Қатынас ыдыстар. Паскаль заңының қолданылуы. Торричелли тәжірибесі. Атмосфералық қысым. Физика, 10 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Статика және гидростатика Күні: Сынып: 10 | Мектеп: ХББ НЗМ Атырау қаласы Мұғалімнің аты –жөні: Амирова Р.Т. Қатысқандар саны: 12 Қатыспағандар саны: | |||||||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Қатынас ыдыстар. Паскаль заңының қолданылуы. Торричелли тәжірибесі. Атмосфералық қысым | |||||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 10.1.3.2: Паскаль заңын сипаттау және оны қолдану 10.1.3.3: Гидростатикалық қысым терминін түсіну | |||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары | –тақырыпты талдауға, негізгі мәліметтерді ажыратып таңдап алуға, мазмұнын, маңызын түсініп математикалық негізін еске сақтау. –игерiлген бiлiмдi жаңа байланысқа кiргiзе отырып жалпылау, тереңдету. | |||||||||||||||||||||
Күтілетін нәтиже | -Паскаль заңы көмегімен сұйықтар мен газдардағы қысымның таралуын түсіндіреді -Гидростатикалық қысымның мысалдары арқылы сипаттай алады | |||||||||||||||||||||
Жетістік критерийлері |
| |||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар өздерінің түсініктерін көрсететін жаңа сөздерді пайдаланулары керек. Олар терминдерді түсіну және қолдану керек. Арнайы пәндік лексика мен терминология: Сөздік
| |||||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту |
| |||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Георграфия | |||||||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | тапсырмаларды АКТ көмегімен ұсыну | |||||||||||||||||||||
Бастапқы білім | Қысым күші | |||||||||||||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 5 мин 3 мин | Оқушылармен амандасу, түгендеу Ой қозғау: Оқушыларға бүгінгі сабаққа қатысы бар денені жасыру
Соңында дұрыс сурет толық ашылады. Жауабы: шай құманы(чайник) 3-топқа тапсырма: Суреттегі шай құманды физикалық тұрғыда сипаттау 1-топ: 2-топ: 3-топ: Сұрақтар: 1.Шай құмандарда қателік бар ма, болса қандай? (оқушылар шүмек пен қақпақ деңгейлеріне мән беріп жауап берулері қажет) 2.Сіз атаған шарттар не үшін орындалу керек? | Презентация http://istoriz.ru/chajnik-istoriya-izobreteniya.html Сурет қиындылары | ||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 20 мин | Мағынаны тану Байқағанымыздай қатынас ыдыстарға қандай деңгейде болмасын, қандай сұйық құйсақ та екі бөлігіндегі сұйық деңгейі бірдей болады. Оның себебі неден деп ойлайсыздар? Күтілетін жауап: оларға ауа тарапынан түсіп тұрған қысым бірдей Дәлелдеу: Паскаль шарына су құйып сұйықтың барлық саңылаудан жан-жаққа бірдей таралатынына көз жеткізу Қорытынды: Тепе-теңдік күйде жатқан сұйық не газға әсер етілген қысым сол сұйық не газдың кез келген нүктесіне барлық бағыттарға бірдей таралады – Паскаль заңы Ақпарат беру Атмосфералық қысым — атмосфераның жер бетіне және ондағы заттарға түсіретін қысымы. Ол барометрмен, яғни сынап бағанасының биіктігімен (мм сын. бағ.), СИ жүйесінде паскальмен (Па), ал метеорол. ғылымында гектопаскальмен (гПа) немесе миллибармен (мб) өлшенеді. Теңіз деңгейінде атмосфералық қысым орташа алғанда 1013,25 гПа-ға (760 мм сын. бағ.) тең. Жоғарылаған сайын ауа тығыздығы кеміп, атмосфералық қысым азаяды. Жер бетіндегі қысыммен салыстырғанда 5 км биіктікте атмосфералық қысым 2 есе, 10 км биіктікте 4 есе, 15 км биіктікте 8 есе кемиді. Астана қаласының атмосфералық қысымы Алматыға қарағанда жоғары.[1] Жер шарын коршап тұрған атмосфера өзінің салмақ күші арқылы жер бетіне қысым түсіреді, оны атмосфералық қысым деп атайды. Қазіргі кезде атмосфералық қысымды гектопаскальмен (гПа) көрсетеді. Қалыптағы атмосфералық қысым ретінде оның теңіз деңгейіндегі орташа көрсеткіші (1013 гПа) алынады. Қысымы бірдей нүктелерді қосатын сызықтарды изобаралар деп атайды. Атмосфералық қысымды металдан жасалған барометр — анероидпен өлшейді. Тарихи шолу: Бейнефильм – Атмосфералық қысымды өлшеу тарихы «Торричелли тәжіриесі» | Бірнеше қатынас ыдыстар түрлері мен су, сут, май Оқушылар хабарламасы Паскаль шары Оқушыларға ресурс таратылады https://www.youtube.com/watch?time_continue=55&v=oiS4DDC0rIY | ||||||||||||||||||||
Практикум 10 мин | https://learningapps.org/ - білім сайты көмегімен жүргізу Бағалау: тапсырманың 80%-ын (10балл/8балл) орындаған оқушы оқу мақсатына жетеді | Қалыптастырушы тапсырма | ||||||||||||||||||||
Рефлексия Үйге тапсырма 2 мин | Не білемін? Не білдім? Не білгім келеді? Тақырып бойынша қосымша толықтыру | Рефлексия бұрышы | ||||||||||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||||||||||||||
Барлық оқушылар: Қалыптастырушы бағалау орындайды Оқушылардың көпшілігі: Тақырыпты меңгереді Кейбір оқушылар: сұрақтар қояды | Тексеру парақтары Шапалақтау Бағалау парақтары Сабақ барысында қолдау, қолпаштау көрсету жетістік критерийлері арқылы | Кабинетті желдету Кабинетте приборлармен жұмыс жасау барысында қауіпсіздік ережесін сақтау (метрлікпен жұмыс кезінде қауіпсіздік техникасын сақтау) | ||||||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | ||||||||||||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?