мұғалімді тыңдайды.

Оқушылардың көбі қойылған сұрақтарға жауап берңп, алған ақпараттарының кейбіреуіне талдау жасайды.

Кейбір оқушылар алынған ақпаратты толықтай талдай алады.

  • Физикалық диктантты мұғалімнің бағалауы
  • Тақырыпты түсінуге байланысты оқушының өзі өзіне баға беруі

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу