Дененің импульсі. Дененің импульсінің сақталу заңдары. Физика, 10 сынып, дидактикалық материал.
W Ұғымдарды енгізу:
Импульс (қозғалыс мөлшері) – дененің механикалық қозғалысының өлшемі болып табылатын векторлық физикалық шама.
Күш импульсі – күштің, осы күш әсер ету уақытына көбейтіндісіне тең, берілген уақыт аралығында күштің денеге әсер ету өлшемі болып саналатын векторлық физикалық шама.
Абсолют серпімсіз соққы – соққы нәтижесінде денелер бірігіп, одар әрі біртұтас дене ретінде қозғалатын екі дененің соқтығысуы. Механикалық энергияның бір бөлігі соқтығысатын денелердің ішкі энергиясына ауысады.
Абсолют серпімді соққы – соққыдан кейін әрбір дене жеке қозғала бастайды. Тұйық жүйенің импульсі мен кинетикалық энергиясы сақталады.
Егер екі денеге t уақыт аралығында бірдей күшпен әсерлесетін болса, онда импульстар модулі бойынша тең бағыты бойынша қарама-қарсы бағытталады:
мұндағы және –бастапқы уақыттағы импульстер,
және – әсерлесудің соңындағы импульстар: Осы қатынастан:
Есептер шығару
- Сіздің қолыңызда үрленген шар бар және оның ауызы байланбаған. Егер шариктің жібере салса не болады?
- Массалары 2 және 6 кг болатын екі серпімсіз дене бір-біріне қарама-қарсы бағытта әрбіреуі 2 м/с жылдамдықпен қозғалып келеді. Соқтығысудан кейін осы денелер қандай жылдамдықпен және қалай қарай қозғалады?
- Горизонталь жолмен 0.2 м/с жылдамдықпен қозғалып келе жатқан, массасы 50 кг вагонетканың үстінен 200 кг ұсақталған тас төкті. Осы кездегі вагонетканың жылдамдығы қандай және қаншаға кеміген?
- 0.3 м/с жылдамдықпен қозғалып келе жатқан, массасы 20 т вагон, екінші 0.2 м/с жылдамдықпен қозғалып келе жатқан массы 30 т вагонға жетіп алады. Егер соққыны серпімсіз деп есептесек, онда вагондардың жылдамдығы қандай болады?
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?