Дененің импульсі. Дененің импульсінің сақталу заңдары. Физика, 10 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 10ЖГБ

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Дененің импульсі. Дененің импульсінің сақталу заңдары.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

10.1.4.1 – сақталу заңдарын біледі

Сабақ мақсаттары

Дененің импульсі, күш имппульсі, тұйық жүйе, абсолют серпімді соққы, абсолют серпімсіз соққы, ұғымдарын қолданады; импульстің сақталу заңын біледі.

Бағалау критерийлері

  • Дене импульсының анықтамасын береді;
  • Дене импульсының формуласын біледі;
  • Абсолютті серпімді соқтығысу деп айтатынын біледі;
  • Абсолютті серпімсіз соқтығысу деп нені айтатынын біледі;
  • Импульстың сақталу заңын тұжырымдайды;

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар «Импульстің сақталу заңы» бойынша терминдерді қолдана алады

Пәнге тән лексика мен терминология:

Импульс, масса, жылдамдық, абсолют серпімді және серпімсіз соқтығысу, күш импульсі, импульстің сақталу заңы, импульс өзгерісі

Диалог пен жазу үшін қажет сөз тіркестер:

Дене импульсі ...

Импульстің сақталу заңының қолданылуы ...

Импульс (лат. іmpulsus – соққы, түрткі), физикада –

  • механикалық қозғалыстың өлшемі (қозғалыс мөлшері ұғыммен бірдей). Материяның барлық формаларының, оның ішінде электрмагниттік және гравитациялық өрістің де импульсті болады;
  • қандай да бір уақыт аралығындағы күш.

 Құндылықтарды дарыту

Сабақ бойында оқушыларда қалыптасады бір-бірін сыйлау, ұқыптылық, шыдамдылық, ашықтық және бірігіп жұмыс жасай алу.

 Пәнаралық байланыстар

Математика

 АКТ қолдану дағдылары

Сандық білім беру қорлары (ЦОР), презентация

Бастапқы білім

 

Физика 7 сынып, Өмірмен байланыс

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

1 – 2 мин

1 сабақ

1.Ұйымдастыру кезеңі

2 – 7 мин

7 – 20 мин

20-37 мин

37-40 мин

W Активити.

Видео 3.15 – 3.18 с

https://www.youtube.com/watch?v=8SYssvIPkg8

Тапсырма: бақылауларыңды жазып, талдау жасаңдар.

Қорытынды: күнделікті өмірде біз денелердің әсерлесуін жиі бақылаймыз және бұл жағдайларда әсерлесу өте аз уақытты құрайтындықтан, одан механикалық қозғалыстың сипаттамаларын, әсерлесу энергиясын анықтау мүмкін емес.

Жаңа ақпарат

W Ұғымдарды енгізу:

Импульс (қозғалыс мөлшері) – дененің механикалық қозғалысының өлшемі болып табылатын векторлық физикалық шама.

Күш импульсі – күштің, осы күш әсер ету уақытына көбейтіндісіне тең, берілген уақыт аралығында күштің денеге әсер ету өлшемі болып саналатын векторлық физикалық шама.

Абсолют серпімсіз соққы – соққы нәтижесінде денелер бірігіп, одар әрі біртұтас дене ретінде қозғалатын екі дененің соқтығысуы. Механикалық энергияның бір бөлігі соқтығысатын денелердің ішкі энергиясына ауысады.

Абсолют серпімді соққы – соққыдан кейін әрбір дене жеке қозғала бастайды. Тұйық жүйенің импульсі мен кинетикалық энергиясы сақталады.

Тұйықталған жүйедегі өзара әсерлесетін екі денені қарастырылады. Ньютонның үшінші заңы бойынша

Егер екі денеге t уақыт аралығында бірдей күшпен әсерлесетін болса, онда импульстар модулі бойынша тең бағыты бойынша қарама-қарсы бағытталады:

мұндағы  және  –бастапқы уақыттағы импульстер,

  және  – әсерлесудің соңындағы импульстар: Осы қатынастан:  

Есептер шығару

  • Сіздің қолыңызда үрленген шар бар және оның ауызы байланбаған. Егер шариктің жібере салса не болады?
  • Массалары 2 және 6 кг болатын екі серпімсіз дене бір-біріне қарама-қарсы бағытта әрбіреуі 2 м/с жылдамдықпен қозғалып келеді. Соқтығысудан кейін осы денелер қандай жылдамдықпен және қалай қарай қозғалады?
  • Горизонталь жолмен 0.2 м/с жылдамдықпен қозғалып келе жатқан, массасы 50 кг вагонетканың үстінен 200 кг ұсақталған тас төкті. Осы кездегі вагонетканың жылдамдығы қандай және қаншаға кеміген?
  • 0.3 м/с жылдамдықпен қозғалып келе жатқан, массасы 20 т вагон, екінші 0.2 м/с жылдамдықпен қозғалып келе жатқан массы 30 т вагонға жетіп алады. Егер соққыны серпімсіз деп есептесек, онда вагондардың жылдамдығы қандай болады?

37-40

Рефлексия

Молекулалар әлемінде импульстің сақталу заңы қалай орындалады?

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу