Импульс пен механикалық энергияның сақталу заңдары. Физика, 10 сынып, қосымша материал 1.
А деңгейі
- Жіпке ілінген шар тербеліп тұр. Траекторияның қандай нүктелерінде шардың импульсі нөлге тең болады?
- Егер мерген мылтықтың дүмін иығына тіреп ұстамаса, не болады?
http://old.orsis.com/about/news/88051/
- Спортшы биіктікке секірер алдында Жер бетінен серпіледі. Осындай өзара әрекеттесуден кейін Жердің қозғалысын неліктен сезбейміз?
http://www.world-sport.org/cycle/jump_high/education_drill/
- Балалардың резиналы шарын үрлеп, оның аузын байламастан жібере салды. Бақыланатын құбылысты түсіндіріңіз.
- Андерсеннің Түймеқыз ертегісінің кейіпкері қауға жапырағының үстінде өзен ағысымен жүзді. Осы кезде оның потенциалдық энергиясы қалай өзгереді?
http://rasskajem.ru/wp-content/uploads/2012/07/Dyuymovochka-05.jpg
- Батутта секірген кезде қандай энергияның түрленулері болады?
https://maygli-jump.ru/stati/batut-ili-begovaya-dorozhka-chto-luchshe/
В деңгейі
- Егер локомотив машинисті пойызды орнынан жұлқып қозғайтын болса, онда вагондар арасындағы шыңжыр үзіліп кетуі мүмкін. Бұл неліктен болатынын түсіндіріңіз.
http://www.kramola.info/vesti/novosti/lokomotiv-razvitiya-rossii-noveyshiy-otechestvennyy-poezd
- Метеорит Жер бетіне жетпей, атмосферада жанып кетеді. Осы кезде оның импульсі қайда кетеді?
http://xn----8sbiecm6bhdx8i.xn--p1ai/%D0%BC%D0%B5%D1%82%D0%B5%D0%BE%D1%80%D0%B8%D1%82%D1%8B.html
- Төмендегі қондырғылар жұмыс жасаған кезде энергияның қандай түрленулері болады?
http://www.vestiturkey.com/turci-razvivaet-rabotu-gidrolektrostanci-3811h.htm | https://ekaterinburg.vestum.ru/%D0%BA%D0%BE%D1%82%D1%82%D0%B5%D0%B4%D0%B6%D0%BD%D1%8B%D0%B5-%D0%BF%D0%BE%D1%81%D0%B5%D0%BB%D0%BA%D0%B8/%D0%BC%D0%B5%D0%BB%D1%8C%D0%BD%D0%B8%D1%86%D0%B0/ | https://riavrn.ru/news/v-voronezhe-mogut-nachat-izgotovlenie-vetroustanovok-vyrabatyvayushchikh-elektrichestvo/ |
- Аэростат жоғары қарай қандай энергия есебінен көтеріледі?
- Понтондардың көмегімен теңіз түбіне батып кеткен кемелерді шығарады. Осы көтеру жұмысы кезінде қандай энергияны пайдаланады?
С деңгейі
- Екі дене жүйесінің импульсі, осы денелердің бірінің импульсінен аз болуы мүмкін бе? Жауабыңызды түсіндіріңіз.
- Ұшқан оқ терезе шынысын сындырмайды, онда саңылау қалдырады. Неліктен?
https://zbroya.info/ru/blog/13453_bytovaia-pnevmatika-chto-opasnee-pm-ili-revolver/
- Неміс жазушысы Рудольф Эрих Распэ барон фон Мюнхгаузеннің өмірі жайлы, оның басынан өткен қызықты оқиғалар туралы жазды. «За волосы» әңгімесінде Мюнхгаузен мынандай эпизодты сипаттайды: «Мен өзімнің өрілген шашымды ұстап, оны жоғары қарай қатты тарттым. Соның нәтижесінде батпаққа батқан өзімді де, екі аяғыммен қатты қысып ұстап алған атымды да шығарып алдым. Егер оны оңай деп ойласаңыздар, өздеріңіз осылай жасап көріңіздер».
Өз шашымыздан тартып, батпақтан шығу мүмсін бе?
https://www.b17.ru/article/kak_baron_munhauzen_vitachil_sebia_iz/
- Қабырға және қол сағаттарының қандай бөлігі сағаттардың механиздері жұмыс жасау үшін қажетті механикалық энергияның қорын тудырады?
https://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%9C%D0%B5%D1%85%D0%B0%D0%BD%D0%B8%D1%87%D0%B5%D1%81%D0%BA%D0%B8%D0%B5_%D1%87%D0%B0%D1%81%D1%8B | https://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%9C%D0%B5%D1%85%D0%B0%D0%BD%D0%B8%D1%87%D0%B5%D1%81%D0%BA%D0%B8%D0%B5_%D1%87%D0%B0%D1%81%D1%8B |
- Пойыздарды тоқтату үшін қолданылатын тежегіштің жұмысы кезінде энергияның қандай түрленулері болады?
http://www.train-photo.ru/details.php?image_id=8379&sessionid=342819
- Бір-біріне қарама-қарсы ұшып келе жатқан массасы әртүрлі екі шардың кинетикалық энергиялары бірдей. Абсолютті серпімді соқтығысудан кейін олар қандай бағытта ұшады?
Қолданылған әдебиет: «Сборник задач по физике 9 класс» Генденштейн Л.Э., Кирик Л.А.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?